2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
sihymbaev madeniettanu

Дәрісті өткізу формасы
: пресс-конференция 
Терминдер:
мәдени сұқбат, вестернизация, футурология, , 
бұқаралық мәдениет,
экзистенциализм, постмодернизм.
 
 


163 
1.
 
Қазіргі заман мәдениетінің негізгі құндылықтары мен 
қарама-қайшылықтары жаһандандыру және оның әлемдік 
мәдени үдерістерде әсері. ХХ ғасырдағы өркениеттердің
дамуы нәтижесінде Батыстық өркениеттің «шақыруына» 
«жауап» беруде батыстық емес өркениеттердің алдында 
вестернизация – батыстандыру немесе өзіндік болмысын 
сақтау проблемасы шықты.
Белгілі болғанындай, Батыс – Шығыс диалогы әрқашан 
өркениетаралық қатынаста болған. Шығыстан гректер 
жазуды, шығыс даналарынан грек философтары тәлім алса, 
А.Македонский жорықтары нәтижесінде грек мәдениеті 
шығысқа ықпал етті.
Христиан діні шығыста пайда болғанымен батыс 
өркениетінің қалыптасуына негіз болды. Қазіргі заман 
мәдениетінің басты мақсаты өркениеттер арасында өзара
ықпалдастық, өзара мәдени байланыс орнату және өзіндік 
құндылықтар жүйесін сақтап қалу.
Батыс шығыстық рухани құндылықтар мен этикалық
эстетикалық ілімдерін үйренуге көшті. Алайда, қазіргі батыс 
қоғамы экзистенциялық /экзистенциализм-лат. «өмір сүру 
философиясы»/, адамның еркіндігі, ар-ожданы, әлемдегі 
болып жатқан өзгерістерге өзін жауапты сезінуі/ негізде емес, 
керісінше адамның табиғатқа үстемдігі, қоғамдық мүддеден 
жеке бастың қамын жоғары қоюы, дәстүрлі мәдениеттен гөрі 
инновациялық дәстүрлерді жоғары қояды.
Осындай қарама-қайшылықтар қоғамның дамуына түрткі 
бола отырып, адамның алдына екі жолдың бірін таңдауын 
қояды – біріншісі адам өз таңдау еркіндігін сақтай отырып, 
өзге адамдармен, табиғатпен үйлесімді бірлік орнатуы тиіс, не 
еркіндіктен бас тарта отырып көптің ортасына сіңіп, 
жауапкершіліктен құтылу. 
Бұл батыс құндылығында «потеря смысла» өмірдің мәнін 
жоғалту болып табылады. Бірінші дүниежүзілік соғыс 
салдары, нақты идеалдар мен құндылықтар жойылып, оның 


164 
орнына саяси күштер: фащизм, коммунизм идеалдары 
орнады.
Қазіргі кезеңде мемлекеттердің өзара тәуелділігі табиғат 
байлықтарын 
игеруде, 
экономикалық 
байланыстарда 
байқалуда. Біздің ғасыр – сыртқы келбетімен ғана емес, 
жаһандық сипатымен де әмбебабтық келбетке ие. Жаһандық 
мәселелер батыстық техногендік өркениеттің салдары, 
эколлогиялық апаттар, саясаттағы глобалды дағдарыстарды 
зерттей отырып, кейбір ғалымдар «өркениетті шектеу» 
теориясын ұсынуда, олар «экологиялық императив» бар 
екендігін, яғни адам қандай жағдай болмасын кейбір 
шарттылықтар жиынтығын аттап өте алмайтынын дәлелдеуге 
тырысуда. 
ХХІ 
ғасырдағы 
әлемдік 
өркениет 
тек 
батыс 
өркениетттернің жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар 
Шығыс өркениеттерінің мол мұраларына бағыттала дами 
бастады.
2.
 
Бұқаралық/сауықтық/ мәдениет, оның бастаулары
түрлері және даму бағыттары.
Талғамсыздық пен адамгершіліктен безіну қазіргі заман 
мәдениеті дағдарысының басты белгілері. Мәдениет 
дағдарысы теориясын жасаушылар: Ортега –и – Гассет. 
Т.Адорно, В.Веньямин, Г.Маркузе және т.б. болды. Дағдарыс 
симптомдары: 
«сананың 
бұқаралануы», 
мәдениет 
субьектісінің 
анонимділігі, 
мәдени 
тұтынудың 
қарабайырлануы, ғылым мен техниканың шексіз дамуы, 
әлеуметтік төңкерістер және т.б. 
Қазіргі дүниетаным әлемді ғылыми-рационалды тану, 
ғылым мен техниканың прогресі. Техногендік өркениет 
қалыптасты, адамның табиғатқа үстемдік ету құралы адам 
емес, техниканың дамуы мен технологиялар қоғамдық 
дағдарыстарды туындатады.
ХХ ғасырда дүниетаным, көзқарас, әлемдi қабылдау 
өзгердi, 
эстетикалық 
талғам 
және 
рухани 
тәртiп 


165 
(құндылықтар) 
эгалитарландырылды, 
либераландыру, 
демократияландырудан ауытқыды.
Бұл 
тенденциялар 
мынадай 
адам 
топтарын 
қалыптастырды: «Бiр сәттiлiк қажеттiлiкке бағытталған, өз 
құқықтары мен еркiндiктерiн шексiз орнату т.с.». 
Батыс европалықтың санасында көп еңбек етпей 
байлыққа, биiк мақсатқа қол жеткiзу мақсат болып табылды. 
Ол мiндеттен гөрi құқығының шексiз болғандығын 
қалайды.
Ортега – и – Гассет оны «ерке балаға үқсатады: өмiрлiк 
қажеттiлiктердiң жетiстiгi және оған жауапкершiлiкпен 
қарамауы». «Ничего не гарантировано» – бұл постмодернизм 
ұраны болып табылды. 
3. 
Модерн және постмодерн. Философтар және 
мәдениеттанушылар адамзат өзгерстерге қарсы дамып келедi, 
алғашқы кезеңдегi құндылықтар, дүние танымдық бағыттар, 
табиғатқа көзқарас, өзгере бастады деп қорытынды жасай 
бастады.
Модерн мәдениетi өзiн ХIХ ғасырда дәстүрлi мәдениетке 
қарсы қойса, ХХ ғасыр постмодерндiк мәдениет ғасыры 
болып табылды. Постмодернизм Үлкендi сыйлау, олардың 
алдындағы жауапкершiлiктi ұмыта бастады. «қарттық» ұғымы 
енгiзiлдi, жастар қоғамда жоғары қойыла бастады.
Ф.Ницше қазiргi проблемалар мен ойлау деңгейiнiң 
арасындағы айырмашылық өсе бередi, бұл өркениеттің басты 
трагедиясы деп атады.
Шпенглер ХIХ-ХХ ғ.ғ. өркениет – мәдениеттiң қартаюы, 
күйреуi деп аталады.
Мәдениеттiң 
дағдарысқа 
ұшырауы 
«сананың 
бұқаралануы, ғылым мен техниканың дамуы, әлеуметтiк 
революциялары» 
Бұл ғасырдағы мәдени дамуының маңызды қортындысы 
ғылыми-рационалдық ойлау, ғылым техникалық прогресi 
болады.


166 
Техногендiк өркениет қоғамдық дамуында адам емес, 
техникалық дамуы және технологиялар дамуы. Үстемдiк 
жасау құралы ретiнде негiзге мақсатқа айналып отыр. Бұл 
қозғалыстардың 
дағдарыстардың 
тереңдеуіне 
әкеп 
соқтырады.
Мәдениетте 
сциентизм 
және 
антисциентизм 
бағыттарында – қарама- қайшылықтары көрiнедi. Олар 
ғылымдар құндылық ретiнде, прогресс болса, ондағы адам 
ролi қандай?
Сциентизм (латын) – бiлiм, ғылым. Ғылым-абсолют 
эталон. Адамзат проблемасын шешедi. Антисциентизм 
ғылымның керi әсерiн дәлелдейдi (экология, экономика, 
ұлттық). 
ХХғ. Космизм бағыты – кеңiстiк, күн, жер планета, 
биосфера, адамзат, бiр бүтiн ретiнде қарастыру. Бұл 
экологиялық мәдениеттiң пайда болуға әкелiп соқты. 
Адамзат алдындағы ауқымы мәселелер – экологиялық 
дағдарыс, ядролық қару – жарақтарды қолдану, аштық, 
сауатсыздық, шикiзат кездерiн табу, ҒТТ-ң зиянды жақтарын 
қарастыру, т.с. болып табылады. ХХ ғасырдың 60-70 
жылдарды болашақ және қазiргi кезеңдегi ауқымды 
мәселелердi зерттейтiн орталық болып табылады.
1968 жылы халықаралық ұйым-Рим клубы адамзат дамуы 
алдыңғы мәселелерiн зерттейдi. А.Печчей қазiргi гуманизмді 
3-ке бөледi:
1.ауқымды мәселелердi түсiну 
2.әдiлеттiлiкке ұмтылыс
3.зорлыққа қарсылық
Қазiргi экономика инновациялық апатта дамуда, 
жаңалықтар 3-4 жылда ескiруде. Э.Тоффлер – адамның бiлiмi 
нағыз байлықтың көзi болуда дейдi.
Жаңа экономикалық әлем бiлiмге, еркiндiкке, өзiн 
творчестволық жетiлдiруге негiзделген.


167 
Ортега – и – Гассет – ХХ ғасыр өнерiн дегуманизациялық 
тiрi формалардан бас тарту, өнердi ойынға айналдыру дейдi. 
Авангардизм, кубизм (Пикассо) стильдердi пайда болады.
Футуризм /Италиян суретшiлер/ индустриялық әлемiндi 
дәрiптедi. 
Сюрреализм бағыты - ХХІ ғасырда төңкерiстер мен 
соғыстар 
адамның 
әлемдi 
қабылдауына 
әсер 
еттi. 
Экспрессионизм – соғыстардың салдары. /Хемингуэй, 
Шостанкович, әлемдi образды түрде қабылдауы/, үрей, 
қорқыныш шығармаларды көрiнiс бердi. 50-жылдардың 
соңында поп-арт Америкада қалыптасты.
ХХІ ғасыр әлемнiң ғылыми-көркемдiк картинасы 
ауқымды мәселелерге толы болды. Өркениет – планетарлық 
деңгейге жеттi. Планетарлық мәдениет ұлттық мәдениеттiң 
жоғарылау дамуына ықпал етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет