2-мәтін
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Британдық Кітапхана - Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр. Сонымен қатар Google қолданушылары кітапхана ақпараттарын қарай алады және оларға керекті мәліметтерді көшіруге мүмкіндік берілген.
1.Вашингтон қаласындағы үш бірдей ғимаратта орналасқан қандай кітапхана?
A) Америка ұлттық кітапханасы
B) Дания карольдік кітапханасы
C) Конгресс кітапханасы
D)Британ кітапханасы
|
2.Үш ғасырдан бері сақталып келе жатқан, 1млн-ға жуық ақпаратар жариялымы?
A) қолжазба
B) кітаптар
C) фильмдер
D)газеттер
|
3.Британдық кітапхана қайда орналасқан?
A) Нью-Йорк
B) Лондон
C) Оксфорд
D)Манчестер
|
4.Британ кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазба мен кітаптар саны неше?
A) 3000-ға жуық
B) 150 миллион
C) 1 миллион
D)25 миллион
|
5.Британ кітапханасы көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тан кейінгі нешінші орында ?
A) екінші
B) үшінші
C) жетінші
D)бесінші
|
6. Қарамен жазылған сөзге мағыналас сөзді анықтаңыз.
A) қымбат
B) бағалы
C) маңызды
D) керекті
|
3 мәтін
«Педагог» сөзі көне грек тілінен енген. Оның тікелей аудармасы «баланы жетектеуші» деген ұғымды береді. Көне Грекияда педагог деп ұстазды емес, баланы мектепке жетектеп барып, сосын кері алып қайтатын құлды атаған. Педагог қызметіне қолынан ауыр іс келмейтін құлдар таңдап алынған екен. Пенсильвания университетінің ғалымдары 1972 жылы мектеп ұстаздарының еңбегін жоғары күйзеліске алып келетін өрт сөндіруші, сынақтан өткізуші сынды мамандықтар қатарына қосу керек екенін мәлімдеген. Жапонияның императоры Сева өзінен кейінгі ең жоғары жалақыны ұстаздарға тағайындаған. Белгілі өнертапқыш Томас Эдисон жалпы орта мектепте небәрі 3 ай оқыған. Ол өте тентек оқушы болған. Ұстаздары Томасты «надан» деп үнемі сөгетін болғандықтан, анасы оны үйде өзі оқытқан.
1. Мәтін қандай мамандық иесі жайлы?
А) Суретші
В) Батыр
С) Ұшқыш
D) Ұстаз
2. Грек тілінде «педагог» сөзі қандай ұғымды береді?
А) Мұғалім
В) Оқытушы
С) Бала жетектеуші
D) Ұстаз
3. Қай елде (в какой стране) императордан кейінгі жоғары жалақыны ұстаздарға тағайындады?
А) Грекияда
В) Жапонияда
С) Англияда
D) Францияда
4. Екі адамның сөйлесуі қалай аталады?
А) Диалог
В) Монолог
С) Полилог
D) Әңгімелесу
5. Мәтін бойынша Томас Эдисон қанша уақыт оқыған?
А) 60 күн
В) 3 жыл
С) 90 күн
D)3 күн
Достарыңызбен бөлісу: |