2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет70/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
 
Тақырып 15.
Егеменді Қазақстанның мәдени 
саясаты. 
Дәріс 15. 
1.Қазақстандағы модернизация үрдістерінің мәдени-
әлеуметтік аспектілері. 
2.Мәдени саясаттың Қазақстандық үлгісі қоғамдық 
келісім мен көп мәдениеттілік саясатының жүзеге асырылуы- 
мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлт болашағының басты кепілі 
 
Дәрістің мақсаты: 
 Студенттерге мәдени саясат,
ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртудағы мәселелерге
талдау жасау дағдысын қалыптастыру. 
Дәрісті өткізу формасы
: шолу, мәселелік. 
Терминдер:
мәдениеттің болашағы, ұлттық сана, 
маргиналдық, мәңгүрттік.
 
1. Қазақстандағы модернизация үрдістерінің мәдени-
әлеуметтік аспектілері. Мәдени саясат үлгілері мен қоғамның 
негізгі құндылықтар жүйесінің өзара байланыстары. Мәдени 
саясаттың Қазақстандық үлгісі қоғамдық келісім мен көп 
мәдениеттілік саясатының жүзеге асырылуы - мемлекеттің 
қауіпсіздігі мен ұлт болашағының басты кепілі. Мемлекеттің 
«Мәдени 
Мұра» 
бағдарламасы- 
мемлекеттің 
мәдени 
саясатының басты саласы ретінде. 1991 жылдан бастап 
Қазақстан – Тәуелсiз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ 
халқының өзiн-өзi билейтiн елi және басқа этникалық 
топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етедi. Екi ғасырдан 
артық қилы заман бұғалығын басынан өткiзген ел ендi ғана 
өзiне тән мәдениетпен өркениеттi қалыптастыруға мүмкiндiк 
алды. 


170 
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың: 
«Қазақстан бұрынғы қызыл империяның көлеңкесiнде өмiр 
сүру құқығынан үзiлдi-кесiлдi бас тартты, әлеуметтiкке 
бағдарланған нарықтық экономика мен жаңа қоғамдық 
қатынастарға негiзделген қуатты Егемендi мемлекет құруға 
кiрiстi».
Дәстүрлi мәдениеттi жаңғырту, халқының тарихи 
тәжiрибесiне сүйену – бұл өзi тәуелсiздiкке ие болған елдiң 
өмiрiнен орын алатын заңды құбылыс. Қазақстанның өтпелi 
кезеңiндегi мәдени саласында мәдениетiмiздi, дәстүр мен 
тiлiмiздi қайта жаңғыртып дамытуда жеткен жетiстiктер 
айтарлықтай болды. 
Кез-келген мемлекеттiң мәдениетiнiң дамуы жоғары 
тiлдiк мәдениетсiз дамуы мүмкiн емес. Сондықтан қазақ 
тiлiнiң дамуына ерекше маңыз берiлуде. 
Өйткенi қазақ тiлi - Қазақстанды мекендейтiн барлық 
халықтар мен ұлыстардың мәдениетiнiң, салт, дәстүрлерiнiң, 
қазақ халқы тұрмысының танымдық негiзi болып табылады. 
Республикада Мемлекеттiк «Тiл туралы» Заң 
қабылданды. Iс- қағаздарының қазақ тiлiнде жүргiзуде 
шаралар жүзеге асуда. Қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл деп 
жарияланды, оны әркiм бiлуi қажет. Сонымен қатар, 
Қазақстан Заңында азаматтардың барлығы қазақ тiлiн бiлу 
тиiс деп қудалауға жол бермейдi. Қазақстан әлемдік 
қоғамдастыққа кiруге ұмтылуда.
2. Халықаралық бiрлiкте ұлттық мәдени орталықтары 
маңызды рөл атқарады. Олар Қазақстандағы барлық 
халықтарының 
мәдениетi 
мен 
дәстүрлерiнiң 
қайта 
жаңғыруына қызмет етедi. Қазақстан халықтарының 
Ассамблеясы өткiзiлдi. 
Кеште болса, қазақ халқының ағартушы қайраткерлерi 
А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, 
Ә.Бөкейханов сияқты қайраткер, ақын – жазушылардың 
атымен мектептер мен елдi мекендер, көшелер, алаңдар атала 
бастады. Хан Абылай, Исатай мен Махамбеттiң мүшел 


171 
тойлары салтанатты жағдайда атап өтiлуде. Халықтық салт-
дәстүрлер, мерекелер қайта жаңғырды.
Халық, туған жері жөнiнде құнды мағлұматтар беретiн 
ел, жер атаулары қайта оралды. 1992 жылы маусымда 
Республикалардың жаңа Мемлекеттiк Туы мен Елтаңбасы 
қабылданды. Республика Әнұранының жаңа мәтінi 
қабылданды. Тудың авторы – Ш. Ниязбеков, Елтаңба 
авторлары – Ш.Уәлиханов пен Ш.Мәлiбеков. Бүгiнгi күнi 
Қазақстан 
мәдениетiндегi 
негiзгi 
мәселелер 
өмiр 
идеяларының жалпы тәжiрибесiне жақын. Қазiргi қазақ 
мәдениетiндегi мәселелердi мына негiзгi мәдени-әлеуметтiк 
типтерге бөлiп қарастырайық (сурет 1).
Қазіргі қазақ әлеуметтік – мәдени типтері
Архаикалық тип
Архаизм – мәдениеттiң өткенін
қайтадан қалпына
келтiруге бағытталған.
Адам туғанынан құндылықтар
жүйесiн, сол күйiнде қабылдайды.
(отбасылық, топтық, 
этностық, мемлекеттiк т.б.). 
бұл әрине этностың
түп-тамырларын құрметтеуге
шақырады. 
Мәңгүрттiк тип. 
ұлттық салт дәстүрден
жұрдай, күнделiктi өмiрде
ұлттық
Мәдени жүйенiң
құндылықтарын
қолданбайтын
яғни рухани тамырларынан
айырылған адам
.
Еуразиялық мәдени тип.
Бiрнеше ғасырлар бойы
Ресейдiң қол астында өмiр
сүрудiң нәтижесiнде
қазақ халқының мәдени
құрылымында бiраз
өзгерiстер болды.
Бұл процесс ең алдымен
тiлдi қамтыды
және орыс тiлдi қазақтар
(ұйғыр, өзбек, татарлар т.б.) 
мәселесiн тудырды
.
Сурет 1 
1.Архаикалық тип. Архаизм – мәдениеттiң өтiп кеткен 
сатыфларын қайтадан қалпына келтiруге бағытталған. Адам 
туғанынан құндылықтар жүйесiн, әдетте, сол күйiнде 
қабылдайды. (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттiк 
т.б.). бұл әрине этностың түп-тамырларын құрметтеуге 
шақырады.


172 
Бұл қажеттi – талап. Өзiн сыйламаған, басқаны да сыйлай 
алмайды. Бiрақ, бiр жағынан, мәдени жүйе өзiн өзi сақтап қалғысы 
келедi, бастауынан аластамайды. Екiншi жағынан, адамның 
шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгiлi. Бұл
тенденция бiр-бiрiне қарама қайшы. Архаистiк мәдени тип заман 
өзгерiп, қалыптасқан өмiр салты шайқалған өтпелi кезеңдерде 
ерекше байқалды. Мысалы, Қазақстан Республикасын алып 
қарайық. отаршылық пен тоталитарлық мәдени құндылықтардың 
жалғандығы анықталып, төл мәдениетi жаңғырту жөнiндегi заңды 
түсiнiктi үмтылыс қалыптасты. 
Бiрақ азаматтық қоғамның орнына жетi аталық үрдiске, 
рулық тайпалық басқару жүйесiне, исламның орнына тәңiршiлiк 
пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзiлiк тарихты 
шежiрешiлiкпен ауыстыру және т.б. архаизмнiң көрiнiстерiне 
жатады.
Сонымен қатар, дәстүршiлдiктiң көрiнiстерiне қазақтың және 
әр жүздiң ханын сыйлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына 
келтiру, батыстық киiм үлгiлерiне тежеу сияқты пiкiрлердi үсыну 
жатады. 
2. Мәңгүрттiк тип. Мәңгүрт дегенiмiз ұлттық салт дәстүрден
жұрдай, 
күнделiктi 
өмiрде 
ұлттық 
мәдени 
жүйенiң 
құндылықтарын қолданбайтын яғни рухани тамырларынан 
айырылған адам.
Бұл туралы Ш.Айтматовтың шығармашылығында әсерлi 
жазылған. Мәңгүрттiк дәстүршiлдiкке қарама-қарсы. Бiрақ 
архаист өмiрлiк поэзияны өз қалауымен қабылдаса, 
мәңгүрттiк-сыртқы 
күштеудiң 
нәтижесi. 
Мәңгүрттiктен 
қүтылудың басты жолы ұлттық мәдениетi қайтадан игеру. 
Кейде мәңгүрттiк мәдени типпен маргиналдықты тұтас 
қарастырылады. Оның қатарына ана тiлiн бiлмейтiндердi де 
қосады.
Бұл ұғымды американ ғалымы Р.Парк енгiзген, латын тiлiнен 
-,,шетте болу,, деп аударылады. қысқаша айтқанда, маргиналдар
не қоғамнан өздерi аулақ кеткендер, не қоғамның өзi оларды 


173 
шеттеткендер. Француз ғалымы А.Фартдың пiкiрi бойынша, 
маргиналдардың алдында екi жол бар: 
-барлық дәстүрлi қарым-қатынастарды бұзып, өзiнше 
жаңа бiр субъмәдениеттi қалыптастыру; 
-бiртiндеп заңдылық аймағынан шығу. 
3. 
Демографиялық 
және 
тiлдiк 
факторлардың 
этномәдениетке тигiзетiн әсерi мол. ХХ ғ. бойында қазақ 
халқының мәдени жүйесiнде үш түрлi мәдениет: дәстүрлi 
мәдениет, отаршыл мәдениет, батыстық әсер еттi. Еуразиялық 
мәдени тип дәстүрлi мәдениеттi батыстық өркениет 
жетiстiктерiмен ұштастыра бiлген. «Бiз өзiмiздiң мәдени 
тамырларымыздан едәуiр ажырап қалдық (сурет 2). 
Қазіргі отандық мәдениет
Құбылыстар
Позитивті
Негативті
Халықтың тарихи жады
қалпына келді
Діни мәдениет қалыптасты
Халықтың ұлттық мәдени
мұраларымен қауышуы
Мәдени оқшаулануды жеңу,
әлемдік өркениет мұраларымен
танысу
Мәдениетті қаржыландырудағы
мәселелер
Ұжымдық, өзара көмек, достық
құндылықтарының жойылуы
Мәдениеттің коммерциялануы,
бұқаралық мәдениеттің адам санасының
төмендеуіне әсері
Мәдениет саласындағы қылмыстың өршуі
Сурет 2 
Оның 
есесiне өзге өркениеттер әсерiне көбiрек 
ұшырадық. Бұл жақсы ма, жаман ба – өз алдына мәселе» ( 
Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996,- 264бет). Еуразиялық 


174 
экспанцияға әр түрлi жауап беруге болады. Мысалы, Ресей, 
Жапония, Қытайды мысалға алуға болады.
Әсiресе, Жапония өздерiнiң материалдық мәдениет 
деңгейiн батыстық озық үлгiлердi қабылдау арқылы 
көтергеннен соң, еуропалық рухани экспанцияның алдына 
тосқауыл қойды. Осының нәтижесiнде ол әлемдегi ең озық 
мәдениеттiң иесiне айналды. Нарықтық заман адамның 
құндылықтарына белсендiлiк, жауапкершiлiк, iскерлiк
мақсаткерлiк, нақтылық және т.б.жатады, оның терiс 
жақтарына қатыгездiк, өзiмшiлiдiк, есепшiлдiк, принципсiздiк 
рационалдық, тұрақсыздық, дәстүр сыйламау жатады. 
Нарықтың терiс жақтарын жақсы түсiнген өркениеттi елдер 
кәсiпкерлiктi тек технологиялық әрекетпен шектемей оны 
әдеп жүйесiмен толықтырады. сондықтан,,бизнес этикасы,, 
қазiргi жоғары дамыған елдердегi алдыңғы қатардағы 
пәндерге жатады 
Мәдениеттiң материалдық базасы бұрын болып көрмеген 
жағдайда тез қарқынмен дамыды. Елдiң және халық мәдени 
қуаты тек кәсiби арнада ғана қалыптасып қоймайды, 
Қазақстанда тұратын әртүрлi ұлттар өкiлдерi мен азаматтары 
шығармашылыққа тартылуда. Эстетикалық және мәдени 
рухани бiлiм беру қайта жаңғырту тақырыбы оқыту жүйесiне 
енгiзiлiп жоғары оқу орныны бағдарламаларында «Мәдениет 
ескерткiштерiн 
қорғау», 
«Қазақстан 
халықтарының 
мәдениетi», «Iскерлiк қарым-қатынас мәдениетi» атты арнайы 
курстар енгiзiлдi. Өздерiңiз оқып жүрген Ғабитов Т., 
Мүтәлiпов Ж.,Құлсариева А. «Мәдениеттану» оқулығы
мәдениеттi қолдау жылына орай шығарылды. Қазақстан 
мәдениетi көне дәуiрлерден бастау алады. 
2000 жылы Түркiстанның 1500 жылдығы атап өтiлдi. 
Елбасы 1998 жылды, «Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы»
деп жариялап, 2000 жылды «Мәдениеттi қолдау жылы» деп 
әйгiлеп, арғы-бергi тарихымыз бен ұлттық мәдениеттердiң 
жылдары бойы қордаланған бiрқатар мәселелерiн шешуге 


175 
жағдай жасалды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша дарынды 
студенттердi шетелдерге бiлiм алуға жiберiлуде (сурет 3). 
Қазіргі “зиялылықтың” түпкі мәні
“Рух бұл ... Зиялылық”
Гегель
Ақыл, 
шығармашылық сипат
“Мен” ұғымын терең сезінуі,
Тұлғалық бастама
Халыққа адалдық,
патриотизм, әділдік, 
тәуелсіздік, тұрақтылық
Құндылықтарға сыни тұрғыдан
қарау
Жалпыадамзаттық құндылықтарды мойындау, мәдениет құндылықтарын
құру, қабылдау, сақтау және тарата білу қабілеті. Барлық уақытта өз орнын, 
қабілетінің деңгейін білу.
Сурет 3 
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасы Президентi 
Н.Назарбаев 2003 жылғы қаңтардағы «Мәдени мұра» атты 
бағдарламасында 
атап 
өткендей: 
«Бiздiң 
ұлттық 
мәдениетiмiзде де жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге 
салауаттылық жасау, үлкендi сыйлау, жасқа қамқорлық, 
қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауыз-бiрлiгiн сақтау 
бәрi – бәрi де бар». 
Ендеше сол ұлттық мәдениетiмiздi ұлықтап, бар мен 
жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау 
«Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет