Тыңдауға үйрету үшін жаттығулар жүйесі. Аудированиеге үйрету кезінде басқа түрлеріне тәрізді жаттығулардың екі типі қолданылады: дайындық және тілдік .
Дайындық жаттығуларының мқсаты – мәтінді тыңдауға дейін лингвистикалық және психологиялық сипаттағы қиындықтарды алып тастау, бұл аудиторға өз назарын мазмұнды қабылдауп топтауға мүмкіндік береді. Дайындық жаттығулары 2 топқа бөлінеді: 1. Лингвистикалық сипаттағы қиындықтарды алып тастауға бағытталған жаттығулар; 2. Психологиялық сипаттағы қиындықтардан арылуға арналған жаттығулар.
Тілдік жаттығулар қалыпты тілдік қарым-қатынасқа жақындайтын жағдайларда тілдік хабарламаны қабылдау икемін шынықтыруға септігін тигізеді.
Дайындық жаттығулары.
1). Сөзді естіп уйренуге арналған жаттығулар:
1. Сөздің бірнеше жұбын есту және қайталау:
Law - low; saw – so;
2. Сөздерді тыңдау (мысалы: beg,sat,pen,head), үш сөзден тұратын графикалық кілтте әрбіреуін табыңыздар: big – beg – bag; sit – set – sat; pin – pen – pan; hid – head – had.
3. Ұқсас естілетін сөздерді анықтаңыздар, оларды санмен белгілеңіздер: : sort – pot – part – port (1,2,4)
4. Сөйлем жұптарын тыңдаңыздар, карточкаға егер сөйлемдер бірдей болса «+» қойыңыздар, әртүрлі болса «-» қойыңыздар;
2) Мүмкін болатын болжауды үйрететін жаттығулар:
1. Сын есім қатарын (етістік) тыңдаңыздар, олармен жиі қолданылатын зат есімдерді атаңыздар.
2. Сіздерге белгілі элменттерден құралған сөздерді естіп аударыңыздар Thankful, thankless (thank).
3. Тілдік штамптер қатарын тыңдаңыздар, олар қолданылатын жағдайларды (ана тілде және шет тілде) атаңыздар.
4. Мәтінді күйтабақтан (оқытушының талап етуімен) тыңдаңыздар, осы мәтіннің графикалық нұсқасындағы бос орынды толтырыңыздар және т.б.
3) Қысқа уақыттық және логикалық сөзді есте сақтауды дамыту үшін жаттығулар:
1. Оқшауланған сөздер қатарын табыңыздар, осы тақырыпқа жататын сөздерді толтырыңыздар.
2. -3 қысқа фразаларды тыңдаңыздар, оны бір сөйлемге біріктіріңіздер.
3. Диктордың (мұғалімнің) соңынан 10 және одан артық сөздердерден тұратын фразаларды тыңдаңыздар.
4. Фразаны тыңдап, мағынасына байланысты және т.б. тағы біреуін қосыңыздар.[8]
Шет тілін ерте үйрену – баланың туғаннан бастап мектепке барғанына дейінгі интуитивтік-тәжірибелік тәсілдің негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі жас – шет тілін үйренуді бастау үшін ең тиімді жас: осы жастағы балалар тіл құбылыстарына ерекше зеректерімен ерекшеленеді, өздерінің сөйлеу тәжірибелерінің мағынасына, тілдің «құпияларына» қызығушылық пайда болады. Олар өткен мәліметтерді жеңіл және тез есте сақтайды.
Шет тілін ерте жаста үйренудің тағы бір себебі бар. Бала кішкентай болса, оның ана тіліндегі сөз қоры аз болады. Бірақ оның сөйлеу қажеттіліктері аз болады: кішкентай баланың қатынас аясы үлкен балаға қарағанда аз, оған әлі де коммуникативті тәсілдерді шешу қажет емес. Шет тілін игере отырып, бала ана тілі мен шет тілі арасындағы мүмкіндіктердің осындай үлкен ажырағанды сезінбейді және үлкенірек жастағы балаларға қарағанда оның табыс сезімі өте тереңірек болады.
Кішкентай балаларды оқыту – оқушылар мен үлкендерді оқытуға қарағанда, басқа әдістемелік тәсілді талап ететін оңай жұмыс емес. Егер үлкен адам шет тілін игерсе, басқаларды оқыта алатыны дәлел емес. Балалар әдістемелі қажетсіз сабақтармен оқығанда, шет тілін көпке дейін жек көріп кетуі мүмкін және өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып алуы мүмкін.
Ойын – ұйымдастыру тәртібі мен сабақ өткізудің әдістемесі болып саналады. Сол арқылы балалар белгілі бір ағылшын лексикасының қорын жинақтайды, көптеген тақпақтар, әндер мен санауларды жаттайды. Осындай сабақтарды өткізу тәртәбә сөйлеу дағдысы мен тіл икемділіктерін меңгергенде қолайлы жағдай тудырады. Ойын әрекетіне мүмкіндікті шет тілінде сөйлеу мотивациясын қамтамасыз етуге жағдай туғызады, кәдімгі пікірлерді саналы және қазақты қылады. Шет тілін оқытудағы ойын – оқу әрекетіне қарсыласпайды, оның органикалық байланысы бар.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды шет тілін оқытуда коммуникативті компетенция негізінің бірте-бірте дамуы болады. Ағылшын тілін ерте жастан игеру осындай аспектілерді құрайды:
Оқытушының соңынан ағылшын сөздерін фонетикалық көзкарас жағынан дұрыс қайталай білуі, яғни тыңдау назарының, фонетикалық есту мен дұрыс сөйлеудің кезеңдік құрылуы;
Ағылшын сөздігін меңгеруі, қорытындылауы және белмендірілуі;
Күрделі емес грамматикалық құрылымдардың белгілі бір санын меңгеруі.
Білім әрекетінің әдістемесән өткізу лингвистикалық мүмкіндіктердің жас және индивидуалды, ерекшеліктерімен байланысты болуы керек және олардың дамуына бағытталуы керек.
Шет тілінің білім әрекеті баланыңжалпы дамуы, оның сенсорлы, физикалық, интеллектуалдық тәрбиесімен тығыз байланысты болуын мұғаліммен ойланып тиянақталған болуы керек.
Шет тілінде сөйлеу бағытталған және мақсатталған болуы керек.
Осындай мотивацияны құрудың түрі ойын болып табылады.
Ойын әдістемесінің негізінде елестеткен жағдайды жасау және сол немесе басқа тілдің мұғалімі болып табылады.
Оқыту ойындары жағдайлы, жарысты, ритмо-музыкалық және көркемдік болып бөлінеді.
Жағдайлы ойындарға рольдік ойындар жатады, белгілі бір жағдайға байланысты бейнелеу.
Рольдік ойын – бұл балалар белгілі бір рольде, әр түрлі өмір жағдайларын ойнайды, мысалы, сатушы-сатып алушы, дәрігер-науқас, актер және оның жанкүйері және т.б.
Олар кезегінде, балалар типтік және стандартты диалогты колданғанда, әр түрлі модельдер түрінің өзгеруі және қолдануын талап ететін тағы да сол сияқты жағдайларға және импровизациялық ойындарға бөлінеді.
Стандартты диалогтар, мысалы:
Show me (маған көрсетші) – мұғалімнің бір нәрсені атап айтқанда, бала сол нәрсе бейнеленген карточканы көрсетуі тиіс.
What’s this? Мұғалім сөздерді көрсетеді, балалар сөздерді атайды.
What’s missing? (не жоғалып кетті?)
What’s doesn’t belong? (не артық?)
«Сиқырлы айна» - мақсаты: баланың зейінін дамыту. Айнаға балалар жануарларын маскаларын киіп алып жақындайды. Сиқырлы айнада бірнеше жануарлар көрінеді. Балалардың міндеті – кімді және қанша көлемде көріп тұрғандарын айту болып табылады. Мысалы: I see a dog. I see five dogs.
Жарысты ойындарға лексика мен грамматиканы меңгеру үшін көптеген ойындар жатады.
Кім көп сөздерді біледі, сол жеңіске жетеді.
Оған кроссвордтар, «аукциондар», лингвистикалық тапсырмалары бар ойындар, топтардың орындалуы. Кроссвордтар түрлі тақырыптарда болуы мүмкін: жануарлар, жемістер, көкөністер, жиһаздар, ойыншықтар және т.б. Топтар әр түрлі болады. Сабақтарда балалар «Simon says» ойынын ойнай алады. Мақсаты – танымдық қызығушылықтарын дамыту. Балалар мұғалімнің айтқан іс-әрекеттерін орындау. Мысалы: Hands up! Sit down! Jump! Run! және т.б. Ойынды өткізу барысында әр түрлі лексикалық материалдар қолданылады.
Ритмо-музыкалық ойындар - сөйлеудің фонетикалық және ритмомелодиялық хоровод сияқты дәстүрлі ойындар, әндер және билер. Мысалы: “Nuts and May”, “What’s your name?”, “I like my friends”, :Head, shoulders, knees and toes” және т.б.
Көркем және шығармашылық ойындар – балаға ойын арқылы көркем-шығармашылық жол арқылы әрекеттің бір түрі. Оларды былай бөлуге болады:
1.Драматизациялар (яғни, кішкентай спектакльдерді ағылшын тілінде қою) «Ертегі мейрамы» - Мысалы: Орманда Қызыл телпек көбелектермен және қасқырмен кездеседі және диалог құрылады: (Hello! I’m Red Riding Hood. I’m going to my granny. She lives in the rest in the house) және т.б.
2.Бейнелеу ойындарға графикалық диктант, суреттерді бояу және т.б. жатады. Суреттерді бояу – тыныштандыратын, кей кезде мағыналы, бірақ өте көп таралған сабақ. Мысалы, дайын суретті көрсетуге болады. Бала контурмен айналысқанша, мұғалім сөздерді көп рет қайталайды, суреттің бөлшектерін айтады. Осылай біз баланың өзінің істеген жұмысын жаңа тілде айтылуының негізін қалаймыз.
Графикалық диктант – мысалы, балаларға сабақта не? Қандай түсті? Болу керектігі айтылады, балалар бояйды, сосын мұғалімнің айтқан суретімен өзінің салған суретін салыстырады.
3. Сөздік-шығармашылық (кішкентай ертегілерді құру, рифманы келтіру), мысалы:
- алды-артына және үстінен –астына
Таңертең пастамен тазалаймын ... (teeth - тістер) және т.б.
Ойынды сабаққа енгізуге ойлап таңдағанда, келесі ережелерді сақтау керек:
Ойынға кірісер алдында келесі сұрақтарға жауап беріңіз: ойынның мақсаты қандай, бала неге үйренуі тиіс? Қандай сөйлеу әрекетін ол орындау керек? Сондай пікірді бала құра алады ма, қосымша қиыншылықтар жоқ па?
Осы сұрақтарға жауап берерде өзіңізді бала деп елестетіп, осындай модель бойынша қандай пікір туатынын ойлап тауып көріңіз
Бала осы жағдайды тез қабылдау үшін, оған осы жағдайды қалай суреттеуін табыңыз.
Баламен өзіңіз сүйсіне ойнаңыз!
Тағы да шет тілін меңгерудің ең кең таралған тәсілі ақпараттық және коммуникативті әдістерді қолдану болып табылады. Олар: мультимедиялық құралдар, компьютер, аудио және т.б.
Ағылшын тілін игерудегі аудиоертегілер
Баланың сөз қоры көбейгенде, білім әрекетін ағылшын тілінде аудиоертегілер арқылы түрлендіруге болады.
Аудиоертегілерді былай бөлуге болады:
Алдымен кішкентай ағылшын әңгімелері жарайды. Мысалы, балалармен осындай ертегілерді тыңдауға болады «Three little kittens», «Three little Pigs», «Too Many Daves».
Көрнекі материалмен құрылған аудиоертегілер. Аудиоертегілер қосылғаннан бастап балалар мұғаліммен бірге суреттерге қарап қайталайды. Ағылшын аудиоертегілерді қызықтырақ қылу үшін ертегітерапия тәсілін қолдануға болады, яғни ертегіні бейнелеп салу. Тыңдау кезіндегі сурет салу ақпараттың орындалуы мен қабылдап алуына көмектесетін процесс. Сурет салу барысында баланың естігенімен ассоциативті байланыстары пайда болады.
Ағылшын тілін игерудегі видеобейнелер
Видеобейненің мақсаты – ағылшын тілін мектепке дейінгі және одан кіші жастағы балаларды коммуникативті оқыту тәсілін қолдана отырып оқыту болып табылады. Ақпараттық материал балаға білімді және қызықты болып келеді.
Балалар ағылшын тілін қоршаған ортаны тану және ойнау арқылы оқиды.
Балалар мультфильмдерді жақсы көреді және оларды көп рет өарайды. Сондықтан ағылшын тіліндегі мультфильмдер балаларды шет тілін үйретудегі көптеген міндеттерді шешеді. Фонетика- лингвистика ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бөлімі. Шет тілін үйренуді оның дыбыстык жүйесін үйренуден бастайды. Дыбыстарды дұрыс айту ойды дұрыс жеткізе білуге, дұрыс түсіне білуге кызмет етеді. Өзге тілді үйренгенде оның дыбыстық жүйесін ана тілінің дыбыстық жүйесімен салыстырамыз. Мысалы, қазақ тілінде ағылшын тіліндегі сияқты дыбыстардың қыска, ұзақ түрлері болмайды. Ағылшын тілінде сөздің соңындағы ұяң дауыссыз дыбыстардың айтылуы да сөздің мағынасын өзгертеді. Мысалы: соt, [кᴐt] - «балалар кереуеті», соd [кᴐd] -«нәлім» деген үғымдарды беретін сөздерде соңғы дауыссыз дыбыстар өзгеремеуі керек. Орыс тіліндегі сияқты қатаң айтылса сөздің мағынасы өзгереді. Мысалы: кот, код орыс тілінде бірдей айтылады: [кот]. Дыбыстар белгілі бір қалыптағы дыбыс мүшелерінің жұмысы нәтижесінде пайда болады. Дыбысты айтудағы дыбыс мүшелерінің орны мен қозғалысы оның артикуляциясы (articulation), әуенінің өзгеруі интонация (іntonation) деп аталады. Сөзді дыбыстық жүйенің белгілері арқылы жазуды транскрипция (transcription) деп атайды. Транскрипциялық белгілер, әдетте, квадрат жақшаға жазылады.
Әр тілде дыбыстау мүшелерінің ерекше құрылымы мен қозғалыстары болады, сондай-ақ әр тілдің тек өзіне тән тыныстық режимі мен кернеуі де болады. Жоғарыда айтылған қасиеттер тілдің артикуляциялық базасы деп аталады (articulatory basis of the language). Кез келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі - дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау керек. Сөзді дұрыс айта білу үйренушінің осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз байланысты. Тілді үйретудің мақсаттарының бірі - үйренушіні сөзді және таныс емес дыбыстарды тыңдай білуге үйрету. Сөзді тыңдау дегеніміз - оның акустикалық формасын білу. Сондықтан сөзді айтуға үйрету оқушының тыңдау және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруда үлкен орын алады. Сөзді айтуға тек қана тыңдау мен сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен қатар оны жазып, сөздің дыбыстарының графикалық белгіленуін үйрету де жатады.
Сөзді дүрыс айтпау оны түсінбеуге әкеліп соғады. Егер сөзді айтушы сөздің бір дыбысын өзгертіп айтса, сөздің мағынасы өзгереді.
Мысалы: white - wide, еаt - it
Мұғалім сөзді дұрыс айтудың маңызын жақсы білуі керек.
Әр тілдің өзіне тән дыбыстың жүйесі бар. Бүл ағылшын тіліне де қатысты. Ағылшын тілінің дыбыстары қазаң тілінің дыбыстарымен бірдей емес, бірақ екі тілде де ұқсас дыбыстар бар.
Ағылшын тілінің мына дыбыстары айтуда қиындық туғызады: [ w ], [ р ],
[ f ], [ ɜә ].
Сондай-ақ, [ s ], [ рz ] дыбыстарының қосарланып келуі “months”, “clothes” сөздерін айтуда қиындық туғызады. Ал [ ŋ ] дыбысы қазақ тіліндегі
[ ң ] дыбысының айтылуына ұксас.
Мысалы:
English, think, song, sitting
Ағылшын тілінің дыбыстың жүйесі үлкен үш топқа бөлінеді:
1. Дауысты дыбыстар (vowels) 2. Дифтонгтар
3. Дауыссыз дыбыстар (consonants)
Ағылшын тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Ағылшын тілінде дыбыстың үзақ - қысқалық қасиеті бар. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың ұзақ айтылатын түрлері жоқ. Ағылшын тіліндегі дауысты дыбыстың ұзақ түрінің айтылуы да әртүрлі. Мысалы: Іеар [ lі:р ]сөзі мен lір [lір]сөздерінде ұзаң [ і: ],ңысзқа [ і ]дыбысынан ұзақтау айтылады. Сондай-ақ, мына дыбыстың топтардың айтылуында айырмашылықтар тек қана үзақтығында ғана емес, дыбыстың сапасында да бар. Мысалы: [ і: ]- [ і ], [ и: ] - [ и ].
Ағылшын тілініңдыбыстық жүйесінің тағы бір ерекшелігі дифтонгтардың - қосарланған дыбыстардың болуы. Қазақ тіліндегі мұндай қосарланған дыбыстар аз, ал ағылшын тілінде олар: [ оu ], [ і: ], [ ju:],т. б. Ана тілінде жоқ болғандықтан оқушылар бұл дыбыстарды айтқанда, оларды монофтонгқа үқсас айтады.
Ал, дауыссыз дыбыстар жүйесінде оқушыларға айтуға қиындык келтіретін дыбыстар: [ р ], [ f ], [ w ], [ һ ], т.б. Ағылшын тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айтылу сапасы олардың сөздегі орнына байланысты. Мысалы: сөздің соңындағы қатаң дауыссыздар қатты айтылады “white” [ wait ], ал ұяң дауыссыздар wide [ waid ] жұмсақ айтылады.
Сөздерді айтып үйренгенде оның дыбысталуын ғана емес, сонымен бірге оған түсетін екпінді де үйрету керек. Ағылшын тілінде екпін кейбір сөздерде бірінші буынға түседі.
Мысалы:
sоrrу, vening, morning, т.б.
Ал басқа сөздерді негізгі екпін екінші буынға түседі.
Мысалы: begin, mistake, result, т.б.
Ағылшын сөзін айтып үйренуде екпіннің маңызы зор. Ағылшын тілін тыңдаушылар көбіне ағылшын тілін, оның екпініндегі ерекшеліктеріне байланысты түсіне алмайды. Ал сөйлемді айту үшін негізгі екі әуенді қолданамыз, көтеру (rise) және түсу (fall). Бұл әуендер қазақ тілінің әуендеріне сай келмейді. Оқушылар оқығанда көбіне ана тілінің әуендерін қолданады. Сондықтан сөйлем ағылшын сөйлеміне үқсамай, мағынасы түсініксіз болады.
Мысалы:
Will you wait for me һеге?
Жоғарыдағы үлгі сөйлемде ағылшын тілінің әуені дұрыс емес естіледі.
Ағылшын тілінде айтуға үйретудің негізі ретінде ағылшын тілінің әдеби айту нормалары алынады. Бұл әдеби норма - ол тілдің радиода, теледидарда, театрда, университеттерде, мектептерде қолданылатын түрі. Біз оқушыларға ағылшын тілінің осы түрін оқытамыз. Бұл түрлердің ерекшеліктері мынадай:
1) анық ритмнің сақталуы
2) дыбыстардың анық айтылуы
3) көмекші етістіктерді қысқартып пайдалану
Сөздерді айтып үйренуде оқушылар нені меңгеруі керек? Олар мыналар:
1) ағылшын тілінің дыбыстың жүйесі
2) қазақ тілі мен ағылшын тілінің дыбыстық жүйесіндегі айырмашылықтарды білу
3) сөзге екпін қоя білу, сөйлемге дұрыс әуен қоя білу,
сөйлемді дыбыс, дауыс ырғағын топтарға бөле білу.
Ағылшын тілінде айтылған сөйлемді тек қана оның айтылуы, дауыс ырғағы дұрыс болғанда түсінуге болады.
«Дауысты дыбыстардың жіктелуі» тақырыбын түсіндірмей тұрып, дыбыстардың жасалу жолдарына көңіл бөлеміз. «Фонетика» - тілдің дыбыстық жұйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы екендігін естеріне түсіре отырып, дыбысты қарастырудың үш аспектісіне назар аударамыз:
1. Анатомия — физиологиялық
2. Лингвистикалык ( функционалды)
3. Акустикалық ( физикалық)
Дыбыстың анатомия - физиологиялық ерекшелігін ұғындыруда пәнаралық байланысқа көңіл бөлген жөн. «Тәнтану» окулығындағы «Ауа жолы», «Тыныс алу жолы» кестесін пайдаланып, дыбыс жасаудағы сөйлеу мүшелерінің ерекшелігін айқындай отырып, оқушылардың көру, есту қабілетін арттырамыз. Дыбыстау мүшелерінің мағыналы сөздер жасаудағы қызметін оқушылар кесте мен тірек сызбадан айқындайды. Бұл тәсіл арқылы олардың көру, есту қабілетін арттырамыз.
Белгілі ғалым Ш.Бектұров: «Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Мұны дыбыстау аппараты деп келе, дауыс шымылдығы (желбезек) таңдай, тіл, тіс, ерін, сөйлеу мүшелерін дыбыстау мүшелеріне жатқызады.
Екінші және үшінші топқа жататын дыбыстарды, сондай-ақ айтылуы қиын тиетін дыбыстар тіркестерін меңгеру ушін оларды арнайы түсіндіру керек және бұл дыбыстар мен дыбыстар тіркестерінің айтылуын арнайы жаттығулар арқылы автоматтандыру керек.
Дыбыстарды түсіндіру негізгі төрт компоненттен тұрады: 1) дыбысты көрсету; 2) осы дыбыстың айтылу жолын, оның артикуляциясын түсіндіру; 3) ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар; 4) дыбысты оқушының айтып дағдылануы.
Дыбысты көрсету дегеніміз — сол дыбысты мұғалімнің анық, айқын түрде айтуы. Мұғалім жеке дыбыстың өзін немесе сол дыбысты сөз құрамында, сөйлемде айтып көрсетуі мүмкін. Ал дыбыстың артикуляциясын түсіндіру барысында мұғалім сол дыбысқа ұқсастау ана тілінің дыбысын айтып, олардың айырмашылығын көрсетеді, сөйлеу ағзаларының қандай қалыпта болуы керектігін түсіндіреді, артикуляциясын көрсетеді. Ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажырату үшін мұғалім француз тілінің жаңа дыбысын, сонымен қатар сол дыбысқа ұқсас қазақ тілінің дыбысын айтады, оқушылар жаңа дыбысты бiліп тануға тиіс. Түсіндіру кезеңі жаңа дыбысты оқушылардың айтуымен аяқталады. Оқушылар әуелі тағы бір рет тыңдап алады да, әуелі дыбысты хормен, сосын жеке-жеке айтады. Дыбысты айту жеке дыбысты айтумен немесе сол дыбысты контексте (сөз құрамында, сөйлемде) айтумен аяқталады. Сосын осы дыбыстарды жаттықтыру, автоматтандыру, дағдыны кадыптастыру басталады.
Дауыс ырғағын, интонацияны үйреткенде еліктеу мен тусіндіру қатар қолданылады. Мұнда индуктивтік және дедуктивтік жолды пайдалануға болады. Егер дедуктивтік жолды пайдалансақ, онда мұғалім үлгі сөйлемді айтып тұрып, оның дауыс ырғағындағы, интонациаясындағы ерекшеліктерді түсіндіріп отырады. Индуктивтік жол көбірек уақыт алады. Мұғалім оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы үлгі сөйлемнің айтылу ырғағындағы, интонациясындағы ерекшеліктерді оқушылардың өздері айтуына жетектейді. Бұл тәсіл уақытты көбірек алғанмен, өте тиімді жол. Оқушылар өздері ашқан жаңалықты естерінде жақсы сақтап қалады.