32
тіліне қажетті праволық гарантияны орнатуға ұмтылған ізгі талабын түсінуге
болады деген ақ-әділ пікірін айтты.
Әрбір ұлт республикасының өзіндік ұлттық дәстүрі, тілдік ситуациясы
бар. Қазақ тілін мемлекетттік тіл ретінде ұсынғанда біз төмендегі
принциптерді қатал сақтауымыз керек: Біріншіден, бұл статус тек республика
территориясындағы қазақ халқы үшін ғана бірізділікпен сақталуы талап
етіледі; республикадан тыс туратын қазақтар үшін, тілдің мемлекеттік
статусын қабылдау-қабылдамау, ұстану-ұстанбау ерікті; екіншіден,
республикада орыс тілі орыс тілдес халықтар үшін ұлттық әдеби тіл, басқа
ұлттар өкілі, соның ішінде жергілікті қазақтар үшін ұлтаралық қызметін тең
тіл ретінде атқара бермекші; оның бұл статусы мемлекеттік тіл статусымен
терезесі тең тұрған паритетті жағдайда қызмет атқармақ; үшіншіден, қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі (функциясы) талғамалы-талдамалы
талапқа (избирательно-дифференцированный) сай, халықтың әлеуметтік-
демографиялық микро-макро-инфраструктурасына (яғни халықтардың аз-
көп, аралас-құралас отыруына) байланысты толық еркіндікті сақтау арқылы
жүзеге асырылады; төртіншіден, республика территориясында жасайтын
басқа халықтарға өз тілінде оқып білім алуына, қажеттігіне қарай үй; өндіріс,
мәдениет салаларында толық пайдалануына мүмкіндік жасауды мемлекеттік
тіл өз статусымен қорғауы керек; басқа ұлттардың өкілдері үшін қазақ тілінің
статусын қабылдау-қабылдамау ерікті, бірақ барлық жағдайда ол өзіне сол
халықтар өкілдерінің құрметпен қарауын талап етеді.
Осы сияқты қазақ тілінің мемлекеттік статусына байланысты ережелер,
талап-тілектер Тіл туралы заң болып, Қазақ ССР-ның Конституциясына
еніп, заңды түрде қабылдануы керек. Бұл болашақтың ісі, Қазақ ССР Ғылым
академиясының жалпы жиналысының қаулысында болашақ Тіл ту ралы
заңның жобасын жасау Тіл білімі институты мен Философия және право
ииститутына тапсырылып отыр. Әрине, ол Заңның жобасы дәстүрлі тәртіп
бойынша қалың көпшілік талқылауынан өтуі қажет.
Біздің бүгінгі әңгімеміз сол үлкен де жауапты істің бастамасы іспетті –
пікір алысу. Енді қалың көпшіліктің патиқасын күтеміз!
«Мәдениет және тұрмыс», 1989. (Сұхбаттасқан Б.Сапаралин)
Достарыңызбен бөлісу: