Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата31.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10680
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


 
 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
 
 
ӘОЖ 374.02                                                                          Қолжазба  құқығында 
 
 
 
 
 
БЕКЖАНОВА БАХЫТЖАМАЛ  ЖОРАБЕКҚЫЗЫ 
 
 
 
Жоғарыдан кейінгі білім жағдайында мамандардың акмеологиялық 
дайындығын қалыптастыру 
 
 
 
6D010300- Педагогика және психология 
 
 
 
Философия докторы (PhD)  
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
Ғылыми жетекші 
п.ғ.д., профессор                                                                                                     
Тұрғынбаева Б.А.                                                                            
Шет елдік кеңесші 
 п.ғ.д., профессор                                                                                                                                                                     
Мартишаускиене Э. 
 
 
 
 
 
                                                                           
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2014 


 
 
МАЗМҦНЫ 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.........….................................................  
АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................  
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР..........…...................................  
КІРІСПЕ........................................................................................................  

ЖОҒАРЫДАН 
КЕЙІНГІ 
БІЛІМ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
МАМАНДАРДЫҢ 
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  –  ӘДІСНАМАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................... 
 
 
 
16 
1.1  Болашақ    педагогикалық  мамандарды  дайындау  мәселесінің 
ғылыми теориялық еңбектерде  талдануы.................................................. 
 
16 
1.2 Акмеологиялық амал - магистрлер дайындаудың әдіснамалық 
негізі ретінде................................................................................................... 
 
29 
        1.3 
Болашақ 
ғылыми-педагогикалық 
мамандардың 
акмеологиялық 
дайындығының 
мәні, 
мазмұны, 
құрылымы 
................................................................................................................. 
 
 
40 

ЖОҒАРЫДАН 
КЕЙІНГІ 
БІЛІМ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
МАМАНДАРДЫҢ 
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҒЫН   
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТҦЖЫРЫМДАМАЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ..... 
 
 
59 
2.1 Жоғарыдан  кейінгі білім жағдайында мамандар дайындаудың 
қазіргі жағдайы  мен стратегиялық  бағыттары.......................................... 
 
59 
2.2  Болашақ  ғылыми  - педагогикалық мамандарды дайындаудың 
акмеологиялық тұжырымдамасы................................................................ 
 
71 
2.3  Жоғарыдан  кейінгі  білім  жағдайында  мамандардың 
акмеологиялық 
дайындығын 
қалыптастырудың 
құрылымдық-
мазмұндық моделі......................................................................................... 
 
 
80 

ЖОҒАРЫДАН 
КЕЙІНГІ 
БІЛІМ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
МАМАНДАРДЫҢ 
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ШАРТТАРЫ  ЖӘНЕ    ОЛАРДЫ  
ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ........................................................................................ 
 
 
 
92 
3.1 
Магистранттардың 
акмеологиялық 
дайындығын 
қалыптастырудың шарттары......................................................................... 
 
92 
3.2    Жоғарыдан  кейінгі  білім  жағдайында  мамандардың 
акмеологиялық дайындығының бастапқы диагностикасы ....................... 
 
105 
3.3  Зерттеу  мәселесі  бойынша  жүргізілген  қалыптастырушы 
эксперимент және оның нәтижелері............................................................ 
 
117 
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................  142 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................  145 
ҚОСЫМШАЛАР.........................................................................................  161 
 
 


 
 
НОРМАТИВТІК  СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  нормативтік  құжаттарға  сілтемелер 
қолданылған: 
Қазақстан  Республикасының  2007  жылы    27  шілдеде    №  319-III  ҚРЗ 
бұйрығымен  бекітілген    «Білім  туралы»    заңы,  Астана,  Ақорда  және  2011 
жылғы  24  қазанында  бұйрыққа    толықтырулар  мен  ӛзгертулер  енгізілген  № 
487–ІV ҚРЗ, Астана, Ақорда.  
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 
қадам. «Егемен Қазақстан» 10 шілде, 2012 ж. 
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 
 
Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  07.12.2010  ж.,ҚР  Президентінің  №    1118 
Жарлығы,  Астана 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарты.  Жоғарыдан  кейінгі    білім.  Магистратура.  Негізгі  ережелері.23 
тамыз, 2012 жыл. №1080 қаулысымен бекітілген. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  2011  жылғы  20 
сәуірдегі    №152  бұйрығымен  бекітілген    «Кредиттік  технологияны  оқытудың   
оқу үрдісін  ұйымдастыру  ережелері». 
Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 
жоспары. ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 жарлығымен бекітілген. 
Білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органмен  бекітілген  жоғары  кәсіптік 
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар қызметінің типтік 
ережелері.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 
20 шілдедегі № 347 бұйрығы. 
Білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органмен  бекітілген  Қазақстан 
Республикасының 
жоғары 
оқу 
орындарына 
қабылдаудың 
типтік 
ережелері.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 
20 шілдедегі № 347 бұйрығы. 
Білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органмен  бекітілген  кредиттік  оқу 
технологиясы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру  ережесі.  Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 365 
бұйрығы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылған: 
Акме – (грек тілінен аударғанда – шың, кемелдену кезеңі) – бұл жоғарғы 
нүкте,  тұлғаның  кемелденуі,  оның  жоғарғы  жетістіктерге  қол  жеткізудегі 
кезеңі,  оның  барысында  әр  түрлі  салалар  бойынша  тұлға  жетілуінің  кӛрініс 
беруі, оның қабілеттері мен даралығының барынша дамуы байқалады. 
Акмеология  -    жаратылыстану,  қоғамтану  және  гуманитарлық  пәндер 
негізінде пайда болған ғылым, ол адамның жетілу кезеңіне дейінгі оның даму 
заңдылықтары мен феноменін зерттейді.  
Акмеологиялық  әдіс – акмеологиялық мәселелер мен міндеттерді тиімді 
шешуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен әрекет ету амалдарының жиынтығы.  
Акмеологиялық әсер ету– бұл гуманистік мазмұндағы кіріктірілген  және 
мақсатқа бағытталған  тұлғаға немесе топқа әсер ету.  
Акмеологиялық  білім  –  бұл  ғылыми-әдіснамалық  бағыттағы  және  үш 
компонентті  құрылымнан  тұратын арнайы кешенді білім. 
Акмеологиялық заңдылықтар  – тұлғаның және іс-әрекеттің кәсібилігіне 
қарай 
ұмтылудағы 
қатынастар 
мен 
басымдылықтардың 
тұрақты 
байланыстарының сипаттары. 
 Акмеологиялық  зерттеу  –  акмеологияның  жетекші  қағидаларына 
негізделген,  акмеологиялық  мәселелер  мен  міндеттердің  шешілуімен 
байланысты ғылыми зерттеу. 
Акмеологиялық  қҧзыреттілік  –  А.К.  Маркова  ұсынған  категория, 
кәсібиліктің жүйесін және оның кәсіби  жүргізілуінің саласын құрайтын таным 
компоненті. 
Акмеологияның  пәні    -  жетілген  тұлғаның  ілгері  дамуына  ықпал  ететін 
және  оның  жоғары  кәсіби  жетістіктеріне  себеп  болатын  заңдылықтарды, 
психологиялық  және  акмеологиялық  тетіктер,  шарттар  мен  факторларды   
сипаттайды. 
Акмеологиялық  амал  -    акмеологиялық  мәселелер  мен  міндеттерді 
шешуге  мүмкіндік  беретін,  психологиялық-акмеологиялық  қағидалар  мен 
әдістер  жиынтығын  сипаттайтын  базистік  жалпылама  акмеологиялық 
категория. 
Акмеологиялық  технология  –  гуманистік  мазмұндағы  тұлғалық-кәсіби 
дамуға  бағытталған  «психологиялық  технология»  ұғымына  жақын  категория.  
Акмеологиялық технологиялардағы басты әдіс – акмеологиялық әсер ету.  
Акмеологиялық  факторлар  -    қозғаушы  күштер  сипатындағы  негізгі 
себептер, кәсібиліктің басты анықтаушылары (В.Г. Зазыкин).  
Акмеологиялық  шарттар  –  тұлғалық  және  іс-әрекеттің  жоғары 
кәсібилігіне қол жеткізудің маңызды шарттары.  
Тҧлғаның  кәсібилігі    -    бұл  кәсіби  маңызды  және  тұлғалық-іс-әрекеттік 
қасиеттерді  дамытудың  жоғары  деңгейін  бейнелейтін  еңбек  субъектісінің 
сапалық  сипаты,  ілгерушілік  дамуға  бағытталған  креативтіліктің  жоғары 


 
 
деңгейі,  түрткілер  жүйесінің  және  құндылықтық  бағдарлардың  адекватты 
деңгейі. 
Тҧлғалық-кәсіби  даму  -    бұл  жоғары  кәсіби  жетістіктерге  және  ӛзін-ӛзі 
дамыту,  кәсіби  іс-әрекетінде  және  ӛзара  әрекеттесулерде  жүзеге  асатын  
тұлғаның  кәсібилігіне  қарай  бағдарланған  оны  қалыптастыру  үдерісі 
(А.А.Деркач, В.М.Дьячков).  
Шеберлік -  иілгіш  дағдылар мен шығармашылық кӛзқарас негізінде қол 
жеткізілген, белгілі бір саладағы кәсіби біліктердің жоғарғы деңгейі ретіндегі, 
тәжірибе арқылы жинақталған тұлғаның сапасын сипаттайтын, акмеология мен 
еңбек психологиясына жататын категория. 
Іс-әрекет  кәсібилігі  –  жоғары  кәсіби  біліктілікті  және  құзыреттілікті, 
сонымен  бірге  шығармашылық  шешімдерге,  қазіргі  алгоритмдер  мен  кәсіби 
міндеттердің  шешілу  тәсілдеріне  негізделген  тиімді  кәсіби  дағдалар  мен 
біліктерді,    бейнелейтін  жоғары  тұрақты  ӛнімді  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  беретін  еңбек  субъектісінің  сапалық  сипаты  (А.А.Деркач,  
В.Г.Зазыкин).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР   МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
 ҚР -  Қазақстан Республикасы 
       ЖОО - Жоғары оқу орны 
       ҚР МЖМББС – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті   
       білім беру  стандарты 
       БДТІ - «бірлескен-диалогтік танымдық іс-әрекет»  
       ЗІ – зерттеушілік іс-әрекет 
       МҒЗЖ – магистранттардың ғылыми –зерттеу жұмысы 
       КЕ- кешенді емтихан 
       МД – магистрлік диссертация 
       МК – міндетті компонент 
       ТК – таңдау компоненті 
       АҚШ – Америка құрама штаттары 
PhD – философия докторы 
       ҚазҰПУ – Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
       ҚМУ –  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
       СМУ – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
                                                    КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің кӛкейкестілігі. 
Eліміздің  әлемдік  біртұтас  білім  кеңістігіне  ену  жағдайында    мамандар 
дайындау  сапасын  арттыру  бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесінің  ең  маңызды 
міндеттерінің  бірі.  Қоғамдағы  үдемелі  ӛзгерістер  педагогикалық  білім  беру 
жүйесінде болашақ педагог мамандарда жаңа кәсіби ойлауды қалыптастыруды 
кӛздейді.  Заманауи  қоғам  бәсекеге  қабілетті,  шығармашыл,  жаңа  ӛзгермелі 
жағдайларға  тез  бейімделуге  дайын,    ӛзін-ӛзі  дамытатын,  ӛз  бетінше  шешім 
қабылдай білетін азаматтарды тәрбиелеуге қабілетті, кәсібилігі жоғары педагог 
мамандарды  қажет  етеді.  Осы  қоғамдық  сұранысқа  сәйкес  лайықты  маман 
дайындауда ең бастысы олардың кәсіби шыңдалуына басымдық берілуде. 
 Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  - 
2050»  стратегиясында  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек»,  -  деп, білім  саласының  алдына 
зор  міндет  жүктелген  болатын  [1].  Ал  «Қазақстан  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық сӛзіндегі 
13-ші  қадамында  Елбасы  Білім  және  ғылым  министрлігіне  орта,  техникалық 
және  кәсіптік,  жоғары  оқу  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 
орындарында  «Акмеология,  жеке  және  әлеуметтік  табыс  негіздері»  атты  оқу 
курсын енгізу жӛнінде тапсырма бергенді [2].  
Oсыған  орай,  кәсіби  әрекетте  және  ӛмірдің  басқа  да  салаларында  табыс 
биігіне    жетуді мақсат  ететін  тұлғаны дамыту,  бәсекеге  қабілетті  сапалы  адам 
капиталын  құруды  қамтамасыз  ету  Қазақстан  Республикасының  жоғарыдан 
кейінгі  білім беру жүйесі алдындағы аса жауапты міндеттер болып табылады.  
Қойылған  міндеттерді  шешудің  құқықтық  негіздерін  Қазақстан 
Республикасы  «Білім  туралы»  Заңы  [3],  Қазақстан  Республикасында  білімді 
дамытудың    2011  -  2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы  [4], 
Қазақстан  Республикасы  жоғарғы  педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасы 
[5],    Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарттар [6] және басқа мемлекеттік нормативтік  құжаттар мен Елбасының 
жыл  сайын  Қазақстан  халқына  Жолдау  ретінде  ұсынатын  стратегиялық 
бағдарламалары құрайды. 
Болашақ мамандарды дайындау білім алушыларды кәсіби білімді меңгеру, 
еңбек жағдайында қарым-қатынас жасау, ғылыми әдебиеттермен жұмыс  істеу, 
кәсіптік міндеттерді тиімді шешу біліктерімен қаруландыру мәселелерін шешу  
болып  табылады.  Осыған  орай,  магистратура  жағдайында  болашақ  маманды 
жоғары шеберлік деңгейде қызмет етуге дайындау ерекше қоғамдық мәнге ие, 
ӛйткені олардың  білімі кәсіби құзырлылықпен тікелей байланысты.  
Қазіргі  педагогикалық  білім  беруде  болашақ  мамандардың  кәсіпке  деген 
мотивациясын  күшейту,  олардың  шығармашылық  әлеуетін    жетілдіру, 
тұлғаның шығармашылық әрекетке дайын болуын қалыптастыру арқылы кәсіби 
іс-әрекетте  жетістікке  қол  жеткізу  үшін  жеке  мүмкіншіліктерін  анықтау  мен 
пайдалануды  қамтамасыз  ету  алдыңғы  орынға  шығарылады.  Mагистратурада 


 
 
білім  алушыларды  ӛзінің  таңдап  алған  болашақ  мамандығына  деген 
сүйіспеншілігін  арттырып, тек қана педагогикалық  іс-әрекет негіздерін игеріп 
қана қоймай, кәсіптік шеберліктің шыңына жетуге бағдарлануы   жас маманның 
акмеологиялық дайындығының қалыптасуына  мүмкіндік береді.  
Бұл  ретте    интегративті-кешенді  ғылым  ретіндегі  акмеологияның  алар 
орны  ерекше.  «Акме»  ұғымы  кәсібиліктің  шыңына  шығу  сол  арқылы  ӛмірде 
табыстарға 
жету, 
шығармашылық 
әлеуеттің 
дамуы 
мен 
адамның 
шығармашылық  әрекет    жағдайында  ұзақ  болуымен  түсіндіріледі.  Маманның 
кәсіби тұрғыдағы жетілуі және оның шыңына жетуі оның  кенеттен әрі бірден 
қалыптаса  салмайтын полифункционалды  жағдайы.  Оған  индивидтің  алдыңғы 
сатыда алған білімдері мен жинаған тәжірибелері «жұмыс жасайды». Тек солар 
ғана  маманның  қандай  тұлғалық  бағдарлары  мен  кәсіби  қабілеттері,  
қаншалықты білім қоры мен білік, дағдылары оны жасампаз субъект деңгейіне 
жетелейтінін кӛрсетеді.  
Педагогика және психология ғылымдарында болашақ мамандар дайындау 
мәселесіне дәстүрлі түрде кӛңіл бӛлініп келеді. Ӛткен ғасырдың орта тұсынан 
басталған  осы бағыттағы үрдіс нәтижесінде қазіргі кезде бұл мәселені кӛтеріп, 
оның түрлі астарларын терең зерттеуге қажетті ғылыми қор бар деп есептеуге 
болады. 
Бeлгiлi 
ғaлымдap 
(C.И.Apxaнгeльcкий 
[7], 
A.A.Вepбицкий 
[8],  
В.A.Cлacтeнин  [9]  т.б.)  студенттердің  кәciби  ic-әpeкeткe  дaяpлығын 
қaлыптacтыpу  мәселесін    жәнe  олардың  ӛзiн-ӛзi  әpi  қapaй  үздiкciз  бiлiм  aлу 
apқылы  дaмытуын  жoғapы  oқу  opындapындaғы  oқу-тәpбиe  үрдісінің 
зaңдылықтapын  ескеру  мен  cтудeнттepдi  oқытуды  тexнoлoгияландыру, 
мaмaнның ic-әpeкeт мoдeлiн құpылымдaу apқылы қapacтыpaды. 
  Cонымен  қатар  (В.И.Андреев  [10],  Ю.К.Бабанский  [11],  Н.В.Кузьмина 
[12],  В.В.Сериков  [13],  т.б.),  маманды  кәсіби  даярлау  үдерісінің 
психологиялық-педагогикалық  негіздеріне,  мамандықтың  мәніне,  ӛзіндік 
ерекшеліктері  мен  функцияларына  тоқталады.  Оның  құрылымын  негіздей 
отырып, 
маманның 
іс-әрекетінің 
кәсіби 
бағдарын, 
студенттердің 
шығармашылық  және  ӛздігінен  дербес  білімін  жетілдіруге  байланысты 
ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынады. 
Oтандық  ғалымдар  Н.Д.  Хмель  [14],  А.А.Бейсенбаева  [15],  С.Т.Каргин 
[16],  А.Қ.Рысбаева  [17],  Қ.К.Жампейісова  [18]  болашақ  мамандарды 
дайындаудағы  біртұтас  педагогикалық  үрдістің  теориясы  мен  практикасы 
мәселесінің әртүрлі аспектілерін зерттеу нысанына алған. 
Білім  беру  мұратына  сәйкес  педагог  мамандарды  даярлау  тәжірибесі 
Г.Қ.Ахметова [19], педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру З.А.Исаева 
[20],  болашақ  мамандардың  креативтілігін  қалыптастыру  Б.А.Оспанова  [21], 
А.С.Швайковский  [22],  Қ.М.Нағымжанова  [23]  студенттің  креативтігін 
қалыптастыру  мақсатында  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
Г.Қ.Нұрғалиева [24], жоғары мектеп дидактикасының дамуы Т.С.Сабыров [25],  
Е.Ӛ.Жұматаева  [26],  жоғары  оқу  орнындағы  оқыту  мәселелерін  Болон  үдерісі 
талаптарына  сай  басқару  Н.А.Асанов  [27],  С.Ә.Әбдіманапов  [28]  еңбектерінде 


 
 
зерделенген.  Бoлaшaқ  мaмaндapдың  кәciби  дaяpлығын  білімдік  үрдісте 
aқпapaттық  тexнoлoгияларды  пайдалану    apқылы  қaлыптacтыpу  caлacындa 
opындaлғaн  ғылыми  еңбектер  қатарына  бoлaшaқ  мaмaндapдың  aқпapaттық 
жәнe зepттeу мәдeниeтiн қaлыптacтыpу (Е.Ы.Бидайбеков [29], P.Ч.Бeктұpғaнoвa 
[30], К.М.Бepкімбaeв т.б.) [31] жәнe т.б. жатады. 
Болашақ  мамандардың  кәсіби  даярлығын  жетілдіру  жолдары  туралы 
М.А.Кұдайкұлов [32], Б.Кенжебеков [33], Ш.Т. Таубаева [34], Е.Ш. Қозыбаев 
[35] және т.б. ғалымдардың еңбектерінің біздің жұмысымыз үшін маңызы жоғары 
болды. 
Педагогикалық білім беру мазмұны, болашақ педагог-мамандарды  кәсіби 
әрекетке 
даярлаудың 
қырлары, 
педагогтардың 
кәсіби 
қабілеттерін 
қалыптастыру,  мұғалімдерді  даярлаудың  тарихына  арналған  зерттеулерді  Қ.Б. 
Сейталиев  [36],  Р.К.  Бекмағамбетова  [37],  А.Д.  Қайдарова  [38])  және  т.б. 
жүргізген.  
Педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне Л.М. Нәрікбаева 
[39],  ал  болашақ  маманның  біліктілігін,  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  Б.А. 
Тұрғынбаева  [40],  магистрлерді  дайындауда  зерттеушілік  іс-әрекеттің  рӛліне 
Б.Ш.Баймұхамбетованың  [41-44]  зерттеу жұмыстары арналған.   
        Дегенмен  болашақ  маманның  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру 
категориясы    педагогика  ғылымында  жеткілікті  дәрежеде  жарық  кӛрмегендігі 
қазіргі  жоғарғы  және  одан  кейінгі  деңгейлерде  шығармашыл  оқытушы 
үлгілерін  қалыптастыруға    жаңа  талаптарға  сәйкес  келетіндей  мүмкіндік 
бермейді. Сондықтан  мәселені түбегейлі жаңаша қарау қажеттігі туындайды. 
Зерттеу барысында  зерделенген әдебиеттерде ЖОО болашақ мамандарды  
кәсіби  әрекетке  дайындау  үрдісін    акмеологиялық  парадигма    талаптарына 
сай  қайта  қарау,  оның  теориясы  мен  ғылыми-әдістемелік  негіздерін  жаңарту 
мәселесі  арнайы  зерттелмегендігі  анықталды.  Мамандар  дайындаудың 
практикасы  магистратурада  әртүрлі  пәндер  бойынша  беріліп  жатқан  білімнің 
бір- бірімен байланысының аздығынан  маманның жоғары кәсібилік пен «акме» 
деңгейде  еңбек  етуге  дайын  болуын    қалыптастыруға  әлеуеті  жеткіліксіз 
екендігін байқатты. Бұл жағдай: 
       -  ЖОО  болашақ  ғылыми  -  педагогикалық  мамандарды  акмеологиялық 
тұрғыда  дайындауға  деген  қоғамдық  сұраныс  пен  оған  негіз  болатын 
тұжырымдамалық тұғыр мен тиімді жолдарының айқындалмауы арасындағы; 
          
- жоғарыдан кейінгі білім деңгейінде мамандар дайындаудың мазмұны мен 
білім  алушылардың  оқу  әрекетінің  негізінен  ӛткен  әлеуметтік  тәжірибеге 
сүйенуі  мен  оларды  болашақ  кәсіби  әрекетке,  белгісіз  жағдайлар  мен 
педагогикалық шығармашылыққа дайындау арасындағы;  
-
 
болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастырудың  
сапасын  кӛтерудің  объективті  қажеттілігі  мен  осындай  мүмкіндіктің  жүзеге 
асуын  қамтамасыз  ететін  тиімді  шарттардың  ғылыми  негізделмеуінің 
арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін кӛрсетеді.  
Oсындай  қарама-қайшылықтар  магистранттарды  болашақта  «акме» 

10 
 
 
деңгейге  жеткізетін    жоғары  кәсібилік  тұрғыдағы  дайындығын  жетілдірудің 
теориялық  және  тәжірибелік  негіздерін  айқындау  мәселесін  туындатып, 
зерттеудің    тақырыбын  «Жоғарыдан  кейінгі    білім  жағдайында 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет