2. Фразеологизмдерге тəн басты белгілер



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.03.2017
өлшемі377,77 Kb.
#8152
1   2   3

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1. К.Аханов. «Тіл білімінің негіздері». Алматы, 1993 ж. 

2. Ə.Хəсенов. «Тіл біліміне кіріспе» Алматы. 1990 ж. 

3. Б.Қалиев. «Тіл біліміне кіріспе». Алматы. 1997 ж. 

4. Е.Бердимуратов. А.Даулетов. Тил билимине кирисиў. Нөкис, 1988 ж. 

 

 



 

 

 

 

24



24

        Фразеологизм жəне мақал-мəтелдер 

Жоспары 

1. Фразеологизмдердің мақал-мəтелдерден  

     айырмашылығы 

2.Мақал  мəтелдердің құрамы 

3.  Қорытынды 

Тірек  сөздер:  фразеологизмдердің  мақал-мəтелдерден  айырмашылығы, 

мақал- мəтелдердің мағыналары  

Тілдегі  мақал-мəтелдерде  тұрақты  сөз  тіркесіне  жатады.  Бірақ,  барынша 

тар  ФЕ-лер  мен  мақал-мəтелдердің  арасында  үлкен  айырым  бар.  Мақал  мен 

мəтел  ФЕ-ден  өзінің  сөз  қолданыс,  мағыналық  жағынан  ерекшелініп  тұрады. 

Ішкі  мазмұны,  сыртқы  түрі  жағынан  яғни  өздерінің  семантикасы, 

грамматикалық    құрылысы  жағынан  мақал-мəтелдердің  ФЕ-ден  елеулі 

айырмашылығы бар. ФЕ-ге кейбір ұқсастықтары бола тұрса да, мақал-мəтел сөз 

саптаудың дербес түрі болып есептеледі. Демек, олардың өздеріне тəн лексика-

семантикалық,  грамматика-стильдік  ерекше  белгілері  бар.  Сол  ФЕ-лердің  бір 

саласы-  фразеологиялық  түйдекке  тəн  белгілерді    қысқаша  былай 

тұжырымдауға  болады:  ф.түйдек,  жоғарыда  айтқандай,  құрамындағы  

элементтері  іштей  кірігіп,  жеке  компоненттердің  семантикасына  тікелей 

қатысы жоқ, тұтасқан бір шоқ мағына береді; фразеологиялық түйдектің едеуір 

бөлегі,  көбіне,  екі-үш  элементтен  тұрады:  ф.  түйдек  акцентуация  жағынан 

біркелкі  келеді.  Бұл  топтағы  ФЕ-лердің  басым  көпшілігі,  əсіресе  екі 

компоненттісі, интонациялық бірлікті болады да бір-ақ екпінге бағынады. 

Белгілі бір фразеологизмнің (көбіне ф.тіркестің) мағынасы сыртқы тұлғаға 

мүлдем  қалыс  деуге  болмайды.  ФЕ  мен  мақал-мəтел  бір-бірінен  өздерінің 

мазмұны жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да сараланып тұрады. Мазмұны 

жағынан  мақал  мен  мəтел  атаулының  дені  игі  қасиеттерге  үндеу,  уағыз-өсиет 

сипатында  болатыны  мəлім.  Мақал-мəтел  нақылға,  жөн  сілтеуге  ойысса,  ФЕ-

лер  тек  атауыш-  бейнелеу  мəнде  келеді.  Осы  себепті  де,  мақал  мен  мəтел 


 

 

25



25

синтаксистік  жағынан    ФЕ-дерге  қарағанда  анағұрлым  күрделі.  Мақал-мəтел 

қаншалықты  ауыс  мағынада    қолданылғанмен,  құрамындағы  сөздер  өзінің 

негізгі  лексикалық  мағыналарына  айырылып  қалу  қасиеті  бөлек.  Осы 

ерекшеліктерге байланысты тіл процесінде ФЕ мен мақал-мəиел əртүрлі тəсілде 

қолданылады. Бірер элюстрация: « өте тез, шапшаңдықты» білдіретін қас пен 



көздің арасында деген ФЕ акцентуациясы жағынан екі ритмдік топқа бөлінеді: 

қас пен көздің/ арасында немесе қас пен / көздің арасында.  

Құрамындағы  жеке  бөлшектері  өзгеше  бір  лексика-грамматикалық 

параллелизм түрінде келген ФЕ-де осы қатарға қосылады.  Сүт пен еніп сүйекке 

сінген деген тіркесте мағына тұтастығын бұзбайтын жарыспалы екі топ бар: а) 



сүт  пен  еніп,  ə)  сүйекке  сіңіп.  Параллель  топтар  өз  ішінен  тағы  да  құрама 

элементтерге  бөлінген.  Солардың  жетекші  екі  топ  компоненттерінің 

грамматикалық  тұлғалары  біркелкі  келіп,  əрбір  параллель  топтың 

акцентуациялық-ритмикалық дербестігі сақталған.  

ФЕ құрамындағы сөздердің санына келетін болсақ, олардың бұл ретте тым 

шектеулі екенін (мақал-мəтелдермен салыстырғанда) ерекше атап өту қажет.  



Тонның  ішкі  бауындай  (ашына  жақын),  ауыз  жаласу  (ниеттес),  бос 

белбеу  (тоғышар  немесе  икемсіз  салақ),  ашық  ауыз  (аңғал,  аңқау),  ашық  қол 

(мырза,  жомарт),  жұлдызы  қарсы  (өш,  араз),  санын  соғып  қалу  немесе 

бармағын  тістеу  (өкіну),  салы  суға  кету  (еңсесі  түсу)  тəрізді  ФЕ  -лер  ең  көп 

айтылатын  типке  жатады.  Бұдан  біз  фразеологизмдер  екі  немесе  үш 

компоненттен құралатындығын көріп отырмыз. Ал мақал мен мəтелдердің бəрі 

бірдей  бұл  іспеттес  болып,  келе  бермейді.  Мəтел  өзінің  құрамы  жағынан 

мақалдан  көрі  ФЕ-ге  жуық  тұрады.  Мəтелдің  бұл  ерекшелігі  сірə  оның 

мағынасына  байланысты  болу  керек.  Едəуір  зерттеушілердің  пікірінше  мəтел 

белгілі  бір  ұғымды  меңзеп  атаса,  мақал  сол  ұғымның  өзін  тікелей  білдіреді. 

Орыс  халқы    «мəтел-гүл,  мақал-жеміс»  деп  тауып  айтқан.  Мақал-мəтелде 

ұғымнан гөрі кесек ой басым жатады. Сондықтан да бұлар сырт тұрғы жағынан 

сөйлем  түрінде  деген  консепцияны  қолдау  орынды.  Мақал-мəтелдің  ішінара 



 

 

26



26

ортақ,  айырым  қасиеттерін,  тұлға  мағыналық  классификациясын,  дыбыс 

үйлесімдерін оларда кездесетін  қасыбір сөздердің төркінін, өзге тілдер тілдер 

əсерімен  жасалғандығын,  əдеби  тіл  жүйесіндегі  орнын  тағы  басқа  үңіле 

зерттеуде басты міндеттердің бірі. ФЕ-лер мен мақал-мəтелдердің ар-қатынасы 

жайында  мыналарды  да  айтуға  болар  еді.  Фразеологизмдердің  басқа 

құбылыстарға, оқшау ерекшелігі бар екендігін ескеруіміз керек. Бірнеше сөздің 

тобы ФЕ болу үшін өзгеше бір тілдік ситуация қажет тəрізді. Бір тілден екінші 

тілге сөзбе-сөз аударып алынуға тиісті сөздерді еске алмағанда, ФЕ əсіресе ф. 

түйдек  мақал-мəтел  жұмбақ  сияқты    тезбе-тез  жасала  қоятын  құбылыс  емес. 

Өйткені  мəселен  одиомның  шеңберіне  енген  сөз  десемантизацияға  ұшырап, 

өзінің  тікелей  мағынасынан  айрылуы  үшін  белгілі  бір  мерзімдік  əртүрлі 

дəстүріне  əрі  тіл  дəстүріне  лайық  ерекше  шарт  керек  сияқты.  Əр  тілдің  өзіне 

тəн  ФЕ-лері  болу  үшін  бұдан  басқа  сол  тілге  ие  халықтың  салт-сана,  əдет-

ғұрып, тұрмыс-күйі, мəдени дəрежесі негізгі орын тебе алатындығы өзінен өзі 

белгілі  тілдің  қат-қабат  өзге  салаларына  ортақ  осы  факторлардың  сөйлеу 

процесінде əр қырынан аңғарылуы қызық мəселе.  

Кейбір  мақал-мəтелді  заманның  ағымына  өзгеріп  айту,  я  тыңнан  жаңа 

мақал шығару сөздердің идиом болуынан анағұрлым оңай. Заманның нақтылы 

бір  тілегіне  сай  шыққан  мақалдар  толып  жатыр.  Бұған  мысал  ретінде  қазақ 

əдебиетінің  Абайдың  т.б.  ой  иелеренің  мақал  болып  кеткен  нақыл  сөздерінен 

көптеп мысал келтіруге болады. Бұл əркімге де белгілі нəрсе. Тек мынаны атап 

кетейік: əдет əдет емес, жөн əдет деген мақал түркі тілдерінде араб жазуынан 

жаңа  латын  жазуына  көшерде    жиі  қолданыла  бастады.  Бұдан  басқа  ФЕ-лер 

заманнан  тыс  əлеуметтік  ортадан  тыс,  бейтарап  жасала  дегелі  отырғанымыз 

жоқ. Мақал тəрізді тізбектер- «кешегі» күннің жемісі, бұлар түгелімен бертінде 

шыққан  мұра  дегіміз  де  келіп  отырған  жоқ.  Қазақ  тілі  өз  алдына  дербес  тіл 

болғаннын  бері  қарай  келе  жатқан  мақал-мəтел  өте  көп.  Мақал-мəтелдер  сан 

жағынан да, сапасы жағынан, көркемдігі тапққырлығы жағынан да əркімге аян. 

Біздің  айтайық  дегеніміз  сөздер  беглілі  бір  лингвисткалық  дəстүргі  ие  болып, 



 

 

27



27

фразеологиялық дəрежеге жету үшін, ол сөздер сол белгілі фразеологизмге тəн 

қасиетке  ие  болу  керек.  Белгілі  топтағы  сөздер  басқа  тізбектерге  қарағанда 

басынан көп уақыт біраз дəуірді өткізіп барып қана, ФЕ дəрежесіне  келе алады. 

Мекен, мезгіл факторы көп құбылысқа ортақ екені рас. Сол ортақ қасиет тілдің 

ерек бір ішкі заңдарына ұласа барып ФЕ категориясы пайда болары хақ.  

ФЕ-нің  кей  типтері  үшін  сөздің  туынды  мағынасына  қолданылуы  ғана 

емес,  сөздің  «абстрактыланып»  десемантизация  ұшырауы  шарт.  Бірақ  ол 

формант  дəрежесінен,  əрине  алшақ  тұрады.  «Қас  пен  көздің  арасында  қайда 

кетіп қалды» дегендегі қас пен көздің арасында деген-фразеологизм деген. Ал 

«сен көзіңді ашып, жұмып тұрғанда жұрт барар жеріне жетіп қалды» дегендегі 

көзіңді ашып, жұмып тұрғанда дəл осы контексте фразеологизм бола алмайды. 

Немесе:  «Матайдың  сөзінен  басы  таудай  болса  да,  аяғы  сиыр 



құйымшақтанып келіп, қылдай болып кетті». Дегендегі сиыр құйымшықтанып 

деген  де-фразеологизм.  Түйе  үстінен  сирақ  үйтті,  түлен  түртіп  отыр,  қара 



қылды  қақ  жарып,  сыр  суы  сыр  сирағына,  төбеңнен  құй  қазып  отырғаным 

жоқ сияқты сөз дізбектері де ФЕ болып есептеледі.             

Бұл  фразеологизмдердің  қай-қайсысын  болса  да  ертеден  келе  жатқан, 

ғасырлар  бойы  осы  қалпында  ауызекі  тілде  айтылып,  бертін  келе  əдеби 

тілімізге  де  еніп,  ұрпақтан-ұрпаққа  көркем,  туынды  мағынада  қолданылатын 

айрықша  сөз  топтары  деп  түсінуіміз  керек.  Оларды  дəуір  дəуірге  бөліп 

топтастыру  қандай  қыйын  болса,  қолма-қол  ФЕ  жасай  салу,  тыңнан  мұндай 

жаңа  сөз  дізбектерін  туғызу  да  сонда  қиын.  Сондықтан  «Мына  фразеологизм 

ХV  не ХIХ ғасырда шыққан, пəлен идиомдарды ана жазушы шығарған, мына 

біреулері-осы заманның жемісі» деп айтуға  тіпті де болмайды.  

Қорыта  келгенде,  мақал-мəтелдің  өздеріне  тəн  айырым  белгілері  болады, 

сондықтан жа олар тіл жүйесінен өзіне сай орын тебеді.  

Мақал-мəтел  мен  ФЕ-лерді  сырттай  жақындастыратын  белгілер  де  бар 

дедік.  Мақал-мəтелдің  ФЕ-ге  ұқсастығы  ең  алдымен  компоненттер 

тұрақтығынан көрінеді: Мақал-мəтел компоненттерінің де орын ауыстыруға да 



 

 

28



28

əсте  болмайды.  Едəуір  зерттеушілер  осы  жағдайды  еске  ала  отыорып,  мақал-

мəтелді  тіпті  фразеология  аясына  енгізуді  мақұл  көрді.  Бұл  концепцияны 

қостауға болмайды. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Фразеологизмдердің мақал-  мəтелдерден қандай айырмашылығы бар? 

w.

  Мақал-мəтелдердің құрамы қандай? 



3.Мақал-мəтелдер  мен  фразеологизмдерді  сырттай  жақындастыратын 

ортақ белгілерді атап көрсетің. 

4. Фразеолгизмдер құрамы жағынан мақал мен мəтелдің қайсысына жақын 

келеді


5. Мақал мен мəтелдің мағыналық қандай айырмашылықтары бар



 

            Əдебиеттер  

1. С.Кеңесбаев. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі». Алматы, 1977 

2. Ə.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы». Алматы, 1997 ж. 

3. Ж.Ешбаев. «Қарақалпақ тілінің фразеологиялық  сөздігі».  

4. Е.Бердимуратов. «Əдеби тілдің функционалдың стилдерінің дамуы».    

Нөкіс.  


5. Р.Сəрсенбаев «Қазақ тілінің фразеологиясы». Алматы, 1978-жыл. 

6. Ш.Рахметуллаев. «Узбек тилиниң изохли фразеологик  луғоти».     

Ташкент, 1978. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

29



29

      Фразеологизмдердің  сөз табына қатысы. 

                Ж О С П А Р Ы : 

1. Етістік мағыналы фразеологизмдер. 

2. Сындық мағыналы фразеологизмдер. 

3. Заттық мағыналы фразеологизмдер 

4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер. 

 

Тірек сөздер: Тұрақты тіркестердің белгілі сөз табына қатыстылығы, қазақ 

тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт 

топқа  бөлінуі,  етістік,  сын  есім,  зат  есім,  үстеу  сөз  таптарына  қатысты 

фразеологизмдерге талдау жасау. 

 

 Белгілі  бір  ұғымды  бір  сөзбен  де,  екі  немесе  одан  көп  сөздермен 

жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Орыс 

тіліндегі  фразеологизмдерді  зерттеуші  Н.М.Шанский  фразеологиялық  оралым 

тілде  жеке  сөздің  қызметін  атқарады  дейді.  Тұрақты  тіркестерге  тəн  ортақ 

қасиет  бұлардың  құрамындағы  сөздер  дараланбай,  мағынаның  тұтастығы  мен 

бірлігіне бағынышты, əрі тəуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді. Мəселен 

араға  от  жақты  деген  идиомның    мағынасы  араздастыру,  жауластыру  деген 

ұғымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы 

үш сөздің  жалпы жиынтығынан шығып тұр. Фразеологизмдер мағына жағынан 

бір  ұғымды  білдіріп,  бір  сөздің  орнына  жүретіндіктен,  сөйлем  ішінде  бір  ғана 

сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Олай болса, əрбір тұрақты тіркес 

белгілі  бір  сөз  табына  бағынышты,  телінді  болады  деген  сөз.  Мəселен  күлі 

көкке  ұшты  деген  күйреді  деген  сөздің  орнына  жүреді.  Бұл  идиом  лексика-

грамматикалық мағынасы жағынан етістікке ұқсайды. Сол себептен бұл сөйлем 

ішінде  баяндауыштың  қызметін  атқарады.  Тайға  таңба  басқандай  деген 

фразаның  мағынасы  айқын,  анық  деген  сындық  ұғымды  білдіреді.  Сондықтан 

бұл  сөйлемде  анықтауыштың  қызметін  атқарады.  Көзді  ашып  жұмғанша 


 

 

30



30

дегеннен тез, жылдам деген  мағынаны түсінеміз. Бұл мағына үстеуге қатысты 

болғандықтан,  сөйлемде  пысықтауыштың    қызметін  атқарады.  Сол  сияқты 

дүниенің  төрт  бұрышы  деген  бүкіл  əлем,  жер  шары  дегенді  білдіреді. 

Мағынасы  жағынан  зат  есімге  жатады.  Сөйлем  ішінде,  сөз  жоқ,  бастауыштың 

қызметінде жұмсалады. Тұрақты тіркестердің белгілі сөз табына қатыстылығын 

əрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. 

Алайда,  тіркестегі  негізгі  сөздердің  лексика-грамматикалық  мағынасы  мен 

фразеологизмдердің  тудыратын  мағыналары  үнемі  сəйкес  келе  бермейді. 

Мəселен,  арасынан  қыл  өтпейді  деген  идиомның  сыртқы  грамматикалық 

сипатына  қарасақ,  етістікке  жататын  сияқты.  Ал,  мұның  беретін  ұғымы  тату-

тəтті, дос деген сын есімге қатысты болып тұр. Сол сияқты жердің түбі дегенді 

грамматикалық  сипаты  жағынан  зат  есім  деуге  болады.  Ал  мағынасы  қашық, 

алыс дегенді білдіріп, үстеулік қызметте жұмсалады. Сондай-ақ су аяғы құрдым 

деген  де  зат  есімге  жақын  келгенімен,  мағынасы  аяқсыз  қалу,  құру  дегенді 

білдіріп, етістікке қатысты болып тұр. Олай болса, фразеологизмдердің қай сөз 

табына  қатыстылығын  анықтау  үшін,  негізгі  сөз  бен  жалпы  тіркестен  туатын 

фразеологиялық мағынаны салыстырып отыру қажет. Мəселеге бір жақты емес, 

жан-жақты қарау керек. 

Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдерді  сөз  табына  қатыстылығы  жағынан 

негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады: 

1. Етістік мағыналы фразеологизмдер. 

2. Сындық мағыналы фразеологизмдер. 

3. Заттық мағыналы фразеологизмдер. 

4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер. 

Етістік  мағыналы  фразеолгизмдер:  көзінің  еті  өсті-көкірек  керді, 

менменсіді; қолды болды- ұрланды, жоғалды; басын іс түсті-істі  

болды,  шатылды;  екі  аяғын    бір  етікке  тықты-  тықсырды,  қуырды;  көз 

жаздырды-  адастырды,  айрылып  қалды;  пысқырып  та  қарамады-  менсінбеді, 

көзіне ілмеді; опық жеді- өкінді, санын соқты; аяғынан тік тұрғызды-түгелдей 



 

 

31



31

дүрліктірді,  əбігер  етті;  қолды-аяққа  тұрмады-  сабырсызданды,  шыдам  кетті; 

көз  байланды-  қас  қарайды,  кешкірді;  шыр  қаламы  ұшталды-  жазуға 

қалыптасты, төселді; шаң берді-бой көрсетті, көрінді;  насырға шапты-асқынды, 

қырсықты;  монтаң  қақты-телмең  қақты,  жаутаңдады;  жік-жаппар  болды-

жалынды,  жалбарынды,  өтініп  сұранды;  оқпаны  толмады-  азырқанды,  місе 

тұтпады;  аузының  суы  құрыды-таңданды,  таңырқады;  екі  көзі  төрт  болды-

зарықты,  сарыла  күтті;  ат  құйрығын  кесті - араздасты,  қастасты;  ат  ізін 

салмады- қатыспады, көріспеді;  көзін жоғалтты- құртты, жойды;  қолқа салды-

сұрады, қалады; жіпке тізді- есепке алды, жинады т.б. 

Сындық  мағыналы  фразеологизмдер:  аспанмен  тілдескен-биік,  ұзын,  қара 

қылды қақ жарған-əділ, турашыл; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ-мəре-сəре, мəз-

мейрам;  қаламы  жүйрік-жазғыш,  қаламы  төселген;  ит  тұмсығы  өтпейтін- 

қалың,  бітік,  ну;  үріп  ауызға  салғандай-  сүйкімді,  əдемі;  қой  аузынан  шөп 

алмас-  момын,  жуас,  тонның  ішкі  бауындай-  ең  жақын,  əкей-үкей;  он 

саусағынан өнер тамған-шебер, ісмер;  тілінен бал тамған-шешен, тілмар,  көзі 

қырағы- көреген, жіті; көзден бір-бір ұшады- зəру, қат; қара бет- арсыз, бетсіз; 

екі жүзді-опасыз, тұрақсыз; жүрек жұтқан- батыл, өжет, ер; аяқ алып жүргісіз-

көп. қалың; аты шулы-атақты, əйгілі; аузын буған өгіздей- үндемейтін, мылқау; 

қолы  ашық-мырза;  жомарт;  еті  тірі-  пысық,  ширақ;  іске  татыр-  жарамды,  іліп 

алар; кеспеге қарасы жоқ-семіз, майлы; тас бауыр-мейірімсіз т.б. 

Заттық мағыналы фразеологизмдер: кіндік кесіп, кір жуған жер-туған ел, отан;  

бір ауыздылық-ынтымақ, бірлік; аяқ алысы- бет алысы, бағыты; суық қол-ұры-

қара, жау-жала; бас араздық-өшпенділік, қастық; ауыз бастырық-пара, ақы; бой 

күйездік-жалқаулық,  енжарлық,  ел  ағасы-басшы,  басқарушы;  ұзын  етеу-əйел, 

қатын;  қан  ішер-бас  кесер,  жендет;  қара  көлеңке-  апақ-сапақ,  бейуақыт,  қара 

халық-  бұқара,  көпшілік;  қара  мал-сиыр,  ірі  қара;  құлақ  естімес,  көз  көрмес- 

алыс  жер,  қиыр  шет;  қара  шаңырақ-үлкен  үй,  шыққан  ұя,  қара  орман-жиған-

терген,  дүние-мүлік,  бар  дəулет;  о  дүние-  ақырет,  махшар;  от  басы-  үй  іші, 


 

 

32



32

ошақ басы;  ұзын құлақ- өсек, сыбыс; шикі өкпе- перзент, бала; шынжыр балақ, 

шұбар төс-бай, манап, шонжар т.б. 

 үстеу мағыналы фразеологизмдер: сақадай сай- дайын, əзір; атқан оқтай- түп-

түзу, тура; салған жерден- бірден, ə дегеннен  ат үсті- үстіртін, жеңіл-желпі; шу 

дегеннен-  о  баста,  əуелде;  ит  өлген  жер-  алыс,  қашық;  жұлып  алғанша-тез, 

жылдам; ақ қар, көк мұзда- қыс ішінде, қыстыгүні; демнің арасында- айтқанша, 

лезде; көз ұшында- алыста, қашықта;  құлқын сəріде- ертемен, азанда; о баста- 

басында , алғашқыда;  айдың  күні  аманында-  тыныштықта,  жайшылықта; 

қараптан-қарап  жүріп-бостан-босқа,  тектен-текке;  аттың  жалы,  түйенің 

қомында;  асығыста,  қарбаласта;  табан  ауызнда-жалма-жан,  қапелімде;  тиіп 

қашты-үстіртін,  соқпа-соқпада;  бір  төбе-ерекше,  айрықша;  қаннен  қаперсіз-

жайбарақат, бейқам; көз алдында- бетпе-бет, жүзбе-жүз; аяқ астынан-кенеттен; 

жоқ жерде т.б. 

 Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең көбі-

етістік  фразеологизмдер.  Онан  кейінгілері  –сындық  жəне  заттық  мағынадағы 

фразеологизмдер. 

Бұл 


үшеуінен 

азырағы 


үстеу 

мағынасындағы 

фразеологизмдер.  Жеке  сөз  бен  тұрақты  тіркес  мағына  жағынан  бір  ұғымды 

білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мəн-мағыналары 

бірдей,  тепе-тең  емес.  Тұрақты  тіркестен  туатын  ұғым  жеке  сөзбен 

салыстырғанда  анағұрлым  күшті,  əсіре  мағынада  айтылады.  Сонымен  қатар 

жағымды-жағымсыз экспрессивтік мəні болады. Жеке сөз нақтылы, дəл ұғымды 

көрсетсе,  фразеологизмдер  дара  ұғымды  күрделендіріп,  оның  үстіне  бейнелеп 

суреттеп, көз алдына келтіреді. Мəселен, жарыстан озып келген атты жүйрік ат 

десек, бұл сөздер нақтылы шын нəрсені сол қалпында дəл білідіріп тұрады. Ал 

сол  жүйрік  атты  асырып  мақтағымыз  келсе,  бəйге,  жүйрік  деген  сөздер  мүлде 

жетімсіз болады да, оның орнынан аузымен құс тістеген, алдына қара салмайды 

деген  фразеологизмдерді  қолданамыз.  Бұлар  жүйріктің  жүйрігі,  асқан  деген 

өсіңкі  ұғымды  білдіреді.  Олай  болса,  фразеологизмдер  жеке  сөздің  орнына 



 

 

33



33

жұмсалса, оны дəл баламалық демей,  жанамалық  түрдегі қолданыс деп қарау 

керек. 

         

       Сұрақтар мен тапсырмалар: 

 

1.Тұрақты тіркестердің белгілі сөз табына қатыстылығын  қалай ажыратамыз



2.Қазақ тіліндегі  фразеологизмдер негізінен қайсы сөз таптарынан жасалады

3.  Көзінің  еті  өсті,  өкпесі  өшті  деген  тұрақты  тіркестер  қайсы  сөз  табына 



қатысты

4.Аты шулы, жүрек жұтқан деген фразеологизмдер қай сөз табына  жатады



5.Заттық мағыналы фразеологизмдерге мысалдар келтірің. 

6. Атқан оқтай, ит өлген жер деген фразеологизмдерінің мағынасы қандай, қай 

сөз табына қатысты

7.  Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің  сөз  табына  қатыстылығы  жағынан  ең 



көбі қайсы

?   


 

 

                      Фразеологизмдердің құрылымы 



Жоспары                                       

 1. Фразеологизмдердің грамматикалық     ерекшеліктері. 

2. Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай      классификациялау 

3. Параллельді фразеологизмдер, 

4. Фразеологизмдердің құрам сипаты 

 

Тірек сөздер: Фразеологизмдердің синтетикалық тəсіл арқылы     жасалуы,  

Фразеологизмдердің  аналитикалық  тəсіл  арқылы  жасалуы  т.б.  параллельді 

фразеологизмдер, компоненттерінің байланысу түрлері т.б.  



 

 

34



34

Грамматика тұрғысынан қарағанда, жалпы фразеологизмдер  синтаксистік 

(кей    жағдайда  морфологиялық)  тұтастығын  сақтап,  басқа  еркін  тіркестер 

тобынан  да,  қалыпты  сөйлем  түрлерінен  де  бөлектеніп  тұрады.  Қазақ  тілі 

фразеологизм  жүйесі  де  бұл  ереженің  дұрыстығын  ешбір  дау  тудырмастай 

дəлелдейді.  

Фразеологизмнің  грамматикалық  ерекшеліктері  қазақ  тілінің  жалғамалы 

сипатымен астасып жатыр. Яғни грамматикалық өзгерістер фразеологизмдердің 

синтетикалық    тəсілмен  де,  аналитикалық  тəсілмен  де  жасалуынан  келіп 

шығады.  Мұның  өзі  есім+есім,  есім+етістік  тізбектердің  қай-қайсысына  да 

ортақ норма. 

Фразеологизмдер контекстің əуеніне қарай өзгеру я өзгермеуі жағынан екі 

топқа  бөлінеді:  бір  алуан  фразеологизмдер  контектің  аясында  ешқандай 

өзгеріске  ұшырамай,  өзінің  дербес  формасын  сақтап  отырса,  бірқатар 

фразеологизмдер  форма  жағынан  өзгеріп,  қосымша,  сүйемел  сөз  тіркестіру 

арқылы барып қолданылады. Айталық, қолы ашық, ерні салпы, қол созым, жеті 

түнде  т.б.  тізбектер  барлық  контекст  аясында    дəл  сы  қалпында  келеді  де 

отырады. Ал, ала аяқ қу деген сөз қолданысты  ала  аяғы: ала аяқтың өзі, ала 



аяқ  қуы  деп  те  айтуға  болады.  Немесе  əкесін  танытты,  жанын  көзіне 

көрсетті деген тізбектің соңғы компонентін əкесін танытайын, жанын көзіне 

көрсетейін\\  əкесін  танытшы,  жанын  көзіне  көрсетші  түрінде  де  өзгертіп 

қолдана береміз. 

ФЕ-лерді  сырт  сиқына  қарап,  яғни  белгілі  бір  қосымшаларды  бойына 

дарыту  қалпына  қарап,  синтаксистік  қызметі  мен  фразеологизмнің 

мағынасынан  бойды  аулақ  сала  талдасақ,  формаль  тұрғыдан  еркін  тіркесте 

болатын  барлық  белгілерді    табуға  болады.  Олай  болған  күнде  де  форма  мен 

мазмұнды  жорта  алшақ  қараған  болар  едік,  ішінара  оларды    бірлікте  қарамай, 

бөліп  тастау  жолына,  жасанды  тəсілге  сүйенген  болар  едік.  Шолудың  бас 

шенінде  атрибутив  немесе    адьектив,  адвербиал  т.б.  түрде  келген  ФЕ-лер 

қысқаша  сөз  етілген.  Бұл  сипатты  тіркестердің  басым  көпшілігі  лексикалық 



 

 

35



35

мағынасы  жағынан  еркін  тіркес  табиғатына  жуық  келеді:  екі-үш  компонентті 

тіркестің  бірі қалайда негізгі мағынасын сақтап отырады. Осы айтылғандарды  

арқа  сүйер  критерий  етіп,  фразеологизмдерді    синтаксистік  қатынасына  қарай 

топтарға бөлуге болар еді: 

а)  бастауыш  пен  баяндауышқа  бөлінетін «cипатты»  фразеологимздер: 

үрейі  ұшты,  жаны  ашыды,  күні  туды  т.б.  Мұндай  ФЕ-лердің  бірінші  сыңары 

үнемі тəуелдіктің III жағында тұрады да, етістік сыңары ашық райда келеді. Ал 

морфологиялық жағынан бұлар зат есім+етістік тіркес: 

ə)  анықтауыш  пен  анықталғыш  мүшеге  бөлінетін «cипатты» 

фразеологизмдер: еңкейген шал, еңбектенген бала: сұқ көз, ақ жүрек т.б. 

б)  пысықтауыш  пен  пысықталғыш  мүшеге  бөлінетін «cипатты» 

фразеологизмдер:  күле қарады, күле кіріп,  күңірене шықты т.б. 

в)  тура  жəне  жанама  толықтауыш  пен  толықталатын  (не  баяндауыш)  

«cипатты»  фразеологизмдер:  апшысын  қуырды,  сазайын  тартты;  намысқа 

шапты, сабасына түсті т.б

Сырт  тұрпатына  қарап,  соңғы  тіркес  екі  мүшелі  деп  айтуға  болмайды. 

Олай болатын себебі- бұлар идиомды тіркес. 

Əрине, ФЕ-лер осы түрде екі компонентті немесе екі «мүшелі» ғана болып 

келмейді,  күрделі,  яғни  тұтас  сөйлем  болып  та  келе  береді.  Мысалы:  аспан 

айналып  жерге  түседі  деген  тізбек  эллипсистік  тəсілде    қолданудың  жəне 

етістіктің ашық райда тұруының нəтижесінде  өз алдына дербес сөйлем болып 

тұр.  Егер  аспан  айналған  немесе  аспан  айналып  жерге  түскен  ыстық  деп 

қолдансақ, аспан айналған немесе аспан айналып жерге түскен десек, ФЕ-нің  

бұл  компоненті  ыстық  деген  сөздің    анықтауышы  болып  кетеді.  Аузым  пісті 



(пісіп отыр) дейтін тізбек те - өз алдына бір сөйлем. Ал осы тіркес: аузым пісіп

одан  ештеңе  сұрамай  қойдым  деген  мөйлем  ішінде  келгенде,  құрмалас 

сөйлемнің  бір жай сөйлемі  емес, пысықтауыш  мүшенің қызметін атқарып тұр. 



Аузы  піскен  адам  деген  ФЕ-нің  ішінде    бұл  тіркес    анықтауыш  орнында  тұр. 

Асығы  алшысынан  түсіп  отыр:  аузы  тұшып  қалды:  бетінен  оты  шықты 

 

 

36



36

немесе  мағынасы  осыған  жақын  беттің    арын  белбеуге    түйді:  беттің  суын 

бес  төкті:  көз  жетпеді  деген  сияқты    көптеген  тіркестер  де  осы  сипатта 

өзгеріске түсе береді.  

Фразеологизмдерді  сөз  таптарына  қарай  классификациялауда  ең  негізгі 

мəселелердің  бірі.  Бір  ескертетін  жай:  бұл  тізбектердің  ішінде  мызғымастай 

болып,  қалыптасқан  сөз  таптары  бар  деп,  үзілді-кесілді  тұжырым  жасауға 

болмайды.  Сөз  таптары  жайлы  мектеп  грамматикаларында  айтылатын 

қағидаларды  фразеологизмдерге  қалай  болса  солай  қолдана  берудің  жөні  жоқ. 

Олар  зат  есім,  етістік,  үстеу  т.б.  сөз  таптарымен  тең  мағыналы  емес,  себебі 

фразеологизмдердің  тұлғасы  мен  семантикасы  жеке  сөз  табына  бара-бар 

келмейді. Белгілі бір сөз табының қызметіне жуықтайтын ғана фразеологизмдер 

бар, ал ф.түйдек (идиом) болса, ол белгілі бір сөз табының қызметінен мүлдем 

алшақ  жатады.  Бұған  мынадай  мысал  келтіруге  болады.  Зат  есімге 

жуықтайтындары:  көк  өрім,  бау  кеспе,  безбүйрек  кескекті  аю:  етістікке 

жуықтайтыны    аузын  ұстап  қалды,  ала  жіп  аттамады,  ала  көз  болды,  арқа 



сүйеді,  той  берді,  аузымен  орақ  орды,  бармағын  тістеді;  үстеуге 

жуықтайтындары; көзге шыққан сүйелдей, қас пен көздің арасында;  сын есімге 

жуықтайтындары:  бармағынан  бал  тамған,  екеуінің  жұлдызы  ыстық,  ит 

жанды  (соңғы  тіркес,  көбінесе,  əзіл-оспақ  түрінде  «төзімді»  дегеннің  орнына 

айтылады т.б.)  

Грамматика тұрғысынан қарағанда, жалпы фразеологизмдер  синтаксистік 

(кей    жағдайда  морфологиялық)  тұтастығын  сақтап,  басқа  еркін  тіркестер 

тобынан  да,  қалыпты  сөйлем  түрлерінен  де  бөлектеніп  тұрады.  Қазақ  тілі 

фразеологизм  жүйесі  де  бұл  ереженің  дұрыстығын  ешбір  дау  тудырмастай 

дəлелдейді.  

Фразеологизмнің  грамматикалық  ерекшеліктері  қазақ  тілінің  жалғамалы 

сипатымен астасып жатыр. Яғни грамматикалық өзгерістер фразеологизмдердің 

синтетикалық    тəсілмен  де,  аналитикалық  тəсілмен  де  жасалуынан  келіп 



 

 

37



37

шығады.  Мұның  өзі  есім+есім,  есім+етістік  тізбектердің  қай-қайсысына  да 

ортақ норма. 

Фразеологизмдер контекстің əуеніне қарай өзгеру я өзгермеуі жағынан екі 

топқа  бөлінеді:  бір  алуан  фразеологизмдер  контекстің  аясында  ешқандай 

өзгеріске  ұшырамай,  өзінің  дербес  формасын  сақтап  отырса,  бірқатар 

фразеологизмдер  форма  жағынан  өзгеріп,  қосымша,  сүйемел  сөз  тіркестіру 

арқылы барып қолданылады. Айталық, қолы ашық, ерні салпы, қол созым, жеті 

түнде  т.б.  тізбектер  барлық  контекст  аясында    дəл  сы  қалпында  келеді  де 

отырады. Ал, ала аяқ қу деген сөз қолданысты  ала  аяғы: ала аяқтың өзі, ала 



аяқ  қуы  деп  те  айтуға  болады.  Немесе  əкесін  танытты,  жанын  көзіне 

көрсетті деген тізбектің соңғы компонентін əкесін танытайын, жанын көзіне 

көрсетейін\\  əкесін  танытшы,  жанын  көзіне  көрсетші  түрінде  де  өзгертіп 

қолдана береміз. 

ФЕ-лерді  сырт  сиқына  қарап,  яғни  белгілі  бір  қосымшаларды  бойына 

дарыту  қалпына  қарап,  синтаксистік  қызметі  мен  фразеологизмнің 

мағынасынан  бойды  аулақ  сала  талдасақ,  формаль  тұрғыдан  еркін  тіркесте 

болатын  барлық  белгілерді    табуға  болады.  Олай  болған  күнде  де  форма  мен 

мазмұнды  жорта  алшақ  қараған  болар  едік,  ішінара  оларды    бірлікте  қарамай, 

бөліп  тастау  жолына,  жасанды  тəсілге  сүйенген  болар  едік.  Шолудың  бас 

шенінде  атрибутив  немесе    адьектив,  адвербиал  т.б.  түрде  келген  ФЕ-лер 

қысқаша  сөз  етілген.  Бұл  сипатты  тіркестердің  басым  көпшілігі  лексикалық 

мағынасы  жағынан  еркін  тіркес  табиғатына  жуық  келеді:  екі-үш  компонентті 

тіркестің  бірі қалайда негізгі мағынасын сақтап отырады. Осы айтылғандарды  

арқа  сүйер  критерий  етіп,  фразеологизмдерді    синтаксистік  қатынасына  қарай 

топтарға бөлуге болар еді: 

а)  бастауыш  пен  баяндауышқа  бөлінетін «cипатты»  фразеологимздер: 

үрейі  ұшты,  жаны  ашыды,  күні  туды  т.б.  Мұндай  ФЕ-лердің  бірінші  сыңары 

үнемі тəуелдіктің III жағында тұрады да, етістік сыңары ашық райда келеді. Ал 

морфологиялық жағынан бұлар зат есім+етістік тіркес: 



 

 

38



38

ə)  анықтауыш  пен  анықталғыш  мүшеге  бөлінетін «cипатты» 

фразеологизмдер: еңкейген шал, еңбектенген бала: сұқ көз, ақ жүрек т.б. 

б)  пысықтауыш  пен  пысықталғыш  мүшеге  бөлінетін «cипатты» 

фразеологизмдер:  күле қарады, күле кіріп,  күңірене шықты т.б. 

в)  тура  жəне  жанама  толықтауыш  пен  толықталатын  (не  баяндауыш)  

«cипатты»  фразеологизмдер:  апшысын  қуырды,  сазайын  тартты;  намысқа 

шапты, сабасына түсті т.б

Сырт  тұрпатына  қарап,  соңғы  тіркес  екі  мүшелі  деп  айтуға  болмайды. 

Олай болатын себебі- бұлар идиомды тіркес. 

Əрине, ФЕ-лер осы түрде екі компонентті немесе екі «мүшелі» ғана болып 

келмейді,  күрделі,  яғни  тұтас  сөйлем  болып  та  келе  береді.  Мысалы:  аспан 

айналып  жерге  түседі  деген  тізбек  эллипсистік  тəсілде    қолданудың  жəне 

етістіктің ашық райда тұруының нəтижесінде  өз алдына дербес сөйлем болып 

тұр.  Егер  аспан  айналған  немесе  аспан  айналып  жерге  түскен  ыстық  деп 

қолдансақ, аспан айналған немесе аспан айналып жерге түскен десек, ФЕ-нің  

бұл  компоненті  ыстық  деген  сөздің    анықтауышы  болып  кетеді.  Аузым  пісті 



(пісіп отыр) дейтін тізбек те - өз алдына бір сөйлем. Ал осы тіркес: аузым пісіп

одан  ештеңе  сұрамай  қойдым  деген  мөйлем  ішінде  келгенде,  құрмалас 

сөйлемнің  бір жай сөйлемі  емес, пысықтауыш  мүшенің қызметін атқарып тұр. 



Аузы  піскен  адам  деген  ФЕ-нің  ішінде    бұл  тіркес    анықтауыш  орнында  тұр. 

Асығы  алшысынан  түсіп  отыр:  аузы  тұшып  қалды:  бетінен  оты  шықты 

немесе  мағынасы  осыған  жақын  беттің    арын  белбеуге    түйді:  беттің  суын 

бес  төкті:  көз  жетпеді  деген  сияқты    көптеген  тіркестер  де  осы  сипатта 

өзгеріске түсе береді.  

Фразеологизмдерді  сөз  таптарына  қарай  классификациялауда  ең  негізгі 

мəселелердің  бірі.  Бір  ескертетін  жай:  бұл  тізбектердің  ішінде  мызғымастай 

болып,  қалыптасқан  сөз  таптары  бар  деп,  үзілді-кесілді  тұжырым  жасауға 

болмайды.  Сөз  таптары  жайлы  мектеп  грамматикаларында  айтылатын 

қағидаларды  фразеологизмдерге  қалай  болса  солай  қолдана  берудің  жөні  жоқ. 


 

 

39



39

Олар  зат  есім,  етістік,  үстеу  т.б.  сөз  таптарымен  тең  мағыналы  емес,  себебі 

фразеологизмдердің  тұлғасы  мен  семантикасы  жеке  сөз  табына  бара-бар 

келмейді. Белгілі бір сөз табының қызметіне жуықтайтын ғана фразеологизмдер 

бар, ал ф.түйдек (идиом) болса, ол белгілі бір сөз табының қызметінен мүлдем 

алшақ  жатады.  Бұған  мынадай  мысал  келтіруге  болады.  Зат  есімге 

жуықтайтындары:  көк  өрім,  бау  кеспе,  безбүйрек  кескекті  аю:  етістікке 

жуықтайтыны    аузын  ұстап  қалды,  ала  жіп  аттамады,  ала  көз  болды,  арқа 



сүйеді,  той  берді,  аузымен  орақ  орды,  бармағын  тістеді;  үстеуге 

жуықтайтындары; көзге шыққан сүйелдей, қас пен көздің арасында;  сын есімге 

жуықтайтындары:  бармағынан  бал  тамған,  екеуінің  жұлдызы  ыстық,  ит 

жанды  (соңғы  тіркес,  көбінесе,  əзіл-оспақ  түрінде  «төзімді»  дегеннің  орнына 

айтылады т.б.)  

Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдер  өзінің  құрамы  жағынан  қаншалықты  əр 

алуан  болып  келсе,  компоненттерінің  байланыс  сипаты  жағынан  да 

соншалықты əр тарап болып келеді.  

Фразеологизмнің қандайы болсын, қазіргі күйінде грамматикалық жағынан 

да,  лексикалық  жағынан  да  біртұтас  қолданылады.  Оларды  синтаксистік, 

семантикалық  ерекшеліктеріне,  жеке  сөз  табы,  сөздердің  мағыналық  жігі 

жағынан  тек  соларға  ұқсас  белгілер  тұрғысынан  қарауға  болады.  Өйткені 

фразеологизмдер    жеке  сөйлем  сипатында  болып  келеді  де,  контекст  аясында  

бір  ғана  сөйлем  мүшесінің  қызметін  атқарады.  Айталық,  жанын  қармады, 

жанын жеді тіркестеріндегі «жанын» тұлғасы осы қалпында  толықтауыш пен 

баяндауыш  қызметінде  тұрған  сияқты,  ал,  қайғы  жанын  жеді  десек,  бұлар 

қайғы+жанын  жеді  түрінде  екі  мүше  жігіне  бөлінбек.  Немесе,  жай  тапты 

тіркесі:  алатынын  алып+жай  тапты//  жаны<+>  жай  тапты//  алатынын 

алып+жаны <+>жай тапты болып түрлене береді.  

Сыртқы  тұпаты  жағынан  өзіне  тəн  ерекшелігімен  көзге  түсер  бір  шоғыр 

тізбектер- параллельді фразеологизмдер. 



 

 

40



40

Бұлар- 


өзгеше 

бір 


копуляция 

жолымен 


салаласа 

тіркескен 

фразеологизмдер.  Бұл  топтағы  тізбектерде,  əсіресе  олардың  ішіндегі  ай  дер 

ажа  жоқ,  қой  деп  қожа  жоқ  типтес  тіркестердің  параллель  компоненттері 

өзара  тең  тұрып  тоғысады,  жарыса  жұп  құрайды.  Бұл  параллельдер 

грамматикалық  жағынан  да,  семантикалық  жағынан  да  терезесі  тең  тұр.  Ақай 

жоқ,  тоқай  жоқ,  айрандай  аптап,  күбідей  пісіп  секілді  параллельдерде  де 

сондай-ақ  осы  моңғы  мағынаны  білдіріп,  ақ  дегені  алғыс,  қара  дегені  қарғыс 

болып келетін фразаларда ұзын арқау, кең тұсау, ұзын да өшті, қысқада кекті 



емес, алалы жылқы, ақтылы қой немесе қоралаған қой, қостаған жылқы, апы 

кіріп,  күпі  шығып  сияқты  тіркестердің  бəрі  де  жоғарыдағы  айтылғандай,  екі 

сыңары жарыса қолданылады.  

Детерминация  жолымен  ықпалдаса  тіркесу  қос  сөзді  фразеологизмдерге 

тəн  бірден-бір  тəсіл.  Алайда    копулация,  детерминация    тəсілдері  фразадан 

бастап  құбылыстарда  кездеседі.  Мəселен,  аяқ  табақ,  ата-баба,  қысы-жазы, 

анда-санда  тəрізді  қос  сөздер  копулация  жолымен  жасалса,  бала-шаға,  қатын-

қалаш,  қыз-қырқын  т.б.  детерминация  жолымен  жасалған.  Өйткені  соңғы 

типтегі  қос  сөздердің  бір  компоненті  тіліміздің  күні  бүгінгі  тұрғысынан 

мағыналы болса, екінші компонент десемантизацияланып кеткен. Оның қос сөз 

ішінде  сақтаулы  жоғарыдағы  мысалдардың  мағынасына  ұйытқы-  алғашқы 

сөздің ықпалымен болып отыр.  

Қос сөз бірімен-бірін ажыратуға болмайтын арнаулы  сөз тобы. Ол өзінің 

алғашқы,  не  соңғы  компонентімен    қатар  тұрса  ғана  қос  сөз  болады,  бұзау-

торпақ, жол-жөнекей, ұшы-қиыры түрінде сызықшамен жазылады. Бірақ, қазақ 

тілі  фактлерін  толығырақ  қамтып,  пайымдап  қарасақ,  тілімізде  бірі-бірінсіз 

айтылуға  келмейтін  тиянақты  сөздердің  неше  алуан  түрлері  де  бар.  Олар  

мағына,  тұлға  жағынан  нағыз  қос  сөз  сипатты  бола  тұра,  мағыналық  бірлік 

жағынан,  компоненттерінің  құрамы  жағынан  өңге  қос    сөздерден    оқшалау. 

Мəселен,  қазақ,  қырғыз,  қазақ  тілдерінде  үлде,  бүлде  деген  сөздер  əрдайым 

қатар жүреді, бірін екіншісінен бөліп алып айтуға болмайды. Сол сияқты некен-



 

 

41



41

саяқ,  жол-жөнекей,  тоқты-торым  дегендегі  некен,  торым,  жөнекей  деген 

компоненттерді    де  өзінің  сыңарынан  бөліп  айтуға  болмайды.  Бірақ  бұлардың 

арасына  «мен»  жалғаулығын  қойып, «некен-  мен  саяқ»  түрінде    айтуға  əсте 

болмайды.   Ал  қос  сөзді  фразаларда    осы  тəрізді  дəнекер  жалғаулық  болады. 

Айталық,  ақай  жоқ,  тоқай  жоқ  деген  тізбектің  мағынасын  анықтап  тұрған  -

жоқ деген сөз; жоқ екі рет қайталанып. ФЕ-ге стильдік өң беріп тұр. Үн жоқ, 

түн жоқ, қан жоқ, сөл жоқ дегендер де осындай.  

Осылардың бір модельмен жасалғанын мынадан байқауға болады: із-түзі 



жоқ //із-түзсіз//із жоқ, тұз жоқ (жым-жылас жоғалды) жоғалды. 

Егер  ай-шайсыз  кіріп  келді  дегендегі  ай-шай  қос  сөзін  ақай  жоқ,  тоқай 

жоқ  дегендегі  де  ақай-тоқайсыз  түрінде  тілде  қолдануы  толық  мүмкін.  Сол 

сияқты  үн-түнсіз-үн  жоқ,  түн  жоқ,  қан-сөлсіз-қан  жоқ,  сөл  жоқ  дегеннен  де 

мұны анық көреміз. Тегінде  параллельді ФЕ-лер əуелде осы қос сөздің  өзінен 

күрделене келіп, жасалуы ықтимал. 



«Жетісіп,  молшылыққа  қол  ілігіп,  байлыққа  мелшесінен  батып»  деген 

сөздердің синонимі-айрандай аптап, күбідей пісіп, «мыңғырған мал» (үйір-үйір 



жылқы,  қоралы  қой)  дегенді  фольклорда  алалы  жылқы,  ақтылы  қой  деп  айту 

бар.  Не болмаса «маңдайы ашылған», «қыдыр дарыған», «бақ қонған», «тасы 



өрге домалаған» деген  ФЕ-лердің қос сөзден келетін баламасы-ақ дегені алғыс, 

қара дегені қарғыс. 

Жалаң  қос  сөздерге  қарағанда,  параллельді  фразеологизмдер,  көбінесе, 

метафоралық  мағынада  айтылады.  Бұларды  ауызекі    тілімізден,  қазақтың  бай 

фольклорынан,  шебер  жазушыларымыздың  тілінен  кездестіруге  болады.  

Мəселен, «Еңлік-Кебек»  пьессасында:  «Əулиеге  ат  айтып,  қорасанға  қой 



айтып, бала тілеген кісінің бірі біздей-ақ болар» тəрізді тіркес  көп ұшырайды. 

Осындағы  əулиеге  ат  айтып,  қорасанға  қой  айтып  деген  параллельді 

фразеологизм. Бұндағы компоненттер тұлға жағынан да біркелкі келіп отырады 

(Əулие-ге ат айтып//қорасан-ға қой айтып).  


 

 

42



42

Бұлардың қос сөз болу себебі тек форма жағынан біркелкі келгендігі ғана 

емес. Негізгі шарт-қосарланған қос сөздің бірінен-бірінің жігі ажырамауы. Сөз 

тізбегі екі сөзден жасалуы да мүмкін, екі-екі сөзден (жұп қос сөзден) жасалуы 

да,  екі  жұп  сөйлемнен  жасалуы  да  мүмкін.  Бірақ  мұндайфразалардағы  сөздер 

екі  салаға  бөлініп,  параллельденіп,  тұлға  жағынан  үйлесіп,  қиысып  отырады. 

Əй дер ажа, қой дер қожа жоқ деген осы айтылғанға  толық дəлел болады. Бұл 

екі  жай  мұндағы  дер  дегенді  есімшенің  басқа  түрлері  мен  де  ауыстыруға 

болады, жоқ деген сөзді бір-ақ рет айтуға болады. Бұдан, əрине ФЕ-нің ішіндегі 

сөздердің  мəні кемімейді. 



Буырқанды,  буырсанды,  мұздай  темір  құрсанды    деген  фразаны  алсақ, 

алғашқы  күрделі  компонент-буырқанды,  бұрсанды,  кейінгі  компонент-мұздай 

темір құрсанды. Алғашқы қомпоненті тұлғалас екі етістіктің жедел өткен шағы, 

түбірі-буырқан,  буырсан.  Кейінгі  компонент  үш  сөзден  жасалған,  олардың 

түбірлері-мұз,  темір,  құрсан.  Бұл  ФЕ  осы  өлеңді  түрінде  ғана  қалыптасып 

кеткен.  Мұны  қара  сөзге  айналдырып,  мұздай  темір  құрсанып,  буырқанды 

десек. стиль жағынан нұқсан келетіндігі сөзсіз. 

 Сайып  келгенде  айтарымыз:  дағдылы  қос  сөз  бен  параллельді  ФЕ-нің 

аралығында  мағыналық  жуықтық  жоқ  емес.  Алайда  бұл  екеуі  құрылымы 

жағынан  екі  басқа  категория.  Олардың  негізгі  пунктуациялық  белгісі:  а



сызықша  (дефис):  тəлім-тəрбие,  бала-шаға,  үйме-жүйме  т.б.  ə)  үтір:  ұзын 

арқан, кең тұсау, тебінгіден тер жауып, қабырғандан қар жауып т.б.  

Үтірмен  жазылатын  паралелльді  ФЕ-лер  грамматикалық  жағынан  төрт 

салаға бөлінеді:  

1.  Зат  есім  тұлғасында  келетін  дені:  алалы  жылқы,  ақтылы  қой;  ұзын 

арқан, кең тұсау; 

 2.  «Жоқ»  сөзімен  келетін  паралелль  ФЕ-лер:  ақай  жоқ,  тоқай  жоқ,  қан 

жоқ,сөл жоқ, үн жоқ, түн жоқ т.б. 

3.  Есім  жұрнақтары  арқылы  келетіндер:  ұзында  өшті,  қысқада  кекті;  бір 

сырлы, сегіз қырлы т.б. 


 

 

43



43

 4.  Етістік  тұлғасымен  келетіндер;  айрандай  аптап,  күбідей  пісіп,  басы 

ауырып, балтыры сыздап; 

Параллель фразеологизмдерді осы тұрғыда  топқа бөлудің  өзі де шартты 

нəрсе.  Өйткені,  бұлардың  елəуірі  синтаксис  жағынан  анағұрлым  тиянақты. 

Мəселен,  ұзында  өшті,  қысқада  кекті  деген  параллельді  ФЕ-нің    екі  қанатын 

ауыстырып  өзгертуге  болмайды. (қысқада  кекті,  ұзында  өшті  деген  түрде 

қолданылмайды).  Бірақ,  мұның  ішіндегі  жеке  сөздердің  тұлғасын    құбылтып 

айтуға    келе  береді:  ұзында  өшіміз,  қысқада  кегіміз  жоқ:  ұзында  өшім (-із), 

қысқада  кегім (-із).  Ал,  ұзын  арқан,  кең  тұсау  сияқты    есім  тұлғалы  ФЕ-лер 

синтаксис  жағынан  да,  морфология  жағынан  да    тұрақты;  яғни  бұл  сөздердің 

орнын  ауыстыруға,  сөздерді  осы  қалпынан  басқа  түрге  салып,  еркін  өзгеріске 

түсіре  беруге  келмейтіні  жоғарыда  əлдене  айттық.  Мəселен,  ақай  жоқ,  тоқай 



жоқ  сияқты  ФЕ-лер  ешбір  өзгертуге  болмайды.  Ол  сөйлем  ішінде  басқа 

сөздерден интонациясы арқылы бөлек тұрады.  

Параллель  фразеологизмдердің  лексикалық,  стильдік  мағынасы  мына 

түрде даралана айқындалады. 

Мысалы,  алалы  жылқы,ақтылы  қой дегеннің  орнын  ауыстырып,  ақтылы 

жылқы, алалы қой деуге болмайды. Неге десеңіз, қой малы  түске бай емес, ал 

жылқыны  бірде  торы,  күрең,  шабдар,  боз,  сұр  деп,  бірде  торы  төбел,  күрең 



төбел,  қара  кер,  құла  кер  т.б.  түстеп  айта  береді.  Алалы  жылқы  деген  осы 

тəрізді  түстердің  бəрін  қамтитын  сөз.  Екіншіден,  ақ  (ақтылы)  деген  сөз 

жылқыға, атқа тікелей жанасып, анықтауыш бола алмайды. Қазақ ақ ат демейді, 

боз ат дейді: ақ дегенді ат деген сөзге анықтауыш етеміз десек, ақ дегенді боз 

деген сөздің алдына қойып, ақ боз ат деп қана айтамыз. Сөйтіп, алалы жылқы 

деген «барлық жылқы», «үйір-үйір жылқы», ақтылы қой деген «барлық қой», 



«мыңғыраған қой» деген мағынаны беріп тұр. 

Қазақ  тілінде  аласы,  бересі  деген  сөздердегі  -асы, -есі  жұрнағы-  көне 

жұрнақ.  Ол  көресіні  көрдім  дегендегі  көресі  сияқты    бірді-екілі  сөзде  ғана 


 

 

44



44

ұшырайды:  етістіктің  түбіріне  жалғанып  барып,зат  есім  тудырады.  Татар 

тілінде бұл жұрнақ жиі ұшырайды. (ұйықтасым келми, қарасым келди). 

Апы  кіріп,  күпі  шықты  деген  ФЕ  тілімізде  тек  көсемшенің  өткен  шағы 

түрінде  ғана  ұшырайды.  Этимологиясы  жағынан, «апы»  сөзі  көне  түркі 

тіліндегі « абы» (жасырыну, тығылу мəнде) сөзімен бір сияқты, ал «күпі» сөзі 

көне  түрік  тіліндегі  «күпік»  сөзіне  жақын  келеді.  Сонда « жасырынып  кіріп, 



киініп  шықты//  қысылып  кіріп,  қымтырып  шықты»  деген  мағынаға 

жуықтайды.   

Фразеологизм  сөйлеу  процесінде,  демек,  белгілі  бір  сөйлем  ішінде 

құрпыра кететіні белгілі. Өз алдына сөйлем тұлғасында келетін ФЕ-де белгілі 

бір  ситуацияға  байланысады  да,  өзінен  бұрын  я  соң  көмкеріп  тұрған  сөздер 

мағына  жағынан  ФЕ-ге  икемделіп,  ыңғайланып  тұрады.  Ал  тұтас  сөйлемнің 

бөлшегі  ретінде  кездесетін  ФЕ-де  өзін  қоршап  тұрған  еркін  тіркеске 

тұрғыласып,  мағына  жағынан  да,  синтаксистік  байланыс  жағынан  да 

жымдасып жатады. Мəселенің мəні мынада деп білеміз:  

белгілі  бір  ФЕ-нің 

мəн-мəнісі,  қызметі,  тұлғалық  белгісі  түгел  контекст  аумағында  тұрып 

айқындалады:  сондықтан  ФЕ-нің  тіл,  сөйлеу  жүйесіндегі  орнын  толық  тану 

үшін бұның да вариация т.б. құрылымдық əдістердің де келтірер пайдасы зор. 

Басқаша айтқанда, фразеологизмнің контекстегі көрінісін білу үшін оған арқа 

сүйер оралымның типтерін табу қажет. Өз алдына мұндай көлемді  тақырыпқа 

бұл  жолы  толық  тоқтау  мүмкін  емес.  З.Г.Ураксиннің    өзінен  бірер  үлгі 

келтірейік.  Бұл  автор  башқұрт  тіліндегі    мынадай  мысалдарды  бірқ  анатты 

оралымы  бар  ФЕ-ге  жатқызады:  Нурдəулат  мулла  малайы  тигəс  ил  кəм- 

алланың  қашқа  тəкə8ə  түгəлдəр  бит,  немесе  қазақша  «Нұрдəулет  молданың 

баласы болғанмен, ол немең-алланың қасқа текесі емес қой? , немесе қазақша 

«Нұрдəулет молданың баласы болса болсын, ол құдайдың кенже баласы емес 

шығар) «Зат  есім,  сын  есім,  етістік  негізінде  жасалған  ФЕ-лер, -автор, - бір 


 

 

45



45

қанатты  оралымға  ие  болады  да,  үстеу  негізіндегілер  тек  көп  қанаттыларға 

жатады.  

Тіл білімінің басқа ярустары- салалары (фонетика, морфология, синтаксис 

т.б.)  сияқты  фразеологияның    да  терезесі  тең  дербес  пəнге  айналуына  кəміл 

сенеміз.  Осы  жолда    (қазақ  тілі  фразеологизмдерін  жетер  жеріне  жеткізе 

зерттеуде) олқыны толтыру, кем-кетікті түзеу жас буынның үлесі болмақ. 

     Сұрақтар мен тапсырмалар 

1.  Фразеологизмнің еркін сөз тіркесінен   айырмашылығы қандай

 2.  Фразеологизмдердің  синтетикалық    тəсіл  арқылы  жасалуына  мысалдар 



келтірің. 

3. Фразеологизмдердің аналитикалық  тəсіл арқылы жасалуы. 

4. Параллельді фразеологизмдер қалай жасалады

5.Фразеологизм компоненттерінің байланысу түрлері 



6. Фразеологизмдер cинтаксистік қатынасына қарай қандай топтарға бөлінеді



             Əдебиеттер  

1.  С.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі». Алматы, 1977ж. 

2. Ə.Болғанбаев. «Қазақ тілінің лексикологиясы». Алматы, 1997 

3. Ж.Ешбаев. «Қарақалпақ тілінің фразеологиялық  сөздігі».  

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

46



46

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет