2( ііа) топ элементтеріне жалпы сипаттамасы



Дата13.11.2022
өлшемі16,75 Kb.
#49776

2ІІА) топ элементтеріне жалпы сипаттамасы
Периодтық жүйенің ІІА-тобының Be және Mg-ден басқа элементтерінің топтық атауы – сілтілік жер металдар. Валенттік деңгейдің жалпы электрондық формуласы ns2, қосылыстардағы бір ғана тотығу дәрежесі( +2).
Бұл топ элементтерінің электртерістігі әр түрлі, Be үшін жеткілікті жоғары (1,47), сондықтан ол екідайлы (амфотерлі) қасиеттерді көрсетеді, ал қалған элементтердің қасиеттері - типтік металдық.
Сілтілік металдармен салыстырғанда элементтердің бос түрдегі реакциялық қабілеттері кем. Реттік нөмірінің өсуімен химиялық белсенділіктері артады. Айталық, Be мен Mg суға төзімді, ал сілтілік жер металдар сумен әрекеттесіп, сәйкес гидроксидтер түзеді (М = Са- Ra):Тотықсыздандырғыш қасиеттері бериллийден радийге қарай өседі. Барлық металдардың бейметалдарға тартылысы жоғары, оттекпен оксидтер MO (M = Be - Ra), сутекпен гидридтер МН2, азотпен нитридтер М3N2 галогендермен галогенидтер, мысалы хлоридтер МС12, көміртекпен карбидтер (ацетиленидтер) МС2, күкіртпен сульфидтер MS түзеді.
Бериллийден басқа элементтердің оксидтері МО және гидроксидтері М(ОН)2 негіздік қасиеттерді көрсетеді, Sr(OH)2 және
Ва(ОН)2 гидроксидтерінің суда ерігіштігі жеткілікті жоғары, оларды сілтілерге жатқызады.
Тұздары (карбонаттар МСО3, сульфиттер MSO3, сульфаттар MSO4 т.б.) жеңілдеу және сілтілік металдардың тұздарымен салыстырғанда төмендеу температураларда тиісті оксидтерге бөлінеді (Na2COүшін 1000 °С, ал MgCO3 үшін 500°С).
Тұздардың суда ерігіштігі әр түрлі: жақсы еритін тұздар -хлоридтер, бромидтер, иодидтер, сульфиттер (Ca-Ra), нитраттар, нитриттер (Mg-Ra), суда аз еритін және іс жүзінде ерімейтін тұздар - фторидтер (Mg-Ra), сульфаттар (Ca-Ra), ортофосфаттар, карбонаттар, силикаттар.
Суда еритін сілтілік жер металдардың (және Mg-дің) тұздары катион бойынша гидролизге ұшырамайды. Бұл металдардың катиондары газ жандырғышта жалынды әр түрлі түстерге бояйды:Осы себептен хлоридтер МС12, нитраттар M(NO3)2 және т.б. пиротехникалық қоспаларда от шашуға қолданады.
Бериллийдің оксиді және гидроксиді - екідайлы қосылыстар. Be химиялық қассиеттері А1 қасиеттерше өте ұқсас: ерітіндіге бериллий қышқылдармен де, сілтілермен де ауыстырылады (бериллийдің екідайлығы):
Mg және Са жер бетінде көп таралған, ал қалған элементтер сирек кездеседі. Радий - радиобелсенді элемент, ең көп өмір сүретін изотопының 226Ra жартылай ыдырау периоды 1600 жыл, ол ылғи уран рудасында болады.
Қасиеттері бойынша радий барийға ұқсас, мысалы, іс жүзінде ерімейтін барий сульфатымен BaSO4 бірге су ерітіндісінен (RaSO4 сульфат түрінде) тұнбаға түседі.
Жеңіл және коррозияға төзімді металл ретінде магнийді авиа және автомобиль жасау өндірісіне қажетті қоспа құралдары ретінде пайдаланады. 90Sr (жартылай ыдырау периоды 28 сағат) - адамға өте қауіпті изотоп, ол организмде кальцийді ауыстырып, сүйектерде жинақталады.
Бекіту сұрақтары

  1. ІІтоп негізгі топша элементтері қасиеттерінің өзгерістерінде қандай заңдылық байқалады?

2.Магний,кальций,стронций атомдарының электрондық конфигурациясын жазыңдар.
3.ІІ негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қандай қасиеттері бар? Олардың айырмашылығы неде?
4.Массасы 5 г сілтілік жер металы ауадағы оттекпен тотықтырылады. Алынған оксид сумен әрекеттескенде нәтижесінде массасы 9,25 г металл гидроксиді түзілген. Қандай сілтілік жер металы алынған?

1-Тапсырма. Келесі айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca→Ca(OH)2→CO2→Ca(HCO3)2→CaCl2→CaO
Mg→Mg(OH)2→MgCO3→MgO→MgCl2→MgSO4
2-Тапсырма:
«Сілтілік жер металдар» сөзжұмбақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет