Тревога≠ страх, стресс



Дата25.11.2022
өлшемі349,23 Kb.
#52627
Байланысты:
Адаптация 5-класс Каз (1)


Бесінші сынып: тек жаңа сатыға өту ғана емес, сонымен бірге, жаңа даму кезеңі –
жасөспірімдік шақ.
«5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері»
Психологтың
ата-аналармен кездесуі

Кіші жастағы жасөспірім туралы нені білу керек:

  • Ересектік сезімінің көрініс беруі. «Балаға тән» дүниенің бәрінен іргесін аулақ салуға ұмтылыс
  • Өзіне-өзі баға беру, өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі жөнге салу қабілетінің артуы
  • Білім жинауда дербестіктің көрініс беруі
  • Танымдық уәждеменің пайда болуы
  • Өзгелерден кем түспеуге ниеттену
  • Қатарластарының арасында, отбасында лайықты орын алуды қажетсіну
  • Адал дос табуға талпыну
  • Сыныпта да, шағын ұжымда да оқшау қалудан аулақ болуға тырысу
  • Сыныптағы «күш ара-қатынасы» туралы мәселеге аса қызығушылық таныту
  • Қатарластарымен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату (басты қарекет – тіл табысу)

Кіші жастағы жасөіспірім туралы нені білу маңызды:

11. Өзінің сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлу

12. Шектен тыс эмоцияға берілгіштік, асқан үрейлілік, тұрақсыз психика

13. Жас үлкендігінің еш беделі болмауы; ересектерге әдейілеп айла-шарғы (манипулция) қолдану

14. Мұғалімдерге, ата-аналарға, ересектерге шектен тыс жағымсыз көзқараспен қарау

15. Негізсіз салынған тыйымдарға жиіркенішпен қарау

16. Өз мүмкіндіктерін асыра бағалау

17. Сәтсіздіктерге бейімделе білу қабілетінің жоқтығы

18. Эгоцентризмнің көрініс беруі

19. Өз-өзімен және айналадағылармен іштей қақтығысқа түсу

20. Жалғыздықтан қорқу

Бесінші сынып оқушысы қандай қиындықтарға тап болады

Баланың ойдағыдай бейімделіп келе жатқанын қалай түсінуге болады

1. Баланың білім алу барысына көңілі толады.

2. Бала оқу бағдарламасын оңай меңгеріп жатыр.

3. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде баланың өз бетінше жұмыс жасау дәрежесі жоғары, тапсырманы алдымен өзі орындап көруге тырысқаннан КЕЙІН ғана ересектердің көмегіне жүгінуге дайын.

4. Сыныптастарымен және мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынастарына көңілі толады.

Бала бейімделуде қиындықтарға шалдығып жатқанын қалай түсінуге болады

  • Баланың түрі шаршаңқы, қажыған.
  • Бала күнін қалай өткізгені туралы әсерлерімен бөліскісі келмейді.
  • Ересектің назарын мектептегі жайттардан аударып әкетуге, басқа тақырыптарға бұруға тырысады.
  • Үй тапсырмасын орындағысы келмейді.
  • Мектеп, мұғалімдер, сыныптастар туралы жағымсыз пікір білдіреді.
  • Мектеппен байланысты оқиғаларға шағымданады.
  • Ұйқысы мазасыз. Тәбеті бұзылады.
  • Таңертең ұйқыдан әрең оянады, енжарлыққа бой алдырады.
  • Өзін үнемі нашар сезінетініне шағымданады.
  • Жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.
  • Ұмытшақ болып кетеді.
  • Алаңғасар болып кетеді.

Тест: «Қалай ойлайсыз, балаңыздың мектептегі жағдайы жақсы ма?»


Егер келтірілген пікірмен келіссеңіз, “+” қойыңыз

Егер келтірілген пікірдің сізге қатысы болмаса, “-” қойыңыз
Әр «+» = 1 балл

Балама мектепте оқыған ұнайды

  • Балама мектепте оқыған ұнайды
  • Балам басқа мектепке, сыныпқа қуана ауысар еді деп ойлаймын
  • Егер таңдай алатын болса, үйде оқығысы келмес еді
  • Өкінішке орай, балам маған және туыстарымызға мектеп туралы ешқашан қуанышпен айтпайды
  • Сыныпта оның достары көп
  • Оған мектептегі мұғалімдер онша ұнамайды
  • Ол сыныптан тыс шараларға, кештерге, жорықтарға белсенді қатысады
  • Сабақ болмай қалса (мұғалім ауырып қалғанда немесе басқа себеппен), баламның көңіл-күйі түспейді
  • Есіне салып тұрмаса, балам сабағын өз бетінше сирек оқиды
  • Өзге қызығушылықтары мен хоббилері мектептегі оқуына кедергі келтірмейді

Егер келтірілген пікірмен келіссеңіз, “+” қойыңыз
Егер келтірілген пікірдің сізге қатысы болмаса, “-” қойыңыз Әр «+» - 1 балл

8-10 балл – Балаңыздың мектепке қатысты көзқарасы жақсы, жақында қандай да бір қиындықтар туындауы екіталай.

8-10 балл – Балаңыздың мектепке қатысты көзқарасы жақсы, жақында қандай да бір қиындықтар туындауы екіталай.

6-7 балл – Балаңыздың мектептегі жағдайы жаман емес.

4-5 балл – Мұқият болыңыз! Мектепте бір қиындық бар.

1-3 балл – Балаңызға сіздің көмегіңіз өте қажет. Қақтығыстарға, оқу үлгерімінің төмендеуіне байланысты оның мектепке деген көзқарасы теріс, әрі жағымсыз.


«Қалай ойлайсыз, балаңыздың мектептегі жағдайы жақсы ма?» тестінің нәтижелері

Ата-аналарға арналған ұсыныс-кеңестер

  • Балаңыздан мектептегі жағдайы туралы сұрастырып отырыңыз.
  • Балаңыздың мұғалімдерімен үнемі сөйлесіп тұрыңыз.
  • Балаңыздың оқу үлгерімін өзіңіздің жазалау мен ынталандыру жүйеңізбен байланыстырмаңыз.
  • Балаңызға үй тапсырмаларын орындауға көмектесіңіз.
  • Балаңызға мектептегі сабаққа қызығушылық танытуға көмектесіңіз.
  • Үйде жайлы және орнықты ахуалды сақтап отыруға ерекше күш салыңыз.

Көңіл бөлгендеріңізге рақмет! Сұрақтарыңыз болса, менімен келесі байланыс мәліметтері арқылы хабарласа аласыздар: Т.А.Ә. ______________ мектеп/колледж педагог-психологы _______________ тел. _____________



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет