2-китап indd



Pdf көрінісі
бет18/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

шешім табуына жол ашты емес пе?
– Сөз жоқ, бұл екі қаулы жергілікті ұлт тілі мен ұлтаралық қатынас тілін 
оқып-үйренуді жақсарту ісіндегі игі қадам болды. Жер-жерлерде үйірмелер 
мен курстар ашылды, түрлі сөздіктер мен оқулықтар жарық көре бастады. 
Республика халқының бойында бір-бірінің ана тілін құрметтеу сезімі оянды.
Алайда бүгінгі күннің биігінен қарағанда, қаулыларда көрсетілген 
міндеттердің жүзеге асу қарқыны тым баяу. Оған ең алдымен қалалар мен 
қалашықтарда қазақ тілін үйренген күнде, оны күнделікті өмірде қолдануға 
толық жағдайдың, зәру қажеттіліктің жоқтығы өз әсерін тигізуде. Өйткені 
қалада тұратын қазақтардың бір қатары, әсіресе олардың балалары өз тілінде 
еркін сөйлей алмайды. Сосын қалаларда жергілікті тұрғын халықтың сан 
жағынан аз екені де белгілі. 
– Осы орайда Тіл білімі институтының тындырған ісі қандай?
– Әдетте, бұл саладағы олқылықтарды сөз еткенде, сын Тіл білімі 
институтының атына да айтылып жүр. Бірақ ол бір кезде ғұлама ғалым әл-
Фарабидің тіл туралы ғылымды бірінші орынға қойса, бүгінде ғылымдардың 
арасында соңғы орынды иемденіп, сан жағынан тілші-ғалымдардың Ғылым 
академиясындағы барлық ғалымдардың бір-ақ процентін құрайтынын 
білмеушіліктен туған пікір болса керек. Сондай-ақ, Тіл білімі институты 
тілдердің практикалық қолданылуы бағытындағы жұмыстармен ғана 
емес, негізінен тілдің фундаментальдық ғылыми проблемаларымен 
шұғылданатынын да ұмытпайық.
Ал енді тындырған іске тоқталсақ, ортақ іс үшін Институт 
қызметкерлерінің аянып қалған жері жоқ. Тек биылғы жылдың өзінде 
баспаға жиырмаға жуық еңбек тапсыруды жоспарлаған едік, ол ойдағыдай 
орындалуда. Солардың бірі таяуда жарық көрген қазақ тілінің орфографиялық 
сөздігінің толықтырылған үшінші басылымы.
Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін жазған ғалым Қазақ ССР 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Жақында қоғамдық ғылымдар 
терминдері сөздігінің 2 томдығы жасалып баспаға тапсырылды.
Алайда мұның бәрі тіл экологиясын қорғауға қосылған тамшыдай 
ғана үлес. Жалпы тіл экологиясын қалпына келтіруге бүкіл халық 
болып атсалыспасақ болмайды. Сол үшін Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің қос 
қаулысында көрсетілген міндеттерді басшылыққа ала отырып, Тіл 


37
білімі институтының жанынан республикалық «Ана тілі» қоғамын 
құруды қолға алдық. Оның арнайы статусы белгіленіп, өз Уставы мен 
программасы жасалды. Қоғамның «Қазақ тілі» атты өз журналы болуы 
керек. Сондай-ақ Тіл білімі институты жанынан ашылған «Желмая» атты 
ғылыми-өндірістік кооператив астана мекемелері мен ұйымдарының 
жиын мәжілістеріндегі сөздерді синхронды түрде қолма-қол аударуға, 
тілдерді оқып-үйрену жұмыстарын жақсартуға көмектесуді мақсат етеді.
Меніңше, тілші-ғалымдардың орынды ұсыныс-тілегі тиісті органдар 
мен республика басшылығы тарапынан қолдау табуға тиіс. Өйткені, бұл 
– бүгінгі өмір талабы.
– Әбдуәли Туғанбайұлы, біздің осыған дейінгі әңгімемізде қазақ тілінің 
бүгінгі халі мен ертеңгі болашағы туралы сөз болды. Біз өз тілімізде 
Ленин мұраларын оқыдық, энциклопедия шығардық. Қазақстанның бес 
томдық тарихын жасадық. Бұны бір деңіз.
Ал екіншіден, қазақ тілі оның тұтынушы халқымен бірге талай 
қиын тарихи ауыртпалықты бастан өткерген. Соның нәтижесінде, 
өзінің туған топырағының қоғамдық өмірінде тілдің әлеуметтік 
қызметінің бестен біріне ғана ие болды, яғни қолдану аясы тар деген 
сөз. Мен бұл арада қазақ тілінің орыс тілімен қатар 20-шы жылдары 
ресми іс-қағаздарында халыққа білім беру мен өндіріс салаларында 
кеңінен қолданылғанын еске алып отырмын (1923 жылғы декрет).
Соңғы жылдары қазақ жұртының бірқатары ұлт және ұлыс 
тілдерінің даму заңдарына қарап, өз ана тілінің де болашағына сенуден 
қалғандай...
Міне, осындай екі түрлі сипаты бар ұлт тіліне Қазақстан сияқты 
көпұлтты республикада мемлекеттік тіл статусын беруге болар ма еді? 
Егер болса, жергілікті тұрғын халықтың тіліне берілген артықшылық 
бауырлас басқа ұлт тілдерінің дамуына кері әсер етпес пе екен?
– Сұрағың өте ауқымды екен. Алдымен «мемлекетік тіл» туралы 
мәселенің басын ашып алайық. Өйткені мемлекеттік тіл дегенде елдің 
бәрінің есіне келетіні ұлт көсеміміз В. И. Лениннің ертеректе патшалық 
Россияның реакцияшыл, шовинистік саясатшылдарына қарсы айтқан 
«бір де бір ұлтқа, бір де бір тілге артықшылық болмасын» деген пікірі. 
Бұл контексте әңгіме орыс тілі жайында болды.
Ал ұлт тілдеріне келсек, қазірдің өзінде одақтас республикалардың 
жетеуінде (Грузия, Армения, Әзербайжан, Эстония, Латвия, Литва, 
Молдавия) ұлт тілі мемлекеттік тіл ретінде танылып отыр. Бұл 
білместіктен, я болмаса, ұлттық ерекшеліктен туған, не демографиялық 


38
жағдайдың өзгешелігінен туған шешім емес. Советтік еліміздің қай 
түкпіріне бармайық, қай ұлттық өлкені араламайық – барлық жерден 
біз аралас-құралас өмір сүрген көпұлтты халықтардың өкілдерін 
көреміз. Мүмкін бір республикада олар аз, енді біреуінде көп шығар. 
Бірақ бұл әрқашан да өзгеріп отыратын құбылыс. Қалай болғанда да 
жергілікті халықтың өз жерінде басқа ұлттардан аз, не көп болуына 
қарамастан ана тілін дамытуға, оның толыққанды тіл ретіндегі 
әлеуметтік қызметін, қолданыс аясын кеңейтіп, өмірдің барлық 
саласында пайдалануға праволы болса керек.
Мәселенің осы ыңғайда қойылып, қазақ тілін республика 
көлеміндегі мемлекеттік тіл деп тануға итерамелеп отырған жағдайдың 
бірі, сайып келгенде, ана тіліміздің көптеген объективті себептер 
салдарынан беделінің төмендеуі, қолданыс аясының тарылып, 
атқаратын қоғамдық қызметінің ауқымы «от басы, ошақ қасымен» 
шектеле бастауы болса керек. Сондықтан да оны мемлекеттік тіл 
дәрежесінен көруге талпынуды – есейген елдің елдігін танығысы 
келетіндігі, ұлттық санасы оянып, ана тілінің аянышты халін терең 
сезіне білгендігі, демократия жағдайында мәселені ашық айтып, 
халықтың конституциялық правосын талап етуі деп білген жөн.
Осы бір шындықты бұрмаламай, бұзбай, бәріміздің де дұрыс 
түсінгеніміз жөн. Бұл ескертудің себебі де жоқ емес. Мәселенің 
байыбына терең барса да, бармаса да «қазақ тіліне мемлекеттік тіл 
статусын беру керек» деп оның күн тәртібіне қойылуына мұрындық 
болып жүргендер, қазірше ғылыми-творчестволық зиялылар мен 
студенттер қауымы. Дегенмен, бұл талаптың орынды екеніне, оның 
ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір дұрыс шешімін табатынын іштей сезсе 
де, кейбір жолдастардың бұл жөніндегі пікірі басқаша.
Сөйтіп, республикамыздағы тілдердің статусы жайында бүгінде 
елге белгілі екі түрлі пікір, принцип бар. Оның бірі – газет беттерінде 
біршама қолдау тауып отырған, «мемлекеттік қостілділік», яғни 
қазақ және орыс тілдерінің мемлекет тілі ретінде қатар қолданылуы 
болса, екіншісі – біз сөз еткендей, тек қазақ тіліне ғана мемлекеттік 
статус беру, орыс тілінің ұлтаралық қатынас қызметін сақтай отыра 
республикадағы басқа ұлт тілдерінің толық дамуына мүмкіндік жасау.
Осы арада біз екінші принципті қолдай отырып, «мемлекеттік 
қостілділік» принципін мүлде жоққа шығара алмаймыз. Ол күні 
бүгінге дейін орын алып келген (қазақ тілі мен орыс тілінің және басқа 
ұлт тілдерінің ара қатынасының, нақтылы жағдайын айтып отырмыз) 


39
тілге деген стереотипті көзқарастан әлдеқайда прогрессивті принцип. 
Мұнда тоқырау заманындағы тілдік тоқыраудан шығудың ізденістері 
бар. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге тырысу, қайткен күнде де 
ана тілді сақтап қалу тенденциясы байқалады.
«Қазақ әдебиеті», 1989 . 3 наурыз, 
(Сұхбаттасқан Ж.Қалыбаев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет