2-китап indd



Pdf көрінісі
бет37/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Нұрсұлтан Назарбаевтың
өз бастамасымен 
қабылданып, тікелей қамқорлығының арқасында бүгінде жүзеге 
аса бастаған 
«Мәдени мұра»
атты мемлекеттік бағдарламаны қазақ 
халқының мәдени өмірінде бұрын-соңды болмаған мәні мен мақсатын 
бірден жеткізіп айту қиын ғажайып тарихи оқиға деп қарауға болады.
Осы бағдарламаны өз басым егемендігімізді алғаннан кейінгі бар 
болғаны он-он бес жылдың ішінде тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан 
Қазақстан экономикасын дамытып, елдігін жер жүзіне танытып, рухани-
мәдени революция іспетті келелі де игілікті өзгерістерге бетбұрыс деп 
білемін.
Мені «осы бір ғаламат әрекеттің астарында нендей идея жатыр, 
ол рухани-мәдени өмірімізге нендей жақсылық әкелмекші?» деген ой 
көп мазалайды. Сонда менің өзіме таныс қазақ қауымының кешегі, 
бүгінгі және ертеңгі жағдайын, оның рухани-мәдени өміріндегі шешімі 
табылмай шиеленіп жатқан күрделі мәселелерді көз алдыма елестете 
отырып, ойланып-толғана келе өзімше көңілге түйгенім мыналар:
Біріншіден,
«Мәдени мұра
» бағдарламасы, әсіресе оның рухани 
мәдениетке қатысты саласы, бүгінде әлем танып отырған және саны 
күн сайын көбейе түскен танығысы, білгісі келетіндердің Қазақстан мен 
қазақтардың кім болғанын, кім екенін айқындауға байланысты тарихи 
сауалға берілер нақтылы жауап.


89
Осы орайда ескерте кетейік: бүгінде барша әлемге таныла бастаған 
қазақтар мен Қазақстанды шетел уәкілдерінің ілуде біреуі ғана дұрыс 
таныса, не танығысы келсе, қалың көпшілігі, 
«Жер астынан жік 
шықты, екі құлағы тік шықты» 
дегендей, 
«Қазақстан» 
деген тек 
географиялық қана ұғым еді, 
«қазақ»
деген халық пен 
«қазақ тілі» 
деген ұғымдар өркениет әлемінде белгісіз еді. Бұлар аяқ астынан 
қалай пайда бола қалды? Жоқ тілін барлыққа келтіріп, Ресейдің 
бір өлкесін қазаққа айналдырып, ондағыларды өз тілінде сөйлетуге 
күштеуі түсініксіз… т.б. осы сияқты қаңқу әңгімелерін көпіртіп 
жазып, жариялап жатқандығы сауатты қауымға мәлім.
Бұл бағдарлама, міне, сондайларға да берілер жауаптың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет