2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ



бет13/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
8-такырып

Дизельгенераторлар 600 - 1500 айн/мин айналу жиілігіне есептеледі және роторы айқындалған полюсті етіп жасалады. Дизельгенераторлар негізінен электр энергиясының резервтік көзі ретінде, олардың жұмысы электрмен жабдықтаудағы апаттық шығындардың болуына мүмкіндік бермейтін объектілерде пайдаланылады (банктер, әскери объектілер және т.б.).
Синхронды машиналардың үлкен тобын синхронды қозғалтқыштар құрайды, олар әдетте бірнеше мыңдаған киловатт қуатқа дейін жасалады және айналу жиілігін реттеуді қажет етпейтін қуатты желдеткіштердің, диірмендердің, насостардың және басқа құрылғылардың жетегі үшін арналады.
https://www.youtube.com/watch?v=Fk-0M74iT7I


Синхронды машиналардың құрылысы
Синхронды генераторлар мен синхронды қозғалтқыштар құрылысы жағынан бірдей болатындықтан, олардың құрылысы бірге қарастырылады.
Синхронды машина (генератор және қозғалтқыш) үш фазалы орамасы бар статордан және тұрақты токтың қоздырушы орамасынан құралады.
Синхронды машинаның статоры. Синхронды машиналардың статорларының асинхронды қозғалтқыштың статорынан түптеп келгенде ешқандай айырмашылығы болмайды, яғни корпустан, өзекшеден және орамадан құралады.
Синхронды машиналардың құрылымдық орындалуы машинаның атқаратын міндетіне және габаритіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қуаты үлкен болатын көп полюсті машиналарда статор өзекшесінің диаметрі 900 мм асқан кезде өзекшенің пластиналарын жеке сегменттерден жасайды, оларды құрастырған кезде статор өзекшесінің цилиндрі құралады. Ірі габаритті машина статорларының корпустарын жалғағыштық етіп жасайды, ол бұл машиналарды тасымалдағанда және монтаждағанда ыңғайлы болу үшін қажет.
Синхронды машинаның статор орамасы. Синхронды машинаның статор орамасы үш фазалы жүйенің ЭҚК индукциялау үшін (үш фазалы синхронды генератор) немесе тұрақты айналушы магнит өрісін тудыру үшін (үш фазалы синхронды қозғалтқыш) арналған. Ол үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың статор орамасына ұқсас болады. Дегенмен синхронды генератордың статор орамасы тек қана «жұлдызша» сұлбасы бойынша жалғанады. Синхронды генератордың орамасы «үшбұрыш» сұлбасы бойынша келесідей оймен іс жүзінде қолданылмайды. «Үшбұрышша» жалғаған кезде статор орамасында желілік кернеу болады, ал «жұлдызша» жалғаған кезде – фазалық кернеу, ол желіліктен 3 есеге аз болады. Демек, «жұлдызша» сұлбасы бойынша жалғанған орама үшін оқшауламасының қалыңдығы аз болатын өткізгіш пайдаланылуы мүмкін, ол қуаты бірдей болатын машиналардың габаритінде білінеді.
Бұдан басқа, егер синхронды генератордың статор орамасын «үшбұрыш» сұлбасы бойынша жалғаса, онда магнит өрісінде сәл ғана симметриясыздық жағдай болғанда, статор орамасында индукцияланатын ЭҚК – де үшке еселік гармоникалық құрауштар пайда болады және өзіне - өзі тұйықталған орама бойынша тіпті генератордың бос жүрісі кезінде де, қосымша шығынға және генератордың қуатын төмендетуге әкелетін теңгеруші ток жүретін болады. Статор орамасын «жұлдызша» сұлбасы бойынша жалғаған кезде бос жүріс режимінде теңгеруші ток болмайды, себебі фазалардың орамалары ажыратулы.
Синхронды генератордың үш фазалы орамасын «жұлдызша» сұлбасы бойынша жалғаған жағдайда одан бір мезгілде мәндері бойынша екі түрлі болатын кернеу алуға болады: желілік және фазалық ( ).
Синхронды генератордың үш фазалы орамасын «үшбұрышша» сұлбасы бойынша жалғаған жағдайда, синхронды генератор электр энергиясының бір мәндегі кернеуінің қорек көзі болады: желілік кернеу фазалық кернеуге тең ( ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет