2. Жылқының сегіз қасиеті



бет3/6
Дата22.01.2023
өлшемі7,63 Mb.
#62237
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жоба Зерде Иппотерапия (1)

Жылқының 8 қасиеті

Жылқы сүті - қымыз

Жылқы шаруашылығының басты өнімі –сүті. Бие сүтінен қымыз ашытылады.

Түркі халықтары этнографиясының көрнекті өкілі Л.Потапов: «Қымызды ойлап тапқан-көшпенділер. Көшпендінің бұл жаңалыққа тап болуы әсте қиын емес еді. Сауып алынған бие сүтін тері ыдысқа құйып көшіп жүргенде, ыстық күнде шайқалған сүт өзінен – өзі қымызға айналған. Шайқалған сүтті ішіп көрген көшпенді шөлінің қанып, жан сарайының ашылғанын, көңілінің көтерілгенін байқаған. Ол енді қымыз ашытудың әдістерін жетілдіре түсуге кіріскен ...»,-деген пікір айтады. Ғалымдардың пікірлеріне сүйенер болсақ, қымыз-туберкулез ауруына қарсы бірден-бір шипа. Ертеректе 1858 жылы осы дертті қымызбен емдейтін шипажай Самара қаласында ашылған екен. Қымыздың құрамындағы дәрумендер адам ағзасына тез тарайды. Оның құрамында қан гемоглобині, эритроциттерді көбейтетін дәрумендер өте көп. Тіптен кейбір деректерге сүйенсек, жүкті әйелдің бетінде қалып қоятын қара дақтарға биенің жаңа сауылған сүтінің көбігін жақса, еш дақ қалмайды.



Қымыздан шетелдіктердің жасап жатқан өнімдері жайында
Қазір Германияда таза қымызды шығарумен қатар, қымыздан сапалы балалар сүті мен тағамдарын жасауды қолға алып отыр екен. Спортшыларға арналған әрлендіруші, қуатты ас мәзірлерінде жасап жатыр. Оның құрамында қымыз, қазы, қарта, құрт, сары май, саумал сияқты таптырмайтын дәрумендерді пайдаландыруда. Осылармен қатар Германияда өымыз өнімінен жасалған балмұздақ пен әйелдер қолданатын далаптардың бірнеше түрі баршаға танымал. Кейінгі кездері соңғы технологиямен жасалынған қымыз балмұздақтың жаңа түрін шығара бастаған. Оның ерекшелігі ауыз қуысы микрофлорасына жағымды әсер ететінінде. Ал әйелдерге арналған далаптарды айтатын болсақ, ол іспен айналысып жүргендеріне 20 жылдың жүзі болды. Қымыздың құрамындағы таза ақуыздың көмегімен бет терісіне жайлы болуы үшін далаптың құрамын жақсартуға күш салуда. Осы істерімен айналысып жүріп, тағы бір нәрсеге көз жеткізген – қымыз экзема ауруын жақсы емдейді екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет