2-китап indd



Pdf көрінісі
бет45/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Мағжан ақынның:
«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бар, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың,
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың»
- деуі осыны айғақтай түседі. 
Екіншіден,
«Мәдени мұра»
құндылықтарын, әсіресе жүздеген том 
болып шығып жатқан және шығатын тіл құдіретіне қатысты дүниелерді 
кітап сөрелеріне тізіп қою ғана бағдарламаның мақсатына жатпаса керек. 
Біздің пайымдауымыз бойынша бұл іс-шаралардың түпкі мақсаты, бір 
жағынан – халқымыздың рухын көтеру де, екінші жағынан - ана тіліміздің 
рухани дәрежесін көтеру.
Осыншама мол рухани-мәдени мұра қолына тигенде ол кімді болса 
да, әсіресе ұлтын сүйер зиялы қауым, білімді жас ұрпақ пен қарапайым 
жұртшылықты бейжай қалдырмауы тиіс. Өйткені бұл ұлттық, патриоттық 
сезімді қоздыратын қоғамда бұрын-соңды болмаған ерекше құбылыс. 
Егер бұл іс-шаралар дұрыс жолға қойылып, бағдарлама жүзеге асып, 
пайымдаған мәреден шығып жатса, қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қалың 
жұрт бұл игі мақсатты науқанға жаппай қатысып, белсене араласса, қазақ 
тілінің жағдайы күрт өзгеруі ықтимал.
Бұл іс-шаралардан ешкім де шет қалмауға тиіс. Әсіресе, тіл сүйер 
қауым мен тіл үшін күресті бір міндетім деп жүрген, ұйым құрып, өзінше 
күрес ашып жүрген көптеген тіл жанашырларының төл ісінің бірі – тіл 
құдіретімен дүниеге келіп, рухани-мәдени қазынамыздың ұйытқысы 
болып қалыптасқан ауыз әдебиетіміздің баға жетпес құндылықтарын 
уағыздау болса керек.
Үшіншіден,
«Ұлттық тіл де – ұлт мәдениетінің бір саласы» дедік. 
Демек, тіл байлығы да – мәдени мұра. Тіл байлығы, әдетте, тіл құдіретінен 


99
туындаған рухани-мәдени құндылықтарымыздың саны мен сапасына 
сәйкес келеді. Тек ауыз әдебиетінің таңдамалары үлгілерінің өзі жүздеген 
том болып жатқанда, сөз қорымыздың да аз болмайтындығы ғой. Бұл 
дүниелерімізді лексикографиялық еңбектерден анық көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет