2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Бiрiншi кезеңде
– Рим мәдениетi қалыптасуына ықпал 
еткен Этруск тайпаларында керамика, өндiрiсi металл өңдеу, 
зергерлiк бұйымдарды жасау дамыған. Б.з.д. 753 жылы су 
құбырлары жүргiзiлген қалалар салына бастады.
Аппенин түбегiнде б.з.д. I мың жылдықта ежелгі 
тайпалар-этрускілердің салт-дәстүрі мен діни-мифологиялық 
дүниетанымнан Рим мәдениетi қалыптасты. (б.з.д. IX-VIII ғ).
Ежелгi Этрустар егiншiлiкпен, сәулет өнерiмен, көпiрлер 
салумен, жасанды суландыру жүйесімен айналысты.


95 
Құрылыс техникасы жоғары дамыды. Этрустер гректер 
сияқты 12 құдайға табынды. ҚҰдайлар үштігі- Юпитер, 
Юнона, Минерваны мойындады.
Рим мәдениетi этрускi мәдениетiнен Рим цифрларын 
мұра етiп алды. Этруск тайпаларының дiни дүние танымы 
грек мәдениетiмен тығыз байланысты болды.
Гладиаторлық ойындар өткiзiле бастады.
Екінші кезеңде
республикалық Рим мәдениетi 
қалыптасты. Этруск тайпаларының негiзiнде жаңа мемлекет 
қалыптасты.
Б.з.д. IV-III ғасырларда Римдiктер Этрусклердi өздерiне 
бағындырып еуропалық мәдениеттiң негiзiн қалады. Варрон, 
Цицерон (б.д.д.106-43ж.) заң, философия, әдебиет саласында 
еңбек еттi.
Цицерон 
«Мемлекет 
турал», 
«Заңдар 
туралы», 
«құдайлардың табиғаты туралы» және т.б. трактаттарын 
жазды. Б.з.д. I-IVғасырларда Рим, Жерорта Солтүстiк 
Африка, Еуропаның бiраз бөлiгiн өзiне бағындырып үлкен 
империяға айналды.
Император Август қала құрлысына, құқық саласына 
сауда саласына ғылым саласына ерекше көңiл бөлiп, 
Амфитеатр, 
моншалар 
салдырды. 
Мироно, 
Лисипп, 
Праксителль, Фидий сияқты мүсіншілер еңбектері жоғары 
болды. Витрубий «Сәулетөнері туралы он кітап» еңбегінде 
құрылыстың салынуына жауапкершілікпен қарауға ұсынды.
Портрет жанры ерекше дамыды. Ливий Андроник 
Софокл, Еврипид және т.б. грек ақындарының шығармалын 
латыншаға аударма жасаған. Плавт шын римдік жазушы 
болды. «Тұтқындар», «Үш бақыр» комедияларын жазған 
(сурет 3). 
 


96 
Ежелгі Рим мәдениетінің кезеңдері
Этрускілер
мәдениеті
(б.д.д.VІІІ-Vғ)
Республикалық
кезең
(б.д.д.V-Іғ)
Империя
кезеңі
(б.д.д.Іғ-б.з.Vғ)
Сурет 3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет