2 ҰҢҒыманы газлифтілі әдіспен пайдалану


Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары



бет10/12
Дата28.04.2023
өлшемі451,08 Kb.
#88015
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2 ыманы газлифтілі діспен пайдалану (1)

2.2. Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
Еліміз нарық экономикасының орнауы әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру, сату және тұтыну процестерін реттейтін механизмдердің пайда болып, дамуына жағдай жасайды. Экономикалық іс-әрекеттің төлем қабілетті сұранысы мен талаптарына сай келетін, өндірістің оңтайлы инфрақұрылымын құру, ұлттық нарық пен өзгеріп отыратын нарық жағдайларына байланысты тауар өндіріп, қызмет атқаратын кәсіпорындар мен экономика секторларының жағдайлары нарықтың тұтыну құрылымына, оның бағытына, оны бағдарлау мүмкіншіліктеріне байланысты.
Қазіргі Қазақстан экономикасының бір қалыпсыз дамуы, өндіру, сату көлемдерінің ауытқуы, өндіріс қарқынының төмендеуі жағдайында, кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы мынадай тактикаларды кездестіруге болады:
Қорғаныс тактикасы – оперативтік қорғану шараларын жүргізуге бағытталған, негізгі нышаны - өндіріс пен сатуға, негізгі қорлар мен персонал ұстауға кеткен шығындарды азайту, сонымен бірге ішкі резервтерді анықтау, кадрлар ауыстыруды жүргізу, тәртіпті нығайту, кемшіліктерді жою және т.б. шаралар. Бұл тактика, бүкіл экономикалық жүйенің бір қалыпсыз даму жағдайында, көптеген кәсіпорындарға тән. Бірақ, сонымен бірге бұл тактика, өйткені қорғаныс тактикасын жаппай қолдану ұлттық экономиканы кризиске ұшыратуы мүмкін, себебі көп жағдайларда кризистік ситуациялардың себептері кәсіпорыннан тыс болады.
Ал басып алу тактикасы тиімдірек саналады. Мұнда стратегиялық шаралар жүргізіледі – маркетингтік зерттеулер, сатудың жаңа нарықтарын табу, жоғарырақ баға қою, модернизациялау арқылы өндірістің дамыту шығындарын көбейту, негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болып ғылыми-техникалық прогресссаналады. ҒТП-ның негізгі бағыттары:
- жаңа прогрессивті – мембрандық, плазмалық, лазерлік, жоғары қысымды технологияларды кеңінен игеру;
- өндірісті автоматтандыру – робот техникасын, роторлық, роторлы-конвейерлі линияларды, автоматтандырылған жүйелерді қолдану;

металл өнімдерінің, пластмассаның, металл ұнтақтарының, керамиканың және де басқа прогрессивті конструкциялық материалдардың жаңа түрлерін шығарып, қолдану.


Сонымен қатар, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын факторларға –
- өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;
- экономикалық құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;
- ұйымдық-экономикалық факторлар;
- басқару;
- өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;
- өнімнің сапасын арттыру және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет