Қоғамдағы этникалық топтар: әлеуметтанулық зерттеулер Тапсырмалар



Дата05.12.2023
өлшемі5,94 Kb.
#134604

Қоғамдағы этникалық топтар: әлеуметтанулық зерттеулер
Тапсырмалар
1. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндама жазу.
1. Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі. Әлеуметтік зерттеулер ҚПЗО зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда), жергілікті мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет болады.
Зерттеудің түрлері мен бағыттары:
Әлеуметтiк: қоғамдық пікірді, болжамдарды, сенiмдерді, нанымдарды, құндылықтар мен қоғамдық өмірдің түрлі сұрақтары бойынша бағдарларды зерттеу.
Тұрғындардың сапалы қызмет көрсетулерге, жағдайға, орын алып жатқан өзгерістер мен үрдістерге қанағаттану деңгейіне баға беру.
Тұрғындардың ұлттық жобаларды, бағдарламаларды, идеяларды бағалауы.
Экономикалық және демографиялық зерттеулер.
Тұрғындарды немесе тұрғындардың жеке топтарын мәдени зерттеу.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.


Ассамблея:мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ,
ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды. ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.
 Ассамблея қызметі келесі мақсаттарды шешуге бағытталған:
 Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасының дамуына өзек болатын мемлекеттік саясат жүргізу бойынша ұсыныстарды жасау;
Ұлттардың рухани-мәдени қалыптасуына және теңқұқылық принципін сақтау негізінде дамытуға атсалысу; 
Республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға атсалысу; 
Өркениетті және демократиялық номаларға иек артатын азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру;
Мемлекет өткізетін ұлттық саясаттағы түрлі сипаттағы ұлттық қызығушылықтардың есепке алынуын қамтамасыз ету; 
Қоғамда туындайтын әлеуметтік қайшылықтарды шешуге ымыра іздеу.Қазақстан халықтарын бір мемлекет құшағында тату – тәтті тұруғаүндеу;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет