2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы



Pdf көрінісі
бет149/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

135.Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. 
(Уникальность текста:87.72%) 
Несеп мүшелері біздің ағзамыздағы болатын процесстердің бірі зат алмасудың соңғы 
заттарын шығаруға және де оданда басқа маңызды қызметтерді атқарып,адам ағзасының 
дұрыс жұмыс атқаруына қажетті.Адам ағзасына қажетті делінген несеп мүшелерінің бірі 
болып несепқуық есептелінеді.Несепқуық бізде басқа несеп мүшелері секілді жұп мүше 
болып саналмайды,ол дара қуыс мүше.Жалпы несепқуық бұл несептің бүйректен бастап 
түзіліп,ары қарай несепағарменен ағып уақытша аялдайтын аялдама секілді уақытша 
жиналатын орыны және де несепқуықтың латынша атауы vesical urinaria seu cystis деп 
аталады.Алдында жазып кеткенімдей несепқуық несеп жиналатын орын 
болғандықтан,оның көлемі және де пішіні жиналған несепке байланысты өзгермелі болып 
келеді.Осыған қатысты несепқуық толған жағдайда оның пішіні міндетті түрде 
дөңгелектенеді.Ал несепқуықтың сиымдылығы жалпы бес жүз мл-ге дейін сиымды.Осы 
несепқуықтың орналасу орны кіші жамбас қуысы болып есептеледі. 
Несепқуық мүшесінің құрылысында басқа адам организміндегі мүшелер секілді өзіне тән 
ерекшелігі бар.Қуықтың ұшы болады,сол ұшы алдыңғы жоғарғы бөлігі,алдыңғы іш 
қабырғасына қарап орнығады.Ары қарай қуық ұшы кіндікке арнайы орталық кіндік 
байламы арқылы жалғасады,ал осы байламды латынша lig.umbilicale medianum деп 
атайды.Ендігі кезекте қуықтың ұшы кеңейіп латыншасы corpus vesicae делінетін 
несепқуық денесіне жалғасады.Бұдан қуық денесінің төменге және артқа бағыт 
алып,fundus vesicae яғни қуық түбіне ұласады.Және де қуық денесінің төменге бағыт 
алған бөлігі тарылады да құйғыштәрізденіп,несеп шығарушы өзекке жалғасады.Ал осы 
бөлікті несепқуық мойны,cervix vesicae дейміз.Қуық мойынының төменгі жағында ostium 
urethrae internum орналасады.Несепқуық мүшесінде бірнеше қабырғалары 
болады,олар:шырышасты негізі мен шырышты,бұлшықеттік және дәнекер тінді немесе 
басқаша сірлі қабықты деседе болады.Әр қабырғаға тоқталар болсақ,бірінші шырышасты 
негізінен бастайық.Tela submucosa деп шырышасты негізін атаймыз,ол шырышты қабық 
қатпарларға жинала алады,себебі қуық қабырғасында жақсы дамыған.Ал шырышты 
қабырға ішкі жағы қызыл сұрғылт түсті болып келген,бос тұрған кезінде қатпарлар 
түзеді,ал толса қатпарлар кері жазылады.Қатпарды түзуінің себебі шырышасты негізінің 
жақсы дамуына байланысты.Біраақ осы қатпарлар қуық түбінде болмайды,оның орнына 
онда шырышты қабық бұлшықеттік қабықпен тығыздалып кеткен.Tunica muscularis деп 
аталатын бұлшықеттік қабырғасы бірыңғай салалы үш қабаттан тұрады.Осы қабаттар 
арасында сыртқысы және ішкісі бойлық,ал ортаңғысы дөңгелек яғни өте жақсы дамыған 
қабат.Несепқуықтың мойны мен несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі тұсында ортаңғы 
қабат жақсы дамыған,соған қатысты m.sphincter vesicae құрайды.Жәнеде қуықтың көлемі 
кішірейіп,несепті несеп шығаратын өзекке айдауы бұлшықеттік қабырғаның жиырылуына 
тікелей байланысты.Осыған қатысты қуық бұлшықеттік қабырғасын m.detrusor vesicae деп 
те атайды.Несепқуықтың сыртқы жағында сірлі қабық жоқ жерінде,оның сыртқы 
қабырғасы адвентиция. 
Несепқуықтың алдыңғы бет жағы қасаға симфизне қарайды,соған қатысты қасаға артында 
болатын майлы қатпармен шектеліп жатады.Алдында несепқуық жамбас қуысында 
орналасады дегенімдей,ол сонда орналасады бірақ ол орнынан шығатын жағдай болып 
тұрады.Сонда қуық несепке толған жағдайында,қуықтың ұшы қасаға симфизнен асып 


жоғарылайды,сөйтіп алдыңғы іш қабырғасына жанасады.Және де қуықта несеп толуына 
қатысты үш жағынан мезоперитонеальды болып,ал бос болса ретроперитонеальді болып 
жабылады.Несепқуық жақын жатқан мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланыс 
орнатады.Ал кіші жамбас астауының қабырғасына қуықтың төменгі жағы арнайы 
байлам,жамбас шандырының талшығынан түзілетін байлама арқылы байланысады.Осы 
тұрғыда несепқуықтың адам жынысына қарай сәл пәл өзгерістер болатының ескере кетер 
болсақ,әйел кісілеріңде несепқуығының жоғарғы жағында жатыр орын алады.Ал астыңғы 
жағы яғни түбі несепжыныс диафрагмасымен беттессе,артқы жағы қынаппен және жатыр 
мойынының алдыңғы қабырғасымен шектесіп жатады.Енді ер кісілердегі несепқуыққа 
келсек,төбе бетінде жіңішке ішек ілмектері орналасады.Түпкі бетінде қуық асты безімен 
шекараласады да,артқы жағында шәует шығаратын түтік кеңжерімен,шәует 
қуықшаларымен сомен қоса тік ішекпен беттеседі.Әйелдер мен ерлер несепқуық 
мүшесіндегі ұқсастықтарда бар,ол несепқуықтың бүйірі артқы өтісті көтеретін 
бұлшықеттермен шектеледі.Ішастарға қатынасында,несепқуыққа ішастар бүйір 
жақтарынан,жоғарыдан және артынан жауып әйел кісілерінде жатырға,ал ер кісілерде тік 
ішекке өтіп жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет