«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ АКТУАЛЬДІ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ШЕШУ
Газдрубалқызы Елік
Астана қаласы №52 мектеп-гимназиясы
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік
сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын
жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге
асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рӛл атқарады. Осы
орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу
үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда
қолданыс аясын кеңейту керек» деген сӛзін басшылыққа ала отырып, сабақта
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай кӛшуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа
ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы
ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып
табылады.
Кӛптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні
сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың
құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері
белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық ӛзгерістердің
заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия
пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын,
құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар
практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты
күнделікті сабаққа:
-мультимедия
(видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сӛздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. кӛрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай
нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға
мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту
мұғалімнің сабақ ӛткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың
интерактивті әдіс-тәсілдері ӛте кӛп. Педагогикалық ғалым мен озық
тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің
бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап
алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті ӛтуінің кепілі. Осы ретте мына
мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз ӛткен сабақтарға ӛзіндік талдау жасап ӛз кемшілігін
іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық,
ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа
талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы
керек. Ӛйткені, сабақ-мұғалімнің ӛнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты
тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын
жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім
сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты
арқылы жоғары деңгейдегі кӛрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман
ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе,
оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша
материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып,
шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер
кӛмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек
компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат кӛзін:
анықтамаларды,
химиялық
формулалар,
сӛздіктерді,
теледидар
бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сӛз. Мысалы, бір ғана
химиялық формуланың ӛзінен кӛп ақпарат алуға болады. Химиялық
формула-химиялық тілдің ең маңызды бӛлігі болып есептелінеді, себебі сол
заттың химиялық құрамын ажыратып береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға ӛз
бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, ӛз жұмысының нәтижесін кӛріп, ӛз ӛзіне сын кӛзбен қарауына және
жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін
сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы
басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі
заман талабына сай білімберу. Сабақтың сәтті ӛтуі біріншіден, мұғалімнің
біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ
материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, тӛртіншіден мұғалім мен
оқушының кӛңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті ӛткізе
білу мұғалімдер қауымынан кӛп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және
тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың
бірнеше алғышарттары бар. Олар:
- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары
нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет Дұрыс құрылмаған сабақ
жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп
ала білу.
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды
мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа
технологияларды пайдалану. Бұл орайда инновациялық технологияларды пән
бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына
зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге
оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану
барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап,
диагностикалап отыру да артық болмайды. Ӛйткені мұғалім тарапынан білімі
мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер қатарына
қосылады. Бұл ӛз кезегінде сабақтың сәтті ӛтуіне зиянын тигізбей қоймайды.
Ақпараттық
технологиялардың
бірі
–
интерактивтік
тақта,
мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру
мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта
Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік
интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Ӛзім жұмыс жасайтын мектепте
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.
Мектептің информатика кабинетінде интерактивті тақта орнатылған.
Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты ӛткізуді ойластырып,
жоспарлаймын.
Тақтаны
қолдану
арқылы
оқушылардың
қызығушылығын,
интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Ӛз басым
интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан
зертханалық сабақтарды ӛткізген кезде жиі қолданамын. Мысалы:
Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда
оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық
қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге,
оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның
элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана
қоймай, кӛздерімен кӛріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті
тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды
аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін
қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.
Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта
бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың
материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті
тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім
деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт
беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі –
ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс –
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі
жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс
істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес,
мұғалімнің дидактикалық әдістемелік кӛмекші құралы да болып табылады.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын
жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және
ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі
оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы
ақпараттық
қоғам
аймағындағы
оқушылардың
ойлау
қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі
жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта
мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Мультимедиялық
технологиялар
кӛбіне
компьютерлік
сыныптарда
қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты кӛптеген
компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің кӛмегіне
сүйеніп ӛткізуге кӛп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде
интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды кӛздейтін аппараттық-
бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық
материал презентациялық монитор кӛмегімен кӛрсетіледі. Химия пәні
бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық
танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше
бірнеше қайтара ӛтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум
талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз
уақыттың ішінде бағдарламаның кӛптеген киын сұрақтарын формулалар мен
эксперименттер кӛрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында
жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып ӛз бетінше жұмыс істеу
факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын
ұйымдастыра отырып, сабақтар ӛткізуді қолға алдым.
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында
оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бӛліп, ӛз
бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды
жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, ӛзіндік
дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы
орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында
анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды
біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін,
тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, ӛмірге ғылыми кӛзқарасын
дамытуға ӛткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Кім кӛп біледі?», «Білгір
химик», «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім кӛп біледі?», «Кім
жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық
ойындарын қолданамын. Алынған ӛзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра
және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе ӛзін-ӛзі бағалай білетін,
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра,
оқушының білім сапасын кӛтеремін, алған білімдерін ӛмірмен ұштастыруға
бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы
оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық
ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: 9 сыныпқа
«Фосфор. Фосфордың қасиеттері» тақырыбында ӛткен ашық сабағым
«сатылай кешенді талдау» стратегиясын пайдаланғанда ӛте сәтті ӛтті.
Сабаққа тірек сӛздер, инсерт кестесін қолдандым. Фосфордың химиялық
қасиеттерін видеоролик арқылы кӛрсеттім. Ақпарат құралдарын пайдала
пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын
арттыру мақсатында ӛткізген 8 «А» сыныбы бойынша «Сутек. Қышқылдар.
Тұздар» тақырыбындағы сабағым оқушыларды ынтымақ-бірлікке, тез
ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтірді. Осы сабағыммен
аудандық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасына қатынасып, дипломмен
марапатталдым. 8 «Ә» сыныбында ӛткен «Тұздар. Құрамы мен химиялық
қасиеттері» сабағында ӛткен тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру
кезінде пәнге қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап ретінде «миға
шабуыл», «кім жылдам?», «біліміңді байқап кӛр» ойын элементтерін
қолданып, оқушылардың белсенділігін арттырдым. Сабақ ӛте сәтті шығып,
іс- тәжірибем мектеп мұғалімдеріне таратуға ұсынылды. Химия- биология
пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында «Нашақорлық-қазіргі заман
індеті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын бердім. 9 сынып бойынша
«Темір», «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбындағы сабағымда
тірек сызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар арқылы,
электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау,
ойлау қабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен
техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан
тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық сауаттылығын
арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс
жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар
викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы
ой-ӛрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту
қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген
нақыл сӛздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сӛздік қорларын
молайтып, ӛткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру
кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әр тарауды ӛткен соң, химиялық
диктант, ӛздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік
тапсырмалар ӛткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп,
тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар,
сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге
қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен
оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай
жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты
құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп ӛздеріне бағалатамын. Егер жауап-
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
75%-дан жоғары болса-«жақсы»,-50%-ға дейін «қанағаттанарлық»,-50%-дан
тӛмен-білім деңгейі «тӛмен» кӛрсеткішпен бағаланады. Оқушы білімін
бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен ӛз бетінше іздену
дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай
сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Баға-бейне
бір белгі және сонымен қатар ӛлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік
дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік
тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын.
Химиктердің ӛмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең
қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты химиктердің ӛмірбаяны
жӛнінде ақпарат құралдарынанан энциклопедиялық мәліметтер ала алады.
Сонымен қатар, оқушылармен сабақта «Химик анықтамалығы» журналына
шығатын СD-де ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі пайдаланамын.
Журналға шығатын презентациялар кез- келген тақырып үшін таптырмайтын
құндылық және оқушылар кеңірек мәліметтер алады. Мысалы: «Күкірт және
оның қосылыстары», «Азот», «Атом құрылысы», «Хлордың қолданылуы»,
«Кремний», «Аммиак», «Күрделі эфирлер», «Кӛміртек», «Қышқылдар»,
«Негіздер», «Алюминий» тақырыптарына арналған сабақтарымда слайд
материалдарын кең қолдандым. Жалпы оқушылардың ақпараттық
технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар ӛз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер
барысында анықтайды.
7. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі –
оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету
жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны
мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды
талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни
ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы –
жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету
мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Менің де
оқушыларым арнайы берілген үй тапсырмасын дискіге жазып жүреді.
Зертханалық жұмыстар жүргізген уақытта тағамдар құрамындағы зиянды
заттардың құрамына талдау жасадық Мысалы, жеңіл тұздалған селедка
балығын алып, оны ұзақ мерзімде сақтау үшін уротропин қоспасымен
ӛңдейтіні туралы ақпарат алдық. Ал сірке қышқылына қосылған уротропин
ӛте улы формальдегид қоспасына айналады. Бұл – адам ағзасы үшін ӛте
қауіпті зат. Ол кӛру, есту, дем алу мүшелеріне залал келтіріп, орталық жүйке
жүйесін де зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар, картоптан жасалған фри мен
«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы
Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»
үй жағдайында пісірілген картопты бӛлек ыдысқа салып сақтап, арада 45 күн
ӛткенде үйде пісірілген картоптың бұзылып, шіріп кеткенін, ал арнайы «Фаст
фуд» фирмасынан шыққан ыдыста дайындалған фри ӛзінің тауарлық түрін
жоймай сақтағанын кӛрдік.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан
оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды
жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде –
ӛздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі
таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі
жоғары деп есептейміз. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші,
менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым
еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи
техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына ӛз үлесін
қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар ӛз пәнін
жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын
шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің
оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің
жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, ӛз шәкірттеріме білімімді одан әрі
жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу –
негізгі мақсатым.
Достарыңызбен бөлісу: |