2-нұсқа Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?


Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылған сызықшаны тап



бет2/3
Дата18.11.2023
өлшемі48 Kb.
#124327
1   2   3
11. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылған сызықшаны тап.
А. Ұсыныс сол - сөз өздеріне берілсін.
В. Баланың өскен бесігі - кең дүниенің есігі.
С. Сәрсен аға, аман - сау келдіңіз бе?
Д. Біраз жүрген соң Асан - күндіз көп жүріп, шаршаған бол? - ұйықтап қалды.
Е. Жақсы келдің айналайын!- деп қалбалақтап жатты ана.


12.Сызықшаның қойылатын жерін анықтаңыз.
А. Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.
В. Одағайдың екі жағынан қойылады.
С. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.
Д. Сан, уақыт, кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.
Е. Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылады.


13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлем
А) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.
В) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.
С) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.
Д) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.
Е) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.


14. Мақалдың жалғасын тап. Ана сүті бой өсіреді, ...
А) Атам берген құрал тіл.
В) Ана тілі ой өсіреді.
С) Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
D) Өнер алды-тіл.
Е) Тас жармаса бас жарады.


15. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Публицистика тілі.
B) Ауызекі тіл.
C) Ғылыми тіл.
D) Көркем әдебиет тілі.
E) Ресми тіл.


16. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
A) Бастауыш пен баяндауыштың  арасында.
B) Бірыңғай  мүшелердің арасында.
C) Атаулы сөйлемнен  кейін.
D) Одағай сөзден кейін.
E) Қыстырма сөзден кейін.


17. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
А)парсы 
B)түркі
С)латын 
D)қазақ 
E)татар


18. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырушы дәнекер сөздің тұлғасын көрсетіңіз.
Төле би: “Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр”, — деп ақыл айтты.
A) Күрделі етістік.
B) Етістік.
C) Көсемше.
D) Көсемше тұлғалы негізгі етістік.
E) Көсемше тұлғалы көмекші етістік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет