2-китап indd


«оның коммулятивтік міндеттеріне жатқызады»



Pdf көрінісі
бет36/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«оның коммулятивтік міндеттеріне жатқызады»
дедік. Олардың ең бастысы – этникалық қауымдастықтың басып өткен 
барша өмірі мен бүгінгі болмысының арасын үзбей жалғастырып, рухани 
көпір болуы. Демек, тілдің бұл қызметі - халықтың тарихи санасы мен 
жадын білдіреді деген сөз.
Ұлттық мәдениетті, әдетте, 
«материалдық (заттық) және рухани 
мәдениет»
деп екіге бөліп қарау дәстүрі бар. Тіл бұлардың екеуіне де 
қатысы бар және өзі де ұлттық мәдениеттің үлкен бір саласы болып 
саналады. Ұлттық мәдениетке әсіресе тіл негізінде дамитын рухани 
мәдениетімізге халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған бай ауыз 
әдебиетінің сан алуан үлгілері, небір дүлдүл ақын-жырауларымыз бен 
шешен де ділмар дана бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған бай 
мұрасы, ертегі, қисса, әңгімелері мен мақал-мәтел, тағылым-тәрбиелі, 
аталы сөздері жататыны белгілі.


88
Міне, осыншама мол рухани дүниеміз ана тіліміздің жоғарыда 
көрсетілген коммулятивтік қызметі арқасында түгелдей қағазға 
хатталмаса да, халқымыздың жадында сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетіп 
отыр.
Осыншама мол дүниенің болашақ ұрпаққа қалай және қай қалпында 
сақталып, қандай жолдармен жетіп отырғаны бүгінге дейін көп сөз бола 
бермейтін. Өйткені кешегі партакратиялық идеологияның ұстанған 
принципі бойынша өткендегінің бәрі, әсіресе оның өзекті саласы 
саналатын рухани дүниесі бүгінгі күннің талабына сай келе бермейтін 
қажетсіз мұра ретінде көбісі беті ашылмай, ашылса да, оқырман қолына 
жетпей, архивтердің сөрелерінде жылдар бойы шаң басып жатқаны 
баршаға белгілі.
Міне, сол мәдени мұраға деген әділетсіздік енді ғана, тәуелсіздікке 
қолымыз жеткен елімізде ғана, оң шешімін тауып отыр. Ұлттық тіл де, 
сол тіл арқылы өсіп-өнген ұлттық мәдени мұра мен басқа да өркениет 
нышандары тек тәуелсіз елде ғана дамитындығына жұрттың көзі жете 
бастады.
Осы орайда, Елбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет