2-китап indd



Pdf көрінісі
бет38/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Екіншіден,
бағдарламаның «қазақ халқының тарихи жадында 
жинақталып, тілінде сақталған рухани мұрасы бар ма, бар болса, 
оның ауқымы, мазмұн-мәні, көркемдік құндылығы қандай?» деген 
сауалға толық жауап беруге де мүмкіншілігі бар.
Бұл жүнінде түменде арнайы сөз болады. Дегенмен, қысқаша 
айта кетейік: бағдарлама қазақ халқының тарихи жадында сақталып, 
бүгінгі ұрпаққа жеткен рухани мұрасы байлығы жағынан ешбір 
басқа түркі халықтар мұрасымен салыстыруға болмайтын мол дүние 
екендігін аңғартады.
Үшіншіден,
бағдарлама «қазақ халқының рухани байлығы өзін 
қалыптастырған ана тілінің қабілеті мен мүмкіншілігінен мағлұмат 
бере ала ма?» дегенге тура жауап бере ала ма?
Бағдарлама бойынша жинақталып, жариялана бастаған ұлан-
ғайыр материал рухани байлықтың өзін ғана емес, сонша дүниені 
қалыптастырған барша көркемдік бояу-нақыштарымен бейнелеген 
қазақ тілінің жеке басының (өйткені басқа тіл элементтері көп 
араласпаған) құдіретті қуатын, зор мүмкіншілігінің айқын айғағы.
Төртіншіден,
бағдарлама жоспарланып, жинақталып, қызу 
жариялана бастаған мол рухани мұра ғасырлар бойы халқымыздың 
атына таңба, бетіне шіркеу болып келген 
«надан халық, сауатсыз 
ел»
деп күстаналаудан оны біретола арылта ала ма? деген сауалға да 
жауап бере алады.
Егер халықтың бар дүниесіне барынша әділеттікпен қарап, 
бағалайтын адам болса, онда түгел жиналып, жаңғырып халқына 
қайта оралған соншама мол дүниені көре тұра, ондай жаңсақ пікірді 
қайталамауы тиіс.


90
Бесіншіден,
халқымыздың барша рухани байлығын түгел қағазға 
түсіріп, хаттап, қолына ұстатудан ана тілімізге келер пайда мен тигізер 
шарапаты қандай болмақ? деген сауалдың жауабын да жұртшылық осы 
бағдарламадан күтуі орынды. Міне, бұл сауалға біз төменде кеңірек 
жауап бермекшіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет