I тарау
1.Ғалым Н.А.Слюсарева морфологиялық категорияларды синтаксистің қандай аспектілерімен байланыстырады және олардың қандай қызмет атқаратынын атап өтіңіз.
Ж: Слюсарева морфологиялық категорияларды синтаксистің төрт аспектісімен байланыстыра сөз етеді.Олар : актуальді,логикалық,құрылымдық,аналогтік аспектілер.Актуальді және құрылымдық аспектілер қатысымдық қызмет атқарады да,логикалық және аналогтік аспектілер когнитивтік қызмет атқарады.
II тарау
2.Контент классификациясы туралы ғалымдардың жіктеуіне тоқталып кетіңіз.
Ж: Контекст туралы мәселеде контекст классификациясы ерекше орын алады.Контексті көлеміне қарай топтастыру орын алған.Контексті микроконтекст,макроконтекст және мәтін деп бөлу Г.Колшанскийге тән.Ол микроконтексті бір сөйлем,макроконтекстті абзац,мәтінді мәтін көлемінде алады.В.Кодухов контекстің минимальді және максимальді түрлерін ажыратады.
3.Зерттеушілер Ю.Левицкий,Г.Колшанский,Н.Шведовалардың айтылысқа қатысты ортақ көзқарасы қандай болды?
Ж: Айтылыс – қатысымдық қызметке ие деп бір көзқараста ортақтасады,яғни олар сөйлемді атауыштық бірлік,ал айтылысты қатысымдық бірлік дейді.
III тарау
4.Тәуелдік жалғаудың экспрессивтік қызметіне тоқталып,мысалдар келтіріңіз.
Ж: Қазақ тіліндегі қаратпа сөздердің көпшілігі тәуелдік жалғау арқылы жасалып отырады.Мұндай қаратпа сөздердің құрамындағы тәуелдік жалғауларында тәуелділік мағынасы болмайды.Тіпті мұндай эмоциялық мәндегі сөздердің құрамында олар қалыптасып қалған көне тұлғалар болып қалған.Қаратпа сөздердегі тәуелдік жалғаулары еркелету,құрмет тұту,сыйлау,жақсы көру сияқты т.б эмоциялық мәндерді білдіреді.Мысалы, Бүгін біздің үйде той бар еді,шырағым.Ер деуші едім,айнам,неге өзгердің?
5.Зат есімнің заттың атын білдірмейтін семантикалық топтары
Ж: Заттың атын білдірмейтін сөздердің ішінен негізгі үш топты қарастыруға болады : 1)оқиға мәнді зат есімдер : жағдай,хал,себеп,көрініс,тарих,т.б
2)ойлау мәнді зат есімдер : ой,түйін,сыр,күдік,бақылау,идея,тезис,т.б
3)сөйлеу мәнді зат есімдер : әңгіме,уәде,хабар,өсиет,ақпарат,жарлық,т.б
6. «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр,тегіс келсін айналасы» - осы өлең шумағындағы сөйлемдегі ойдың ұйытқысы болып тұрған сөзді атап көрсетсеңіз?
Ж: «өлең» сөзі.Өлең сөзі айтылар ойдың діңгегі болып,сөйлемдерді мағына жағынын да,құрылымы жағынан да өз маңына топтап,ұйымдастырып тұр.
IV тарау
7.Мәтін категорияларына қатысты барлық ғалымдар ортақ тұжырымға келген ұғымдарға тоқталыңыз
Ж: Тұтастық және байланыстылық категориялары.