2-китап indd



Pdf көрінісі
бет153/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Қазақ тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын 
қазіргі қазақ тілі өзара туыстас ру-тайпа одақтарының бірігуі және 
соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің құрылуы нәтижесінде 15-
17 ғасырларда қалыптасқан (История КССР...). Бұл тілде Қазақстанда 
және ҚХР, МХР, Иран, Ауғаныстан, Түркия, сондай-ақ ТМД елдерінде: 
Россия Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б. 
аймақтарда тұратын 11 млн. астам қазақ (1997) сөйлейді. Туыстық 
тегі жағынан қазіргі қазақ тілі ноғай тілімен біріге отырып, Батыс Түркі 
тілдерінің қыпшақ тобына кіретін: қарақалпақ, қырғыз, татар, қырым 


363
татары, башқұрт, қарашай, балқар және осы топтағы өзге де тілдермен 
жақын туыстық қатынаста тұрады.
Қазақ тілінің тарихи тамыры тым әріден басталады. Егер біз қазақ 
ұлтының қалыптасуын ұдайы даму процестерінде оның ұлттық негізінің 
ажырамас құрамы Үйсін, Қаңлы т.б. ру-тайпалық одақтардың тарихымен 
мұралық байланыста қарастырсақ,онда ол көне, орта және жаңа 
болып басты-басты үш дәуірге бөлінеді. Бұлай өз ретінде түрлі тарихи 
жағдайлармен басқа да әсерлерге байланысты қазақ этносы тілінің әрқилы 
қалпын танытатын кезеңдерге салаланады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ 
этносының тым ертедегі тілі тарихи екі – ежелгі және көне кезеңнен тұрады. 
Ежелгі дәуір кезеңі бағзы заманнан (б. д. д І-ІІ ғ.) бастап, түркі қағанатының 
құлауына дейінгі уақытты (IX ғ.) қамтиды. Бұл кезеңде болашақ қазақ тілі 
түркі әлеміндегі аса күрделі тілдік құбылыстардан нәр алды, сол тілдің 
мұрагерлері сол кездің өзінде-ақ (Б.з.д. 1-131 ғ.) мемлекеттікке ие болған 
(Байпаков К. М. т.б.) түркі ру-тайпалық одақтармен (Бичурин Н.Я.), - 
ежелгі хун, сақ және өзге де скиф тайпаларымен тығыз қарым-қатынаста 
болды, (Зуев Ю.А. I, С.6-7;) және олардың этнос мәдениетін (Акишев 
К.А. Курган Иссык. М., 1978; Акишев К.А, Кушаев Г.А.,...) жалғастырды. 
Тарихтың бұл кезеңіндегі қазақ этносының тілі ғылымда әлі зерттелген 
жоқ, бірақ осы себеппен ғана этнос тілінің тарихынан тұтас бір дәуірді 
лақтырып тастау әділетсіздік болар еді.
Көне дәуір тұрғысынан алғанда (шамамен VІ-ІХ ғ.) және қазақ 
этносы тілінің қалыптасу тарихының екінші кезеңі, түркі әлемінің 
өркендеу уақытымен (шамамен VІ-ІХ ғ.) және Түркі қағанатының 
құрылуымен (Бернштам А.Н), сына жазулы Орхон, Енисей және Талас 
жазба ескерткіштерінің жасалуымен сәйкес келеді. Тіл тарихымыздың 
алғашқы кезеңі жайлы деректі жазба ескерткіштер болмағандықтан 
болжам түрінде айтсақ, осы дәуірдегі тіліміздің тарихының екінші кезеңі 
туралы бізге келіп жеткен мәліметтерді жақсы зерттелген, жарияланған 
көне түркі жазба ескерткіштерімен салыстыра отырып, нақты айта аламыз 
(Малов С.Е, Айдаров Ғ.)
Айтылып отырған болашақ қазақ тілінің жалпы түркі тайпаларымен 
бірге олардың барлығына ортақ түркі тіліне (5-9 ғ.), жазба ескерткіштеріне 
ғана емес, Батыс түрік қағанаттарына қарасты болған аймақтардағы 
тарихи ескерткіштерге де түркі тіліндегі қыпшақ тобының көрсеткіші 
ретінде «қатысқаны ақиқат».
Өзге түркі тілдері тәрізді, қазақ тілі тарихында да, оның орта ғасыр 
дәуірі кезіндегі даму тарихының орны ерекше (Х-ХІХ ғ.). Ол өзіндік 


364
күрделілігімен және алуан түрлі тарихи уақиғалармен, сондай-ақ бүкіл 
Еуразия кеңістігінде қалыптасқан этнолингвистикалық жағдаймен 
сипатталады. Мұнда бір жерде ұйысып немесе әр жерде шашырап 
көптеген түркі тайпалар, тайпалық одақтар, мемлекеттігі бар, ал енді 
бірінде жоқ, көшпелі, жартылай көшпелі немесе қоныс тепкен халықтар 
мен ұлыстар тіршілік етті.
Қазақ халқы мен қазақ тілінің тарихы тұрғысынан алғанда орта 
ғасырлық дәуір ерекшелігі мол екі кезеңді басынан кешкен: ерте орта 
ғасыр кезеңі (ХV ғ) және кейінгі орта ғасыр кезеңі (ХV 2-жартысынан 
IX ғ. 1-жартысына дейін.). Егер қазақ тілі тарихының орта ғасырлық 
дәуірінің алғашқы кезеңіне сол кездегі жайы мен даму тұрғысынан 
қарасақ, ол ең алдымен бытыраңқы этникалық топтардың жалпы 
қыпшақ тілі туыстығы аясында бірігіп, бірте-бірте олар өмір сүретін 
байырғы географиялық кеңістікте жалпы халықтар қазақ тілінің 
тууымен сипатталады. Аталмыш дәуірдің екінші кезеңі (ХV ғ. 2-жарт., 
IX ғ. 1-жарт.) қазақ тілінің ауызекі және жазба тіл ретінде біртұтас және 
ажырамас тұтастыққа айналуымен аяқталады (Сыздықова Р.).
Тілдің мұндай тұтастыққа жетуі тек қана бытыраңқы ру-тайпалық 
топтардың бірігуі арқылы ғана емес, Орта Азия және Қазақстан 
аймақтарында қалыптасқан қыпшақ тіл тектестігі аясындағы 
жойылуымен өзара іштей бірігуі мен жақындасудың нәтижесі.
Іштей екі кезеңнен тұратын (19 ғ. 2-жарт. басталып, XX ғасырдың 
2-жартысына дейін және XX ғасырдың 2 -жартысынан бүгінге дейін) 
қазақ тілі тарихының жаңа дәуірі (IX ғ. 2-жартысынан бүгінге дейін) 
жалпы алғанда ауызекі және жазба тілдің, сондай-ақ жазба әдеби 
тілдің демократиялық даму мазмұнымен (Б. Әбілқасымов) және 
оның құрылымдық бөліктерінің жетілдірілуімен жазу ережелерінің, 
лексикалық-грамматикалық 
нормасының 
тұрақтануымен, 
фукционалды стилдерінің дамып келе жатқан көп жанырлы көркем 
әдебиет, ғылыми-көпшілік және қоғамдық-ағартушылық әдебиет 
негізінде сараланауымен сипатталады. Енді (деректердің мүмкіндігіне 
сай) аталған дәуірлердің әр қайсысына өзіндік ерекшелігіне және 
қазақ тілінің барлық даму, қалыптасу тарихы барысындағы геосаяси 
процестегі рөліне тоқталамыз.
Қазақ тілі тарихының көне дәуірінің екінші кезеңі туралы жалпылай 
айтқанда, бізге белгілі, соңынан қазақ халқының этникалық құрамына 
енген рулар мен тайпалық одақтар тілінің жалпы түркі әдеби тілімен 
жазбаша, ауызекі, қызмет ету түрінде көптеген ұқсас сипаттары бар 


365
екенін қанағат тұтуымызға тура келеді (VІ-ІХ ғ.). Себебі, бұл көне тіл 
– Орт. Азия мен Қазақстан кең байтақ аймағында сол дәуірде тіршілік 
еткен көптеген түркі тайпаларының тірі тілдері мен диалектілерінің 
бір арнаға тоғысуының көрінісі. Бұл тіл - Тоны көк (716 ж), Күлтегін 
(732 ж), Білге қаған (735 ж.) сияқты басқа да қолбасшылардың, көрнекті 
мемлекет қайраткерінің өмірі мен ерен істерін баяндайтын толғауларға, 
қоштасу, арнау, асқақтату, халықтық теңеу түріндегі, көркем шындық 
құралдарының бейнелі модельдеріне аса бай болды. Егер қазақтың 
көптеген эпикалық мұралары мен ауызекі - ақындық шығармашылығы 
тілінің образдылығын, көркем шындықты баяндау үлгілерін көне түркі 
(VІ-ІХ ғ.) тілінен жалғасқан дәстүр десек, артық айтқандық емес.
Алайда, түркі қағанатының құлауына (Батыс, Шығысын қоса 
алғанда) байланысты жалпы түркі әлемінде, соның ішінде Орта 
Азия мен Қазақстанда болған елеулі өзгерістер осы аймақтағы тілдік 
ортаға әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бұл арада, халықтардың көшіп-
қонуы, жаңадан құрылған мәдени орталықтар мен мемлекеттік 
құрылымдардың, сондай-ақ исламның таралуы, соған байланысты 
араб жазуының қолданылуының кеңінен өріс алуы және т.б. әсер етпей 
қалған жоқ.
Мысалы, Орта Азия мен Қазақстан халықтарына тікелей қатысы бар 
аса маңызды тарихи оқиғалардың қатарына түркі мұсылмандарының 
Оңтүстік Қазақстандағы Саманидтер мемлекетін жаулап алуын 
жатқызуға болады. (В. В. Бартольд, III. 1. 126). Көшпенділердің зиялы 
қауымы арасына мұсылман дінінің енуі және таралуы ең алдымен 
олардың рухани дүниесіне, көне әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне белгілі 
бір дәрежеде өзгерістер әкелді. VІІІ ғ. бастап араб жазуына көшуге 
байланысты көне түркі әдеби тілінің ауызекі және жазба дәстүрі 
біртіндеп қолданыстан ығыстырыла бастады.
X-ғасырда құрылған қуатты Қарақандитер мемлекетінде іс-
қағаздары жалпы түркі тілінде жүргізілді, бірақ оның негізіне араб 
жазуы алынды. Бұл дәуірде мемлекеттік дәрежеде қызмет атқарған 
түркі тілі осы мемлекеттің иелігіне енген ру-тайпа одақтарының тірі 
тілдері мен диалектілерінің жиынтық тоғысы (синтезі) іспеттес болды. 
Бұл тіл біртіндеп Самандидтер күштеп енгізген араб тілінің, дәстүрі 
мен «канондарынан» ғана емес, сонымен қатар түркі әдеби тілінен 
де алыстай түсті. Бірақ түрлі әлемнің кейбір жекелеген өлкелері мен 
мәдени орталықтарында (Мысалы, Алтын Орданың кеңселерінде және 
т.б.) көне түркі жазуы негізінде қызметін жалғастыра береді.


366
Алғашқы орта ғасырлық түркілер тілінің тарихын тілге тиек 
еткенде, көптеген көшпелі халықтардың қоғамдық-мәдени тұрмыс-
тіршілігіне, этникалық, мемлекеттік құрылымына, тіліне өзгеріс 
енгізген күрделі тарихи оқиғалар жайында да әңгіме өрбіткен жөн.
Мұндай оқиғалар қатарына Шыңғысханның және оның 
ұрпақтарының (XIII ғ. бастап) Орта Азия мен Қазақстанды жаулап 
алуы да жатады. Бұл оқиға - басқасын айтпағанда, бұған дейін өз 
алдарына жеке-жеке бытыраңқы жүрген этникалық топтар мен түркі 
руларын, тайпаларын, қыпшақ тілдік одағының аясына біріктірді (Е. 
Жұбанов, А.Ибатов). Олар осы жағдайда өз алдына жіктелді және жалпы 
белгілеріне қарай бірікті. Бұл Алтын Орданың, Жошы және Шағатай 
ұлыстарының ыдырауымен, бірқатар жеке тілдердің, оның ішінде қазақ 
тілінің де, бөлініп шығуына әкелген кезеңге сәйкес келеді. (Греков Б. Д, 
Якубовский А. Ю).
Сондықтан да мазмұн-мәніне орта ғасырларда (Х-ІХ ғ) өзара 
туыстас ондаған түркі тілдері мен сөйленістерінің жалпы типологиялық 
ерекшеліктерін қалыптастыруда ерекше рөл атқарып, нәтижесінде, 
оның «қыпшақ тобы» тобын құруға себепші болған өзінің құрылымдық 
жинақтылығының арқасында Еуразияның барлық өлкелеріне кеңінен 
тараған, соған байланысты басқадай тілдік топтардың арасында 
басымдық жағдайға ие болған қыпшақ тілдік одағының сипатталуына 
ерекше тоқталған жөн.
Шындығында да, жалпыға ортақ бастауы бір, бірақ өзіндік 
құрылымдық белгіні иемденген, көптеген ру-тайпалардың тілдері мен 
сөйленістердің арасында қыпшақтық бөлік ХV ғ. қарай басым түсіп, 
қыпшақ тобы орта ғасырларда Орта Азияда, Қазақстанда, Поволжье 
мен Кавказда, Венгрияда, сондай-ақ Мысыр мен Сирияда кеңінен 
қолданылады. Мұның барлығы кейінірек жіктелген бірігулер мен 
аймақтық және жеке тілдердің қалыптасуына әкелді. Бұл, әдетте, мәдени-
әкімшілік орталықтары маңайында өтті. Сол уақыттың өзінде-ақ жалпы 
Дешті Қыпшақ түркілері тілі туралы ғана емес, сол сияқты Мәмлүк, 
Поволжье, Орталық Азия, Қазақстан қыпшақтарының тілі туралы да 
айтуға болатын еді. Міне, бірқатар тілдердің тарихи дамуындағы осы 
бағыт қыпшақ тобына жататын қазақ, ноғай, татар және т.б. жеке тілдердің 
құрылуына (ХV ғ.) әкелді. Сөйтіп, қыпшақ тілдері қауымдастығы (Х-ХV 
ғ.) қорытушы және қарым-қатынасқа түсіруші орта қызметін атқарып, 
көптеген жақын туыстас тілдерді және сөйленістері өз айналымына 
біріктіре алды, типологиялық жағынан бір, құрылымдығы тұтас, сөздік 


367
қоры бай, түркі тілдерінің өзіндік ерекшелікке ие тобын құрып, сол 
уақытта қалыптасқан тілдік жағдайдан шыға алды.
Қазақ халқының және оның тілінің қалыптасуындағы этнотуыстық 
процестерді дәл осындай тарихи астарда қарау ләзім, ол этностық өзіндік 
санасымен байланысты: ұғымының тұтастығы, этникалық заттың, 
руханилық, территориялық және т.б. психологиясы, тұрғысындағы бірлік. 
Бұл процестер уақыты жағынан алғанда қазақ жерінде мемлекеттің 
құрылуымен тұспа-тұс келеді.
Орта Азия мен Қазақстандағы өзге халықтардікіндей қазақ халқы 
тарихының орта ғасырлық дәуірі де ерекше. Бұл дәуірде аталған 
халықтардың қоғамдық өмірі заттың руханилықтың көрсеткішіндей 
мәдени оқиғаларға толы болды. Мұның өзі тілдік жағдайға, нақты тілдің 
тағдырына (жағымды кейде жағымсыз) әсер етті.
Осыған байланысты жалпы, аймақтың, нақты қыпшақ және аралас 
қыпшақ-оғыз тілдерінде бірқатар көркем эпистолырлық, филологиялық, 
тарихи, діни, жағрапиялық, агиографиялық және басқа шығармалардың 
дүниеге келгенін атап көрсетуге болмайды. Мұндай жазба ескерткіштер 
тілін талдау ғалымдарға олардың арасындағы кеңістік-уақыт байланысын, 
тектік жақындығы мен алшақтығын және өзге де ерекшеліктерін 
айқындауға мүмкіндік береді. Бұл жалпы (қыпшақ тілдерінің), сондай-
ақ жекелеген тілдердің арасындағы жалпы және жеке нақты тілдердің 
ерекшеліктерін (ол жөнінде соңынан) анықтауда маңызды.
ХІІІ-ХІV ғ. Дешті Қыпшақтан Мәмүліктер Мысыр мен Сирияға 
дейінгі аймаққа иелік еткен Алтын Ордада қызмет еткен жалпы қыпшақ 
әдеби тілінің түрлі аймақтарда өзіндік жергілікті айырмашылықтары 
көрінеді. Бұл нақты жағрапиялық жағдайлармен ерекшелінген түрлі 
мәдени-әкімшілік орталықтардың әсері; бір жағынан жеке қыпшақ әдеби 
тілін түзеуге ұмтылуы болса, екінші жағынан, жалпы келіп осы әдеби 
тілдің негізін құрайтын әрбір қыпшақ тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін 
сақтап қалуға ұмтылуынан. Қалай болғанда да, осы ортағасырлық қыпшақ 
әдеби тілінің негізін құрушы ұйытқы «жағрапиялық тұрғыдан» - Дешті 
Қыпшақ, (Құрышжанов А), ол тілдік тұрғыдан алғанда - сол кезеңде 
түркі тілдерінің бүкіл қыпшақ тобына басыңқы (жетекші) болған бөлігі, 
қыпшақ-қуман диалектісі. Ал қазақ тіліне келер болсақ, ол аталмысы 
жетекші топпен тікелей этнотуыстық және этнотілдік қазақ халқының 
құрамына енген қыпшақ ру-тайпалық одағы арқылы байланысты еді. 
Дегенмен қазақ тілінің қалыптасуына түпкілікті (ХV ғ.) шешуші себеп 
болған геосаяси орта.


368
Зерттеуші ғалымдар қазақ тілінің тарихына тікелей немесе 
жанамалы түрде қатысы бар көптеген ортағасырлық жазба 
ескерткіштерді анықтап зерттеді.
Біздер үшін осы еңбектердің ішінде мына филологиялық 
шығармалар ерекше назар аударады: 1) «Латынша - парсыша - 
қыпшақша сөздік» (1245 ж.). Мұнда Евангелияның және т.б. діни 
мәтіндердің қыпшақ тілінде жасалған аудармасы берілген.
Ғалымдардың пікірінше, бұл еңбек «өзінің құндылығы жағынан 
қазақ тілінің ортағасырлық тарихын зерттеу ісіне үлкен үлес 
қосарлық аса бағалы жазба ескерткіш» (История Каз ССР, 232).
2. Бүкіл әлемге белгілі қыпшақ тілі жазба ескерткіші (XIII ғ. 
аяғы, ХІV ғ. басы «Кодекс Куманикус»). Бұл еңбектің тілі - Алтын 
Орта кезеңінде қалыптасқан қыпшақ әдеби тілінің негізі болуға 
ұмтылған қыпшақ-қуман диалектісі.
3. Бізге әзірге тіліміздің ішінде ғана жеткен қаңлы тілінің сөздігі 
– «Таббийун әл-луғат әт түркі әл-лисан әл-Қанғли» (ХІV ғ. басы). 
Белгілі түркі-ғылыми, проф. М.Ф. Копюрлидің айтуына қарағанда, 
бұл лексолографиялық шығарма. Авторы филолог-ғалым Мухаммед 
Ибн Қаис (толық аты жөні - Шамс-ад-Дин Мухамед Ибн Қабис әр-
Рази). Ол Хорезмшах билігі кезеңінде өмір сүрген рейн оғыздарынан 
шыққан. Ол сонымен қатар, түркі тілдерінің бірінің «Үлкен кітап» 
деп аталатын грамматикалық шығармасының да авторы. Қаңлы 
тайпасының тілі де, жоғарыда атап көрсетілгендей, басқа қыпшақ, 
қимақ, керей, найман тәрізді қазақ тайпаларының тілдері тәрізді 
жалпыхалықтық қазақ тілі қалыптасқанға дейін, өзінің дербестігін 
сақтай отырып, қыпшақ әдеби тілімен, жалпы белгілерде ие болғанын 
атап өту орынды.
4. Бұл орайда Жамал ад-Дин ат Түркидің «Бұлғат әл-мұштақ 
фи луғат әт түрки уа-л- қыпшақ» (15 ғ. 1- жарт.) атты араб-қыпшақ 
тілдері сөздігі ерекше назар аударады. Түркі тілді шығармалардың 
ішінде бұл сөздік тікелей қыпшақ лексикасына арналған.
Қазіргі ғылыми айналымда жүрген авторлық ортағасырлық 
қыпшақ жазба ескерткіштері (ұлттары әртүрлі: түріктер, арабтар, 
ирандықтар, және т.б. аймақтардың өкілдері: Дешті-Қыпшақтан, 
Мысырдан, Орта Азиядан, Қазақстаннан, Ирактан, Кіші Азиядан 
және т.б.) еңбектері бір жағдайда - осы тілдің лексика-грамматикалық 
құрылымын зерттеуге немесе осы тілді оқып үйренуге, үйретуге 
арналса, екінші жағдайдан - түрлі жанрдағы көркем шығармалар 


369
жазуға және имандылық-этикалық норманы, эстететикалық танымды, 
сондай-ақ шариғаттың шарт-заңдарын түсіндіруге, арналған.
Олардың бірқатары; Абу Хайанның 1313 ж. жазылған «Китаб әл 
сурак ли-лисан әл-атрак» шығармасы ортағасырлық қыпшақ тілін 
үйрену үшін жазылған практикалық құрал болып табылады. Сол 
сияқты, қыпшақ, оғыз және т.б. тілдерін үйрену үшін Мысырлар (ХV ғ.) 
жазылған араб филологтары еңбектерінен «Әл-қауанин әл-куллия ли-
дабт әл-луғат әт-түркие», сондай-ақ филологиялық еңбек «Кітаб әт-
тухфат аз-закиса фил-луғат ат- туркийя» және т.б. шығармаларды атап 
өтуге болады (Н.А. Баскаков, 73).
Бұл шығармалардың жағырапиялық тұрғыда шоғырлануы, 
зерттелініп отырған тілге сілтемеге ғана назар аударылмайды, сонымен 
бірге жасалуы, олардың авторлары, құрастырушылары, аудармашылары 
туралы, сондай-ақ олардың тіршілік еткен жерлері мен қалалары туралы 
берілген мәліметтерінің де мәні айрықша. Мысалы, олардың арасында 
Орта Азия мен Қазақстаннан, оның Фараб, Сығанақ, Сауран, Яссы, 
Барчукент және т.б. қалаларынан шыққан төл иелері авторлар аз емес. 
Өз уақытында көпке белгілі болған ғалым Хамиди әл-Асими Барчынлиғ 
(XIII ғ.) төменгі Сырдария бойындағы Барчинкент қаласынан шыққан. 
Оның замандасы басқа бір, ғалым Хусам Ад-Дин да осы аймақтан, ол 
өзінің шығармаларын үш тілде - шешен араб тілінде (фасих), өткір 
тілді парсы (малих) және шыншыл татар (сахих яғни, қыпшақ-Ә.Қ.) 
тілдерінде жазған (В.В. Бартольд). Фараб (Отырар) қаласынан шыққан 
ғалымдардың үлкен бір шоғыры өз шығармаларына ғылымның түрлі 
саласын арқау етті (Ә.Дербісәлин ...). Біздің қолымызда Дешті Қыпшақтан 
және Алтын Ордадан кейінгі сол сияқты Еділ, Хорезм, Қырым тәрізді 
мәдени орталықтардан және т.б. аймақтардан шыққан авторлардың 
әдеби туындыларының тұтас бір тізбегі бар, Мысалы: Сейф Сарайдың 
«Гулистан бит-түркиі» (ХV ғ.) (Ә.Нәжіп), Құтыбтың поэтикалық 
шығармасы – «Хұсрау уа Ширин» (В.В. Бартольд. Он екі лекция...), 
Жошы ұлысының Шығыс бөлігінен шыққан Хорезмидің «Мұхаббатнама» 
дастаны (А.М. Щербак. «Оғұзнама» және «Мұхаббатнама».. туралы Э. Н 
Наджип. Хорезми «Мұхаббат-намэ»...).
Ғалымдардың пікірінше, «Мухаббатнама» және «Гулистан» аралас 
оғыз-қыпшақ тілінде жазылған (А.М. Щербак). Немесе Мәмлүк қыпшақ
тілінде жазылған еңбектердің бірі Абу-л-Лайат а-Самаркандидың «Китаб 
Мукаұдимасы» (қазірде Стамбул кітапханасында сақтаулы, Қолжазба - 
№1451 Айс София) өз уақытында Мәмүлік мемлекетінде ғана емес, одан 


370
тысқарғы аймақтарға да кеңінен тараған. Ең көне поэтикалық шығарма 
құл Ғалияның (1183-1236) «Қисса-және-Жүсіп» поэмасы - құраннан 
алынған Жақып пайғамбардың және аға-інілерінің іштарлығының 
құрбаны болған оның ұлы Жүсіп Әулиенің ғибратты істері туралы әңгіме. 
Бұл қыпшақ тілінде жазылған, 1839 ж. соң 70-тен астам рет басылым 
көрген (М. Усманов) діни мазмұндағы ең көп тараған шығарма.
Осы тәріздес қыпшақ тілінде жазылған ортағасырлық жазба 
ескерткіштер тізімін жалғастыра беруге болар еді. Бірақ, оның қажеттілігі 
жоқ, себебі, қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерін сақтап қалуын, қандай 
күрделі жағдайларда қалыптасқанын көп я аз дәрежеде дүрыс көрсете 
алуы үшін көрсетілген жазба ескерткіштер мағлұматы жеткілікті.
Осыған орай, қазақ тілінің қалыптасуына қандай болмасын тарихи 
жағдайлар мен этнолингвистикалық ортада өткесін бұл істе оларға ең 
басты негіз болатын мынандай үш себептің маңызы зор олар:
а) Оның негізін құраушы туыс тайпа тілдердің өзіндік табиғаты;
б) Оның көне түркі тілдерімен дәстүрлік жалғастығын мойындау;
3) Оны қоршаған тілдерден және этномизден ортаның әсері.
Осы себептердің әрқайсысының жеке сипатына тоқталамыз:
1. Қазақ тілінің қалыптасуына негіз болған ру-тайпалық тілдер белгілі 
тарихи жағдайларға байланысты негіздердің негізгі болып, яғни тегі 
жағынан түбірлес және туыстас болады. Басқаша айтқанда, кейбір түркі 
тілдеріне және диалектілерге қарағанда (мысалы, өзбек, түркімен тілдері 
т.б.) қазақ тілі шығу тегі жағынан алғанда өзара жақын ру-тайпалық 
тілдерге сүйенеді, міне оның салыстырмалы түрде тез қалыптасуының, 
құрылымдық тұтастығының сыры осында.
Сондай-ақ бұл тілдің этнотектік түбірлес құрылымы этностың 
Орта Азия мен Қазақстан аймақтарында Х-ХV ғ. арасында шолу 
жасалған тарихи кеңістікте ру-тайпалық негізінің және қосылу 
әсеріне ұшырамауымен және өз құрамына жатұлттық (түркі емес) 
қоспаларды тартпағандығымен түсіндіртеді. Ру-тайпалық тілдер 
салыстырмалы «таза» күйінде қыпшақ тілдері одағында қала отырып, 
оған тән «қыпшақтың сипаттарын» дамыта түсті. Қазақ тілінің 
көптеген қыпшақ тілдеріне, сөйленістеріне ортақ бірқатар жалпы және 
біртекті құрылымдық (дыбыстық, лексикалық, және грамматикалық 
сипаттарының қатты ұқсас болуын осындай жағдайлармен түсіндіруге 
болады.
2. Біздің пікірімізше, қазақ тілінің ІХ-Х ғ. дейінгі көне тілдермен 
құрылымдық жалғастығы мынадай түп негіздерге сүйенеді: біріншіден, 


371
көне тайпалар тұрмыс-тіршілігінің аралас-құраластыққа және жиі 
қарым-қатынасқа мүдделі ететіндей жинақы болуы; екіншіден, олардың 
тілдік, рухани діни, этно-мәдени тұрғыдан жақындығы; үшіншіден 
ауызекі-поэтикалық дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа халық жыраулары 
(көне түркіде - жырағу) арқылы жеткізіліп отырылған тілдегі 
көркем-бейнелеу құралдарының ортақтығы. Атай кетелік, қазақтың 
эпикалық, халықтық – поэтикалық шығармаларындағы көптеген 
көркем баяндаудың әуендері, образдарды сөзбен бейнелеу, кескіндеу, 
сомдау, баяндау тәсілдері бізге келіп жеткен көне Ескерткіштермен, 
оның ішінде Орхон, Енесей, Талас Балбал тастарындағы жазулармен 
үндесіп отырады. Бұл ретте, әңгіме негізінен - аталған тарихи дәуірден 
бері қарай құрылымдық тұрғыдан үлкен өзгерістерге ұшыраған нақты 
сөз тұлғалары мен сөйлемдер туралы емес, тілдік, көркем әдебиеттік 
дәстүр жалғастығы туралы. Дегенмен, бұл салада да қазақ тіліне өте 
жақын және ұқсас негізгі лексикалық тұлғалар мен сөзжасамдық 
құрылымдарды табуға болады.
3. Белгілі бір тілдің қалыптасуына, қызмет етуіне, алға қарай тарихи 
тұрғыдан дами беруіне тарихи уақиғалар, этномәдени орта және тілдік 
қарым-қатынас - барлығы тұтас алғанда басты себеп болды. Бірақ, 
құрылымдық түзілуі тұрғысынан алғанда оның тілдік айналасы және 
өзге тілдермен байланысқа маңызды роль атқарады. Бұл жағынан қазақ 
тіліде де ерекше емес, себебі әлемде (жаттілдік қоспасыз) «таза» бірде-
бір тіл кездеспейді. Түрлі тарихи дәуірлерде - көне, орта және қазіргі 
кезеңде қазақ тіл де басынан кешірген этнотілдік - оның құрылымына 
(әсіресе, сөздік қор құрамына, дыбыстық жүйесіне, морфологиялық 
құрылысына) белгілі бір ықпалын тигізді. Бұл ықпал әсерінің нәтижесі 
ықпал етуші (немесе өзара байланысы) жағдайлардың деңгейіне тікелей 
қатысты, олар; ықпалдасушы тілдердің типологиялық әртүрлілігі; 
байланысу барысының қарқындығы, сол тілде сөйлеушілердің 
(носитель) әлеуметтік саяси жағдайлары мен сандық ара қатынасы; 
олардың мемлекетінің болуы, сондай-ақ болмауы және т.б. Осы аталған 
нақты жағдайларға және тілдік байланыстың шарттарына қарай отырып, 
қазақ тілінің әр тарихи кезеңдеріндегі даму қалпын анықтауға болады.
Біріншіден, қазіргі қазақ тілін ру-тайпалық тілдердің ұзақ тарихи 
даму барысында тұтастыққа жету нәтижесі деп қабылдасақ, онда өзінің 
тарихының көне, орта және қазіргі даму кезеңдерінде өзге де тілдермен 
тұрақты түрде байланыс жасады немесе солардың қоршауында болды 
да, ол, әрине өз әсерін де тигізді.


372
Екіншіден, қазақ тілімен байланыста болған тілдерді екі топқа 
бөлуге болады: туыстас, яғни түркі тектес тілдер және туыс емес тілдер 
(мысалы, оған қытай, иран, араб, монғол, тұңғыс-маньчжур, славян 
және т.б.) тілдерін жатқызуға болады. 
Осыған орай, қазақ тілінің туыстас (түркі) және туыстас емес 
(әртүрлі құрылымды) тілдермен байланысуының сипаты және 
нәтижелері бірдей еместігін көрсеткен жөн. Жақын туыстас тілдердің 
қыпшақ тілі қауымдастығы аясында байланысуы, әдетте, олардың 
құрылымдық бөлшектерінің өзара кіріге сіңісуіне және ортақ тектік 
белгілерінің қалыптасуына әкелді. Қыпшақ тілі болмағанымен, өзгедей 
туыстас тілдердің де ықшамдалуы өзара қарым-қатынасқа және өзара 
ықпал етуге әкеліп соғады, сонымен қатар мұндай жағдайда сол 
тілдердің кейбір бөлшектерінің енуі байқалады. Қазақ тіліндегі қарлұқ, 
оғыз, селжук тілдерінің элементтері қазақ тайпалары туралы айтуға 
тура келеді.
Біз түркі қаңлы, үйсін және т.б-ның ерте кезде қазақ тіліне енгізген 
ықпалы туралы жорамалдағанда біз көбіне олардың көне хун (гун), сақ 
және басқадай скиф тайпаларымен болған қарым-қатынасына жүгінеміз. 
Бірақ, ғылым олардың тілдік мүраларынан бейхабар, сондықтан бұл 
қарым-қатынастардан қазақ тілінің жалғастығын іздестіру әлі де болса 
ертерек.
Қазақ тілінің туыстас емес тілдерімен әр дәуірде жүрген қарым-
қатынас қазақ тілі құрылымында өзіндік із қалдырды. Осы арада қазақ 
тілі тарихының көне, орта дәуірінде қытай тілімен қарым-қатынаста 
болуы туралы сенімді сөз айтуға болады. Ол жайында қытай жазбалары 
мен хандар жылнамаларында ғана емес, қазақ және өзге де түркі 
тілдерінде қолданылып жүрген қытай тілі элементтеріне де сүйенеміз. 
Қазақ тілінің лексикалық құрылымына иран (парсы, аздап тәжік) және 
араб тілдерінің тигізген елеулі әсері туралы ерекше атап өткен жөн. Бұл 
Қазақстанда негізінен алғанда Саманидтер билігі тұсында (VІІІ-ІХ ғ.) 
өтті, оның өзі Қашғардан Сырдарияға дейінгі үлкен аймақты мекендеген 
көптеген түркі халықтарының келешек тағдырына маңызды әсерін тигізді 
(В.В. Бартольд II, 1, 178).
Араб шапқыншылығына байланысты (VІІІ-Х ғ.) Іле және Сырдария 
өлкелері арасында ислам діні қанатын кеңге жайды. Осы кезеңде араб, 
кейбір мәдени орталықтарда парсы тілдері діннің ғана емес, мемлекеттік 
іс-құжат тілінің де қызметін атқарды, төлтума көне түркі әдеби тілінің, 
ауызекі поэтикалық шығармалық тілінің қолданылу аясы шектеле түсті.


373
Араб, парсы тілдерінің әсерінен түркі тілдерінің құрылымдық 
жүйесіне бірқатар өзгерістер (әртүрлі деңгейде) енді, ол күні бүгінге дейін 
байқалып отырады, мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі белсенді қолданыс 
сөздерінің 15% араб-парсы кірме сөздері құрайды (Л.З. Рүстемов.)
Қазақ тілінде және басқа да қыпшақ тілі лексикалық құрамында 
«моңғол» сөздері де біршама орын алады. Олардың тілдік табиғатын 
ғалымдар екі түрлі бағытта түсіндіреді: 1) түркі-моңғол тілдерінің тектік 
туыстығы (алтай тектегі болжамын жақтаушылар ұсынысы); 2) олардың 
ұзақ тарихи байланысының нәтижесі (Щербак А.М.).
Бірінші жағдайда, бұл тілдердің лексика-грамматикалық жүйесінің 
біртектестігі жайында, ал екіншіде лексикалық кірме сөздер туралы. 
Қыпшақ тілдері, оның ішінде қазақ тілінің да Қазақстан мен Орта 
Азияны және т.б. аймақтарда Шыңғысханның жаулап алу кезеңдеріндегі 
тарихына қатысты айтсақ, онда түркі-моңғол тілдерінің байланысын 
сөз алмасу тұрғысында ғана тілге тиек етеміз. Осындай байланыстағы 
жақтардың соғыс және бейбітшілік уақытында да, ұзақтығына қарамастан, 
жалпылама қостілдік және тікелей қарым-қатынас кезеңінде де жергілікті 
түркі тілдері басымдық қалыптарын сақтады. Түркілер арасында қалған 
моңғолдардың азшылығы, олардың түркі халықтарының арасындағы 
шашыраңқылығы, исламды қабылдауы, оларға әдет-ғұрыптардың, 
дәстүрлердің әсері, барлығы «моңғол әсерін» тереңдете алмады. Дегенмен, 
қазақ және басқа да түркі халықтарының сөздік құрамында моңғол-
түркі сөздерінің ортақтығы, қатар қолданыстағы сөздері пайда болды. 
Мұның көзін тек қана жоғарыда айтылған байланыстардан ғана емес, 
олардың тектестігі және туыстығы тұрғысынан қарағанымыз орынды 
(Қайдаров Ә.Т. 1990. с. 5.-25.6) Қазақ, моңғол тілдеріндегі көптеген 
ортақ байырғы түбірлерді және лексикалық-грамматикалық тізбелерді, 
тұрмыстық, әкімшіліктік және әскери аядағы түсіндірме сөздер, сондай-
ақ Қазақстандағы жер-су атауларындағы ерекшеліктердің кейбірін, міне 
осындай себептер тұрғысынан түсіндіргеніміз орынды.
Мұның барлығы қазақ тілінде (XIII-ХІV ғ) «моңғол» қалдығын 
құрайды. 
Тарихи даму барысында қазақ тіліндегі, сол сияқты түркі тілдерінің 
қыпшақ тобындағы лексикалық құрылымының қалыптасуында славян 
тілдері де, түркі тілдерінің славян тілдеріндегі әсері сияқты белгілі 
бір қызмет атқарды. Себебі, түркі славян тілдік, этномәдени және т. 
б. байланысының тамыр тарихы ұзаққа созылды, тереңнен бастау 
алып, сонымен, қазақ жазба-әдеби тіл өзінің барлық құрылымдық 


374
салаларында XIX ғ. II ж-да жеке, дербес тіл болып қалыптасып, Орта 
Азиялық жазба-әдеби – «түркі» немесе «кітаби тілдің» жалпы (ортақ) 
«стандартына» қарағанда бірыңғай диалектілі негізде құрылып, халық 
ауыз әдебиетінің ең таңдаулы дәстүрін дамытты. Бұл тілдің жазба-
орфографиялық нормалары мен стильден жеке тілдердің принциптерінің 
қалыптаса бастауы (XIX ғ. II жартысы) сол кездегі халық ауыз әдебиетінің 
бай үлгілерінің (эпикалық поэмалар, қисса, дастан, тұрмыс-салт өлеңдері, 
және т.б. кіші жанр шығармалары), сонымен бірге ғылыми-көпшілік, оқу-
педагогикалық және көркем шығармалардың, басылым беттері - газет, 
журналдарда (мәселен «Түркістан уалаятының газеті» 1870-82 ж. және 
т.б.) орын алуымен байланысты екенін айта кету керек. Әдеби тілдің әрі 
қарай дамуы мен жетілуі көрнекті ақын, жазушылар (Абай, Ы.Алтынсарин, 
т.б.), мәдениет қайраткерлерінің есімімен, ал кеңестік дәуірде көп 
жанрлы көркем әдебиет, газет-журнал, оқу-педагогикалық, ғылыми-
техникалық әдебиеттер, энциклопедиялар мен сөздіктердің басылуымен, 
сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары (радио, телевидение), 
театр, кино, т.б. өнер салаларының кең таралуымен байланысты болды. 
Осының бәрі әдеби тіл және оның жанрлы-стильдік жіктелуінің әрі 
қарай дамуына, сөздік құрамның байып, лексикалық-грамматикалық 
жазба-орфографиялық, дыбысталу және т.б. нормаларының (Балақаев 
М.) жетілуіне әсер ететін қуатты факторлар болып табылады. Дегенмен, 
осындай даму кезеңдерінен өткен қазақ тілі өзгеше, өзін қоршаған тілдік 
әлемнен оқшау қалған тіл деп ойлауға болмайды. Керісінше, ол басқа да 
түркі тілдерімен алыс, жақын туыстық қатынастарын сақтай отырып, 
өзінің табиғи ерекшеліктерімен қыпшақ тобына жататындығын айқын 
көрсетеді. Қазақ тілінің феномендік құбылыс екені оның түркі тілдерінің 
ежелгі бастауларымен туыстық қатынасын жалғастыра отырып, түркі 
тектес бірқатар туыстық бірлестіктердің тілдері мен диалектілерінде 
негізделе отырып, бай да бейнелі, бейімді, өзіндік ұлттық тіл болып 
қалыптасуында. Дегенмен де, қазақ тілі өзге тілдер ғана емес, тіпті 
қыпшақ тобындағы туыстас тілдерінен өзіндік белгілері мен тілдік 
сипаттары арқылы ерекшеленеді. Бұл - табиғи құбылыс. Сонымен, қазақ 
тілінің толық сипаттамасы үшін оның ұқсас жақтарын ғана айтып қоймай, 
оның тарихи даму кезеңдеріндегі (туыстайпалық, жалпыхалықтық, 
әдеби деңгей) жағдайын көрсететін айырмашылықтары мен құрылым 
ерекшеліктерін де ескере кеткен жөн.
Жалпыхалықтық және әдеби тіл нормалары бірігу мен туыстас 
тайпалар тілдерінің айырмашылықтарын таңдау негізінде құрылатыны 


375
белгілі. Олардың қуаттылығы мен тұтастығы да осында жатыр. 
Алайда, бұл - күрделі процесс және бұл айырмашылықтарды жою 
әдеби нормалар бірыңғай жағдайға жеткенінше ұзақ уақыттар бойына 
жүре береді. Осыған байланысты ХV ғ. дейінгі жалпыхалықтық 
қазақ тіліндегі туыстас - тайпалық тілдер ізін анықтау қиынға 
соғады. Дегенмен, жекелеген ғалымдар (мәселен, С. Аманжолов) бұл 
іздерді жалпыхалықтық тіл нормаларынан емес, сол кезеңдердегі нақты 
ауыз әдебиеті (поэтика) шығармаларынан қарастырады. Мәселен, «Едіге», 
«Ер Сайын» шығармаларының тілінде - Алшын тайпаларының тілдік 
элементтері, «Қобыланды батыр» поэмаларының тілінде Керей, «Алпамыс 
батыр», «Мухаббат-намеде» - Қоңырат, ал «Надж аль – Фараджде»- Кердер 
тайпасының тілдік элементтері т.б. байқалады.
Расында, туыстық тайпалық тілдер ерекшеліктерінің тұрақтанғаны 
соншалықты, олар әлі күнге дейін белгілі аймақтарда тараған құбылыс 
ретінде қарамастан қазақ халқының жергілікті тілінде өмір сүріп келеді.
Мұның қазақ диалогтарының республикамыз бен одан шет жатқан 
аймақтарда жүргізілген көпжылдық зерттеулер нәтижесінде жинақтаған 
бай диалектологиялық материал болып табылатын «Қазақ тілінің 
диалектологиясының сөздігі» (3 томдық) атты еңбекпен түсініруге болады. 
Әрине, қазақ тілінің диалектальдық лексикасы ежелгі туыстас тайпалық 
тілдер элементтерінен ғана емес, сонымен қатар өзінің тарихының әр кезінде 
байланысуына мәжбүр болған ежелгі, көрші түркі және түркі емес тілдер 
элементтерінен де тұрады.
Дегенмен бәрі де салыстыру арқылы танылады. Көптеген жергілікті 
(перифериялық) тілдік ерекшеліктер мен оған қарсы қойылатын 
оппозициялық элементтерге қарамастан қазақ әдеби тілі (Балақаев М.) 
өзінің тұтастығын сақтап қалды. Ал диалектілік ерекшеліктерінің басқа түрі 
(өзбек, ұйғыр, түркімен және т.б. ) тілдермен салыстырғанда болымсыздығы 
соншалықты, олар тіпті диалектілер қатарына да кірмей, диалектілік жүйеде 
дербес өмір сүре алмайды және оның доминанты да бола алмайтын 
говорлар күйінде қалады. Ал доминант болып табылатын өзі жергілікті 
ерекшеліктерге қатысты дінің өміршеңдігімен, адалдығымен көрінетін 
жалпыхалықтық тіл.
Сонымен, түркі тілдерінің ішіндегі дербес те ірі қазақ тілінің 
сипаттамалық қасиеттері мен құрылымдық ерекшеліктері ретінде бірде, 
басқа да түркі тілдеріне тән классификацияға орай белгілерімен жіктелсе, 
бірде, өзінің әдеби тіл нормаларына қатысты диалектілі (жергілікті) 
перифериялық болып табылатын қасиеттерін айтуға болады. (қараңыз: 


376
С. Аманжолов, Ш. Ш. Сарыбаев, Г Қалиев, О.Нақысбеков, С. Омарбеков, Ә. 
Нұрмағамбетов, т.б.)
Сонымен, қазақ тіліне тән негізгі классификациялық белгілері мен 
құрылымдық ерекшеліктеріне мыналар жатады: 
1. Сингармонизм заңдылығының көрінуі мен тұрақтылығының 
дәрежесіне (еріндік және лабиалдық үндесу) қарай қазақ тілі сингармондық 
түркі тілдер қатарына, ал оның жүзеге асыру деңгейіне қарай ол қырғыз 
тілінен кейінгі екінші орында.
2. [ш-с сөз аяғында] дыбыстарында жалпытүріктілік [ш] дауыссызына 
қазақ тілінің [с] дыбысы: тас, қас, қыс және т.б.
3 [й-ж] инициалдық соңында жалпытүркілік [й] дыбысына қазақ тіліндегі 
[ж] дыбысы сәйкес келеді: жыл, жас, жел, т.б.
4. [д - з-й ] дауыссыздарының медиалдық қатарында жалпытүріктілік [д-
з] дыбыстарына қазақ тілінде [й] сәйкес келеді: айақ, қайық, қайың.
5. Жалпытүріктілдік қатаң [ч] дауыссызына қазақ тілінде (кейбір 
диалектілерді айтпағанда чал-шал, чик-шық т.б.) [ш] дыбысы сәйкес келеді: 
шаш, ши, шеге, т.б.
6. Оғыз тілдеріндегі [г] дауыссызына қазақ тілінде қатаң [к] дауыссыз 
сәйкес келеді: кел, кет, келін, т.б.
7. Байырғы бір буынды түркі сөздеріндегі [ғ-қ-у-й] дыбыстарына қазақ 
тілінде көбіне [у] дыбысы сәйкес келеді: тау, сау, су, жу, ту, т.б.
8. Бұл белгі екі буынды байырғы қазақ сөздерінің айтылуында да, 
айтылуында да кездеседі: тауық (ұйғырша таху), бүзау (ұйғырша мозай, басқа 
түркі тілінде бұзағу), тура (өзбекше тоғри), жуан (ұйғырша йоған)
9. [қ-у] соңды дауыссыз дыбыстарына қазақ тілінде көбіне [қ], кейде екеуі 
де қолданылады: құрау-құрақ, сұрау- сұрақ, бояу- бояқ, қыстау-қыстақ, т.б. 
10. Оғыз және т.б. тілдердегі [д] дыбысына (дөрт сөзінен басқа) қазақ 
тіліндегі [т] сәйкес келеді: темір, толқын, таңу, т.б.
11. Екібуынды -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік қосымшалары арқылы 
жалғанатын қазақ тіліндегі түбір сөздер (т.б. қыпшақ тіліндегі) элизияға 
ұшырайды, яғни, соңғы қ,к дауыссыздары қосарланады: қатты (қатылық), 
тәтті (татлық), ұлы (ұлұқ), т.б. С.Е. Малов бұл белгіні классификациялық белгі 
деп тапты. Осыны негізге ала отырып ол қазақ тілін «жаңа тілдер» қатарына 
жатқызады. (Малов С.Е. 121).
12. Қазақ тіліндегі екі буынды сөздердің басында не соңында бір тектес 
немесе әр тектес дауыссыздар қатар келмейді (кейбір дыбыстардан және 
еліктеуіш сөздерден басқа- бұлт, қылт, тарс т.б.): түркі, халық, қарық, бұлыт 
(жазғанда бұлт), кіліт (жазғанда кілт), т.б.


377
13. Біріккен сөздер құрамындағы [п, қ, к, т] қатаң екі буынды 
лексеманың құрылымдық дыбыстарынын екі дауыстының ортасында 
ұяңдануы: шегара - шекара, қолғап- қолқап, Ботагөз- Ботакөз, т.б.
Қазақ тілінің осы және басқа да белгілері оның түркі және оған 
туыстас қыпшақ тілдерін жіктеу жүйесіндегі орнын айқындап береді.
Сөз соңында айтарымыз: қазіргі қазақ тілі, біріншіден, өзінің 
генеологиялық тамырлары мен ежелгі түркі тілдерінің қалыптасу 
бастауына барып тіреледі, екіншіден, көптеген ғасырлар бойына жекелеген 
туыстық тілдер мен диалектілер ретінде біресе бір, немесе екінші 
бір тілдік бірлестікте, соның ішінде руникалық жазба ескерткіштерін 
жазған ежелгі түркі тілдерінің этникалық құрылымында қызмет етті, 
үшіншіден, қазақ тілі өзінің ортағасырлық тарихында (X-XIX ғғ.) туыс 
тайпалық тілдер мен қыпшақ тілдестер қоғамы негізінде олардың 
тілдік қасиеттерімен ортақ құрылым белгілерін жасады. Бұл белгілер 
ХІ-ХVІ ғ.ғ. құрылған жалпыхалықтық тіл негізіне кірді, төртіншіден, 
жалпыхалықтық қазақ тілі қазақ мемлекеті (1450 ж.) территориясындағы 
барлық этникалық топтардың бірігуі мен тоғысуы және бірте-бірте 
жалпы нормалар негізінде қалыптасты, бесіншіден, жалпыхалықтық 
тілдің әрі қарайғы дамуы (барлық құрылым саласында, XIX ғ II ж.) қазақ 
әдеби тілінің, оның екі түрімен (ауызша, жазбаша) қалыптасуына әкелді. 
Жазба тілі ауыз әдебиеті қатынауында пісіп жетіледі. Алтыншыдан, 
туыстас-тайпалық тілдердің көптігі мен олардың жеткізушілерінің 
шашыраңқы орналасқанына қарамастан қазақтардың әдеби тілі бірыңғай 
диалектілік негізде құрылды. Оның тұтастығы мен қуаттылығын да 
осымен түсіндіруге болады. Жетіншіден, қазақ тілі- табиғатынан бай, 
көркем де, бейнелі, ұлттық төл тіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет