2 Механикалық қозғалыс



бет11/16
Дата15.10.2023
өлшемі60,93 Kb.
#115364
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
2 Механикалық қозғалыс-emirsaba.org

80.Зат мөлшерінің бірлігі

Зат мөлшері: затты құрайтын құрылымдық элементтердің (атомдардың, молекулалардың немесе иондардың) санымен анықталатын физикалық шама. ([v]-моль)
81.Заттың мольдік массасы - бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы. Заттың мольдік массасы заттың салыстырмалық молекулалық массасымен кг/моль қатынасы арқылы байланысқан.
82.Дальтон заңы: идеал газдардың қоспасының қысымы оған енетін газдардың парциаль қысымдарының

қосындысына тең:



p=p1 +p2 +…+pn. 
83. Парциал қысым – қоспа газдарының қысымы.

84.Гей-Люссак заңы: газдың берілген массасының көлемі тұрақты қысымда температураға қатысты сызықты өзгереді
Изобаралық процесті сипаттайтын газ заңын Гей-Люссак заңы деп атайды. 
Гей-Люссак теңдеуі. Менделеев-Клайперон теңдеуіндегі газ массы, газдың молярлы массы және тұрақтыны константа деп алған жағдайынан қорытылып шығады.
Гей-Люссак теңдеуінің екінші түрі

85.Идеал газ күйінің теңдеуі

86.Менделеев – Клапейрон теңдеуі. Клапейрон Бойль-Мариотт және Гей-Люссак заңдарын біріктіре отырып, идеал газ күйінің теңдеуін тапты. Изотермиялық және изохоралық процестер заңдарына сәйкес:
Менделеев Клапейрон теңдеуін молдік көлемді қолдана отырып, Авогадро
заңымен біріктірді. Сонда – Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Мұндағы R=8,31 Дж/(моль*К) – мольдік газ тұрақтысы.

87.Лошмид тұрақтысы деп кейде 1 моль заттағы молекула саны айтыла- ды, яғни Авогадро тұрақтысы Лошмид саны деп аталған.

Электростатика

Электрстатика — физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы.
Тыныштықта тұрған электр зарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Электрстатиканың негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатикалық күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергетикалық сипаттамасы – потенциал да пайдаланылады. Электрстатикалық заңдары электр аппараттарында, электронды оптикалық приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет