2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.
Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.
Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады.Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.
3. Атамекен мұражайы
Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан.
Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.
4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы
Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.
7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни,Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болып саналады.
Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд(Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал ФарабКедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иранмен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
Ежелгі Отырар қорғанын жаулап аламын деушілердің бірі — Шыңғыс хан еді, Ол Қытайды жеңіп, ордасына оралған соң, қазақ даласын жаулап алуды ойлайды. Ойын іске асыру үшін осы елдерге үш мұсылман бастаған елші аттандырады. Мұхаммед шах оларды Бұхарада қабылдап, Шығыс пен Батыстың арасын жалғастырып жатқан Жібек жолын моңғол керуені үшін ашып қоюға уәде байласып, келісім-шартқа қол қояды. Елшілер оралған соң, Шыңғыс хан тағы тыныш жатпайды. Хорезм елінің күшін, сауда-саясатын біле түсу мақсатымен тыңшы қосып, екінші рет елшілік аттандырады. Мұны сезген қала әміршісі оларды тұтқынға алып, Мұхаммед шахтың әмірімен жазалайды. Осылайша Шыңғыс ханның үлкен мемлекетке шабуыл жасауына себеп табылды.
Шыңғыс хан аса үлкен қол жинап, жорыққа аттанады. Отырарға жақындай бере жасақтарын үшке бөледі. Үлкен ұлы Жошы бастаған әскерді Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі Сауран, Сығанақ, Жент қалаларын алуға аттандырады. Негізгі қамал — Отырарға Шағатай мен Үгедейді жұмсайды. Өзі қасына кіші ұлы Төлені алып, Қазығұрт тауынан асып, Бұхараға қарай беттейді. Осы ұрыстарда Шыңғыс хан қолына ең ұзақ тойтарыс берген, моңғолдарды аса көп шығынға ұшыратқан — Отырар қамалы еді.
Моңғолдардың қиратқанына қарамай, Отырар қаласы әрі қарай өмір сүре береді. Көп ұзамай қираған қала қайта бел көтеріп, жандана бастайды. Қала ғажайып үлкен өндіріс орнына айналады. Осы оқиғалардан кейін Отырарды ең әуелі Шыңғыс ханның баласы Жошы билейді. Жошыдан соң қайта қалпына келген қаланы Ақ Орда ұлысы иеленеді. Ендігі жерде Отырар қайтадан ата-бабаларымыздың қолына көшкен екен.
Музейдiң негiзгi мақсаты - Отырар өңiрiндегi археологиялық, архитетуралық ескерткiштердi қорғау, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесi және осы өңiрдегi барлық ежелгi қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелерi, шеберханалар енедi және бұлар көрермендерге экспозициялық қызмет атқарады.
Музейде бiрнеше бөлiмдер және кiтапханажұмыс iстейдi. 1993 ж. музей қарамағына 110 тарихи ескерткiш бекiтiлiп берiлдi, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазiргi кезде Отырар өңiрiнде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткiш бар.
Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайы — 1979 ж. 11-мамырда Қаз КСР министрлер Кеңесі шешімімен ғылыми-зерттеу, мәдени ағарту және археологиялық еекерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылған.
Бұл Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық — музейі. 1998 ж. 25-желтоқсанындағы № 1335 Үкіметтің қаулысына сәйкес Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. Ол заңды мемлекеттік мекеме ретінде 1999 ж. 27-сәуірде қайта тіркелді. Қорық-музей мекемесі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында үш қабатты ғимаратта орналасқан.
Қорық-музейде бес ғылыми-зерттеу бөлімі жұмыс істейді:
Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімі;
Қор сақтау бөлімі;
Реставрация және консервация бөлімі;
Этнография бөлімі;
Әдебиет және өнер бөлімі және ғылыми кітапхана (оның қорында 1511 дана кітап) бар.
Көпшілік көрермендерге Музей ғимаратымен қоса Арыстанбаб кесенесі Отырар қалашығы, Отырар руханиятының филиалы, қазақтын қоржын үйі қызмет көрсетеді.
Қоржын үйдің жалпы ауданы 3048,5 м, экспозиция ауданы 1052 м, қор бөлімінің ауданы 254 м. 2004 жылы қорық музей қарамағында 160 — тарихи — мәдени ескерткіштер бар болса, 2005 жылы ескерткіштер саны 200 — ге жетті. 2006 жылы археологиялық барлау экспедициясының барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музей есебіндегі археологиялық ескерткіштердің саны 220-дан асты. Музей ұжымы «Мәдени мұра» және «Көне Отырарды жаңғырту» бағдарламалары негізінде Отырар өңірінде жүргізілген археологиялық және реставрациялық жұмыстарға қатысып бірнеше ғылыми есептер жазды. 2004 жылы күзде осы жұмыстарға орай музей ішінен жаңа реставрация және консервация бөлімі ашылды.
Қорық музейде қазақ халқының көне тарихы насихатталады.
Қорық-музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қору, ғылыми зерттеу және насихаттау мен мәдени ағартушылық жұмыстарымен айналысу.
Отырар қорық-музейі мен Ә. Марғұланатындағы археолгиялық институты бірлесе Қазақстанда алғаш рет Отырар өңірінің ескерткіштеріне электронды археологиялық карта жасады, өңір ескерткіштерінің нақты орындары белгіленді. Жұмыс Leisa фирмасының электронды тахеометрлерінен инструментальді топографиялар жасалды. Ескерткіштердің электронды базасы үшін ArsGIS бағдарламасы пайдаланылды. ArsGIS бағдарламасы ескерткіштер орналасу картасы, мәліметер базасы, жәдігерлерді күтіп сақтау, есепке алу және ресми рәсімдеу жұмысына аса пайдалы екені анықталды.
2005 жылы музей ұжымы Отырар қорық — музейі және Отырар қалашығы мен оның айналасындағы ескерткіштер жөнінде мультимедиялық презентация жасады. Осы екі бағдарлама музей ұжымының жаңа үрдіспен жаңа әдістерді қолдана отырып, қорық — мұражайды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жұмыстардың бірі.
Экспозицияда орын алған жәдігерлер, осы өңірдің ежелгі тұрғындарының рухани-материалдық, саяси-әлеуметтік өмірі туралы көрермендерге мейлінше толық мәлімет береді.
Экспозиция жұмысы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелерді жүзеге асыруға, атап айтқанда, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге, ұлттық рухты мәңгі етуге септігін тигізуге бағытталған.
-«Қазіргі таңда Отырар қорық-музейінен 202 тарихи-мәдени ескерткіш тізімге алынған. Оның ішінде, археологиялық ескерткіштер саны – 168, архитектуралық ескерткіштер саны – 6, ирригациялық жүйелер – 28.
Ал 3 ескерткіш, яғни Отырар, Арыстанбаб, Оқсыз
республикалық дәрежеде болса, 73 ескерткіш
жергілікті маңызға ие.
Музей қоры жыл сайын музейлік заттармен толықтырылса, өткен жылы қорға 209 жәдігер жинақталып, музей қорындағы жалпы жәдігерлер саны 24 354 бірлікке жетті.
Қазіргі таңда қоғамда руханият тапшылығы айқын сезілуде. Туризм, соның ішінде мәдени туризм, осы тапшылықтың орнын толтыруға бағытталады және бұл жерде музейлердің рөлі басым болмақ. Осыған байланысты бүгінгі таңда қоғамды рухани дамыту үшін мәдени туризмді дамыту өте қажет. Мәдени туризм - бұл барған жердің мәдени ортасымен, ландшафтымен, тұрғындардың салт-дәстүрімен, көркем мәдениетімен және өнерімен, түрлі нысандарымен танысып, бос уақытын тиімді өткізуді көздейтін туризмнің бір түрі. Мәдени туризм мәдени іс-шаралар, мұражайлар, тарихи-мәдени мұра нысандарына бару, жергілікті халықпен кездесуді қамтиды. "Мәдени туризм" термині жақында ғана - XX ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болса, бүгінде одан бастау алған дербес бағыт - музей туризмі кеңінен таралуда.
Музей туризмін дамытуға Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінде негіз баршылық, мүмкіндігі де толық жетеді. Мәселен, кешен құрамында 19-ғасырдан сақталған хан Жәңгірдің сарайы көпшіліктің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Бұл ғимараттың бізге дейін сақталған шығыс бөлігінде Хан сарайының қару-жарақ палатасы музейі орналасса, орталық бөлігі тарихи зерттеулер мен хан сарайын көрген саяхатшылардың сипаттамалары бойынша 2010 жылы Мәдени мұра бағдарламасы негізінде қайта тұрғызылды. Болашақта мұнда Хан сарайы мемориалдық музейін жасақтау жоспары дайындалып, жәдігерлер жинақталуда. Тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, ауыл шаруашылығы, соғыс, еңбек ардагерлері жөнінде және басқа тақырыптарда түрлі шаралар өткізіліп, бейнефильмдер түсірілуде. Еліміздің түрлі телерадио арналарының режиссерлары кешенге келіп, Жәңгір хан, Фатима ханша, тарихи орындар, өлкеміздің халқы туралы материалдар жинақтап, жариялауда. Кешен қызметкерлері кешен қорын толықтыру, өлке тарихын одан әрі зерттеп, зерделеу мақсатында еліміздегі және Ресей қалаларындағы мұрағаттарда жұмыстануда. Көршілес Астрахан, Волгоград облысының қалаларында тарихымызды танытып, еліміздегі, өлкеміздегі оң өзгерістерді баяндайтын бейнероликтер көрсетіліп, түрлі тақырыптағы көрмелер ұсынылуда.
Тарих Мұражай
Алғашқы тышқан оқу орны ретінде Александрияда біздің дәуірімізге дейінгі 290 жылы Птолемей I негізін қалады. e. Оның құрамына қонақ бөлмелері, асхана, оқу залдары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, обсерватория мен кітапхана кірді. Кейінірек оған медициналық және астрономиялық аспаптар, тұлыптар, мүсіндер мен бюсттер қосылып, оқытуға көрнекі құрал ретінде пайдаланылды. Басқа мектептерге қарағанда Мусейон мемлекет тарапынан субсидияланып, қызметкерлер жалақы алатын. Бас діни қызметкерді (директорды) Птоломей тағайындады. 1 ғасырға қарай BC e. Мусейонның кітапханасында 750 000-нан астам қолжазба болды. Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи мұражайлар 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 жылы Германияда өнер мұражайлары құрылды. 1811 жылы Ресейде – Феодосияда, 1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи мұражайлар құрылды. 19 ғасырда этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық мұражайлар құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт(1872), Стокгольм (1874), Париж(халықтану мұражайы, 1877), Роттердам(1883) қалаларында құрылған этнографиялық мұражайлар. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық мұражайлар Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланд, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты. Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайы (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану мұражайы’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді мұражай’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетанумұражайы), мемориалдық мұражай (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражай). мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұражай мұраларын (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, мұражайдың кадрлық жүйесін жетілдіру. мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді.[ Мұражайлардың қор жинақтау жұмысында далалық экспед., ғылыми институттармен бірлескен жұмыстардың нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясынсипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражай саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік мұражай (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдыңмемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда(Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Мұражайлар Кеңесіқұрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет мұражайлары мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады.[4]1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық мұражай күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражай қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |