2. Жылқының сегіз қасиеті


Өзектілігі: Халқымызда жылқы малына қатысты әлі де болса еленбей қалып жүрген мәліметтердің орасандылығын көрсету. Аңдатпа



бет2/6
Дата22.01.2023
өлшемі7,63 Mb.
#62237
1   2   3   4   5   6
Өзектілігі:
Халқымызда жылқы малына қатысты әлі де болса еленбей қалып жүрген мәліметтердің орасандылығын көрсету.
Аңдатпа

Алты мың жылдық тарихы бар жылқы малынан, адамзат баласының денсаулығына тигізетін пайдасы көп екендігі жеткізілген. БАҚ-ның жарыса жазған қымызды немістер потенттеп алды деген ақпараттарын жете зерттеп, ашып айтқан. Жылқының пайдасы жайлы барлық адамзаттың білулерін мақсат еткен жобада баспасөзден, интернет желісінен, кітаптардан танымдық материалдарды біліп, зерттеуге мүмкіндік болды. Жеті қазынаның бірі жылқының пайдасы өте зор. Сондықтанда жылқы жеті қазынаның бірі ретінде оны өсіру пайдалы болып табылады. Жылқының ерекшелігі мен пайдасын анықтау.



Негізгі бөлім

Адам жылқының осыдан бес жарым мың жыл бұрын қолға үйреткенін және бұның Солтүстік Қазақстанда орын алғандығын археологтар дәлелдеді. Ғалым- дардың пікірінше, бұл ғылыми жаңалық Евразия қоғамының аграрлық кезеңге дейінгі даму деңгейіне қатысты қазіргі көзқарасты қайта қарауға түрткі болуы мүмкін. Жылқының ертеректе қолға үйретілгені жөніндегі тың дәлелдерді «Science» жур- налының кезекті санында ағылшынның Эксетер университетінің Алан Оутрам басқарған көпұлтты археологтар командасы жариялады. «New York Times» газетінің жазуынша, археологтар біршама жылқы сүйектері мен басқа да қазбалардф тапқан. Оларды зерттеу барысында, бұл жылқыларды қазақстанның солтүстігінде, біздің дәуірімізге дейінгі 3600 жылдан бастап 600 жыл қатарында дамыған,жартылай көшпелі Ботай мәдениетінің өкілдері қолға үйреткені туралы бір-бірімен тәуелсіз үш түрлі дәлелдер тобы нақтыланған.


Үш дәлел Біріншіден, ғалымдар төрт жерден табылған жылқы қаңқаларының түрі мен өлшемін талдаған. Оларды осы өңірлерде, осы кезеңдерде өмір сүрген жабайы жылқылардың, бұдан жүздеген жылдар кейінірек қола дәуіріндегі қолға үйретілген жылқылардың және моңғолдың қолға үйретілген жылқыларының сүйектерімен салыстырған. Зерттеушілер сүйегі ірі жабайы жылқыларға қарағанда ботай жылқыларының «сымбаттырақ» болғандығын және қолға үйретілген жылқыларға жақындау екендігін айтады. Дәлелдердің екінші тобы жылқының тістеріндегі іздер мен қаңқа тканінің бұзылуына байланысты. Зерттеушілер оны жұмысқа пайдаланған жылқыны басқару үшін кигізілген жүген мен ауыздықтың, жауырдың салдары деп есептейді. Тістегі мұндай кетіктерді археологтар бұрыннан бері қолға үйретудің дәлелі деп есептеп келеді.

Дәлелдердің үшінші тобы қыш ыдыстың қабырғасындағы май қышқылдарының дағымен байланысты. Ыдыс қабырғасындағы дақтар бие сүтінің ізі. Бұның өзі Ботай тұрғындарының қымызды қалай ашытуды білгенін дәлелдеп тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет