2-күн тапсырмасы 1-тапсырма. Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық ұстанымдардың қолданыстағы бағдарламамен үндестігін зерделеп, «Қазақ тілі»



Дата08.12.2023
өлшемі18,99 Kb.
#135002



2-күн тапсырмасы


1.1-тапсырма. Қазақ тілін оқытудағы дидактикалық ұстанымдардың қолданыстағы бағдарламамен үндестігін зерделеп, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің оқу бағдарламаларындағы мақсаттарымен сәйкестендіріңіз.

Ұстаным

Жаңа бағдарламамен үндестігі

Оқу мақсаттары

Оқытудың ғылымилық ұстанымы

Оқылым, жазылым, әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімдерінің барлық оқу мақсаттар жүйесі осы бойынша тізілген.




Жүйелілік ұстанымы

Оқу материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі. Бұл ұстаным жаңа материалдарды түсіндіруде, тексеруде, үй тапсырмасын беруде, оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады.




Оқытудың көрнекілік ұстанымы

АКТ құзыреттілігі
Мультимедиялық сауаттылық
Ақпараттық сауаттылық




Саналылық және белсенділік ұстанымы

Оқушылар әңгіме, поэзия, драма, ғылыми және бұқаралық ақпарат материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады, оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады.




Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы

Оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асыруы.




Түсініктілік ұстанымы

Оқу материалына дәл анықталған материалдарды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен ұғымдарды пайдалануды көздейді.




Жеңілден ауырға қарай ұстанымы

Біртіндеп оқу материалын күрделенеді.




Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы

Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде олардың психикалық қасиеттерін, оқуға бейімділігі мен икемділігін ескереді.






2-тапсырма.'>1.2-тапсырма.Таңдалған оқу мақсаттары мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін қаншалықты арттырады?
Таңдалған оқу мақсаттары мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін арттыруда маңызы зор. Оқушыларға тілді меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады.
2-тапсырма. Тыңдаушыға арналған нұсқаулықта(18-20-беттер) берілген жеке тұлғаға бағытталған оқытудың ерекшеліктерін айқындаңыз.

  1. Саралап оқыту­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Саралап оқыту тəсілі оқу үдерісін оқушылардың əртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін əртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Саралап оқыту тəсілі əртүрлі оқушылар тобының оқу əрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту əдістерін жəне іс-əрекеттерді саралау тəсілдерін қамтиды.



  1. Даралап оқыту

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту əр оқушының жеке дара ерекшелігіне қарай оқыту тəсілін таңдау идеясына негізделген. Жүргізілетін жұмыс оқушының дамуына қатысты болады, оған сыртқы мотивация əсер етеді. Нəтижесі – ішкі мотивация, мақсаты – оқу бағдарламасын меңгеру. Жеке оқытудың нақты мысалы барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған инклюзивті білім беріледі. Жеке оқыту жағдайында оқу үдерісі үшін жауапкершілік үшінші тарапқа (мұғалімге, ата-анаға, заңды тұлғаларға, мемлекетке) жүктеледі. Жеке оқыту қағидаты бойынша білім беру үдерісін оқушылардың өздері ұйымдастырады. Баланың өзі қай бағытта дамитындығын өзі таңдайды жəне оның бекітілген мектеп бағдарламасын ұстануы маңызды емес.



  1. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту

Оқушына тұлға ретінде құрметтеуді, оның моральдық-этикалық қасиеттерін, қабілеттерін ескере отырып, үйлесімді қалыптастыру және жан жақты дамытуды білдіреді.
Мұғалім мен оқушының арасындағы тұлғалық қарым-қатынасты, оқушыны тұлға ретінде құрметтеуді, оның моральдық-этикалық қасиеттерін, əлеуетті қабілеттерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру жəне жан-жақты дамытуды білдіреді. Қазақ əдебиеті бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұлғаға бағдарланған тəсіл оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, тіл мен əдебиетке қатысты күрделі мəселелерді талқылау барысында өзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, өз бетінше тұжырым, қорытынды шығару, қарастырылып отырған оқиғалар мен үдерістерге өзіндік көзқарасы мен пікірін білдіруді көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет