153
болды. Оны шығарған мен едім. Біз халықтың өз тілін білмейтін, шала
білетін қырық процентке жуық адамдарының сана-сезімін оята алмай
келеміз. Егер санасы бар адам болса, олардың түсінетін уақыты болды.
Теледидардан, радиодан, баспасөзден аз айтылып жүрген жоқ. Барлығы
айтылды. Байқап қарасаңыз біз бәрін тек қазақ тілінде ғана айтып жүрміз.
Бұл біржақтылыққа ұрындырды. Біздің «Ана тілі» газетіміз де қазақ тілін
насихаттайтын басқа да, газеттер қазақ тілінде шығады. Қазақша газет
оқитындар түсінеді, біледі. Ал оқымайтындар сол бұрынғы күйінше қалып
келеді.
Республикадағы орыс тілінде шығатын газеттер қазақ тілін
насихаттауға жұмған аузын ашпайды. Қазір бәрін ашық айтамыз, ашынып
сөйлеп жатырмыз. Бірақ біздің айтқандарымыз оларға жетіп жатқан жоқ.
Сондықтан да біз «Ана тілі» газетінің бір бетін орысша етіп шығаруды
да ойластырғанбыз. Бәрібір қазақша газетті олардың алып оқымайтынын
ескеріп, бұл қадамға бастағанымыз жоқ.
Егер біздің тіл туралы бүгінгі сөзіміз, мұқабамыз сол қазақша
білмейтіндер мен нашар білетін қырық проценттің құлағына жетпесе біздің
күресіміз ұзақ уақытқа созылып кете ме деп қауіптенемін.
Ал осы тілдік негізде, қала мен ауыл жастары арасында түсінбестіктер,
жиі-жиі шекісіп қалушылықтар болып жүр. Қырық процент белгілі
әлеуметтік жағдайлармен тікелей өзімізге де байланысты шаңырақтан
шығып кеткендер. Сондықтан ақыры түсінбейді деп, олардан теріс айналмай
қара шаңырақтың астына қайтаруымыз керек. Қазіргі үлкен міндет – осы.
Достарыңызбен бөлісу: