Тыңдап оқудың мақсаты жаңа бағдарламаларда мақсатты талаптар мазмұнын түсіну деңгейіне, естіген мәтінді қабылдаудың сапалық типі мен сипатына бағдар береді.
а) Қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында, соның ішінде таныс емес тілдік құралдар болғанда да сөйлесушінің пікірін түсіну.
б) әртүрлі дәрежедегі және мазмұны терең мағыналы оқулық пен дәлме-дәл мәтіндерді түсіну. Аудио мәтінді түсіну деңгейі коммуникативтік тапсырмаға сәйкес, аудио мәтін типі мен оны қабылдау жағдайларымен анықталады.
Жалпы білім беру мектебінің бастапқы кезеңін бітіруде оқушылар оқу және дәлме-дәл (өлең, тақпақтар) текстерді көрнекілік пен паралингвистикалық құралдарға сүйеніп, негізгі мазмұнын түсінуі қажет.
Мәтіндер оқушылардың тілдік дайындығына, олардың қызығушылығы мен қажеттілігіне сәйкес келуі керек.
Мәтін типтері: мұғалімнің жеке оқушыларға және сыныпқа толығымен назар аударуы, балалар өлеңі, тақпақтар, ертегілер, санамақ, әңгімелер, қысқа диалогтар, мультфильмдер.
Тыңдап үйренудің мақсат ретінде негізгі құралы аудио мәтін болып табылады. Аудированиеге үйренудің әдістемесінің орталық буыны болып табылатын аудио мәтіндер естілген сөздің, дәлме-дәл аяқталған фрагменттердің ұтымды іріктелуі болып келеді. Аудио мәтінде ойдың аяқталуы, ой құрылымының толықтығы, композициялық ресімделуі болады.
Аудио мәтінге қойылатын негізгі талаптардың бірі дәлме-дәлдігі, яғни тілдің оқымыстылары тасымалдайтын мәтіндер болуы тиіс. Оқушылар өз мұғалімдерінің сөзі мен акцентінен басқа, тіл тасымалдаушыларының сөзін- тілдік нормасының эталондарын естуге мүмкіндік алулары қажет [6] Оқушылардыңдәлме-дәл естуге неғұрлым табысты «дағдылануын» қамтамасыз ету үшін оқу процесі кезінде сонымен бірге жартылай дәлме-дәл (дәлме-дәл, бірақ оқулық аудио мәтіндерін қысқарту арқылы бейімделген, тіл тасымалдаушылары айқын дауыс мәнерімен қалыпты жағдайда жақылған) және жалған дәлме-дәлдік (жартылай дәлме-дәл, арнайы студияда жөнделген, сыртқы шудан жекеленген) аудио мәтіндер қолданылады. Аудио мәтіннің соңғы екі категориясы, өңдеуге қарамастан, ондағы барлық ақпаратты сақтай отырырып,тыңдау және есте сақтау үшін біршама қолайлы болып келеді, бұл оқуға қарқынды және ұтымды септігін тигізеді [7]