29
Оған да шүкіршілік! Бірақ осы жазуы бар халықтарымыздың бұдан он
жыл бұрын тек 55-інің ғана өз балаларын ана тілінде оқытып тәрбиелеуге
мүмкіншілігі болған. Ал қазіргі жағдай одан да мүшкіл, 55 деген сан 39-
ға дейін күрт түсіп кетіп отыр. Демек біз 30-шы жылдардың басындағы
деңгейден де төмен құлдилап кеткенбіз. Сонда бұл құлдыраудың себеп-
сыры неде болғаны?!
В. И. Лениннің «Ұлттардың өзара жақындасуы және тіпті бірігуі»
деген тезисін көбіне тіл аясына ауыстырып, «ұлт тілдерінің бірігіп,
түбінде бір тілге айналуына мезгеп отыр» деп топшылап елді шатастырып
келдік. Осы орай да И. В. Сталиннің «Марксизм және тіл білімі» (М.,1951)
деген орашолақ еңбегі де есімізге түседі. Ол өзінің А. Холоповқа берген
жауабында: «Ұлттардың экономикалық, саяси және мәдени өзара ұзақ
қарым-қатынасының нәтижесінде алдымен әбден байыған бір тұтас аймақ
тілі бөлініп шығады, одан соң олар жержүзілік жалпы бір тілге барып
саяды...» (сол еңбектің 52-бетінде) деген болатын. Жасыратыны жоқ, күні
бүгінге дейін кейбір ұлт өкілдерінің ана тіліне енжарлықпен қарап, «Ана
тіліміздің алдында жарқырап тұрған болашағы жоқ, бас қатырып оған
балаларды үйретудің қажеті не, қазірден-ақ бір тілге ауыса берейік»,–
дегендей пиғыл танытуы соның салдары болса керек.
Бұған қосымша кейбір ғалымдардың кейінгі кезде ұлт тілдерінің
әлеуметтік жағдайын, қолданыс шеңбері мен қоғамдық қызметін анықтауға
байла нысты оларды өзара «болашағы бар», «болашағы шамалы» және
«болашағы жоқ» деп жіктеп, «көріпкелділікке» салынуын да құптарлық іс
деп қарауға болмайды. Тілдің қатыспайтын жері жоқ. Ол сайып келгенде
экономикалык, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өміріміздің барлық
саласына, демо графия, миграция, урбанизация, ғылым, ағарту ісі т.с.с.
толып жатқан құбылыстардың камертоны болып саналады!
Достарыңызбен бөлісу: