2-китап indd



Pdf көрінісі
бет35/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

эстетикалық қызметі
белгілі этникалық қауымдастықта қалыптасқан 
көркемөнердің (сурет, сәулет, бейне, музыка т.б.) небір ғажайып үлгілерін 
тіл арқылы бейнелеп жеткізуде, табиғат пен қоғамдық өмірдегі небір 
ғажайып құбылыстарды сөздің құдіретті күшімен әсірелеп танытып, 
адамның жан дүниесіне эстетикалық ләззәт сыйлаудан айқын байқалса, 


87
бұрынғы өткен ата-бабаларымыздан ұрпағына рухани мұра болып қалған 
мол қазына – ақыл-парасат, аталы сөз, даналық пен өсиет-тағылымдардың 
баршасы тіліміздің 
коммулятивтік қызметі
арқылы үзілмей жалғасып 
отырады.
Тіліміздің бұл екі саладағы, өзара астарлас әрі тығыз байланысты 
қызметтері ұлттық мәдениетіміздің ғасырлар бойы дамуындағы үзілмес 
өзегі, қайнар бұлағы болып саналады. Тілдің осы бір абзал қызметі 
тәркіленген қауымда ұлт мәдениетінің сақталуы да мүмкін емес, ол 
да жоғалады. Ал, мәдениетсіз қауым – ол есте жоқ ескі замандардағы 
жабайылардың бір тобыры ғана.
Осы орайда елдігіміздің негізі – ұлттық мәдениетімізге, ал ұлттық 
мәдениетіміздің негізі – ана тілімізге тікелей байланысты екендігіне 
ерекше көңіл аударған жөн.
Біз әдетте: «
тіл – мәдени мұраның үзілмес өзегі», «тіл – мәдени 
қазынаның қайнар бұлағы»
деген ұғымдарды жиі қайталаймыз. Сондағы 
мақсат: Мемлекеттік тілдің абыройын арттырып, мәртебесін көтере түсу 
үшін ғана емес, сонымен қатар 
«ана тілі»
атты сирек кездесетін, тіпті 
бір жойылса, қайтып тіріле қоймайтын феноменнің ең алдымен ұлттық 
мәдениетімізге тікелей қатыстығын, оның бұл салада атқарып келе 
жатқан абзал қызметі бар екенін бүгінде егемен ел, тәуелсіз мемлекет 
болып, айы оңынан, жұлдызы солынан туып отырған қазақ қауымының 
есіне салып, оның осы бір ерекше қасиетін, жауапты міндетін дұрыс 
бағалай білуге шақыру.
Ана тіліміздің ұлттық мәдениет саласында атқарып келген 
қызметтерін ғылымда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет