2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы. Несепағардың арылу



Pdf көрінісі
бет150/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

136.Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы. Несепағардың арылу 
жерлері, практикалық маңызы.
УНИК:87 процент 
Несепағар ureter –жұп мүше болып табылады.Локализациясы:бүйрек түбегінің тарылған 
жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Ұзындығы 30-35 см құраса,ені 4-8 мм 
болып келеді.Ал несепағар қуысының ені 3-4 мм. 
Ішастарға қатынасы:несепағар ішастар артында,яғни ретроперитонеалді орналасады 
Тарылулары:несепағардың 3 тарылуы бар: бірінші тарылу-бүйрек түбегінен несепағардың 
басталған жерінде орналасады;екіншісі- несепағардың іштік бөлігі жамбас астау бөлігіне 
өткен жері,яғни жамбас астаудың шекаралық сызығының маңында және үшінші тарылу 
несепағардың несепқуыққа ашылатын жерінде орналасқан. 
Бөлімдері:несепағар топ.орналасуына байланысты үш бөліккке бөлінеді,яғни 
іштік,жамбас астау,қабырғаішкі. 
Іштік бөлігі pars abdominalis үлкен бел бұлшықеті,яғни musculus psoas major алдыңғы 
бетінде орналасады.СИнтопиясына келер болсақ.Сол несепағар он екі елі –аш ішек иілімі 
,яғни flexura duodenojejunalis-тің артында орналасса,оң несепағардың проксимальді бөлігі 
он екі елі ішектің төмендеген бөлігі,яғни pars descendens-тің артында 
орналасады.Сонымен қатар,несепағардың алдынан аталық не аналық без артериясы және 
венасы,яғни arteria et vena testiculares|ovaricae өтеді және peritoneum parietale,яғни 
париетальді ішастар орналасқан болып табылады. 
Сол несепағар жамбас астау бөлігіне pars pelvina өтетін жерінде сигматәрізді жиек ішек 
шажырқайы- mesocolon sigmoideum-мен ,ал оң несепағар болса жіңішке ішек 
шажырқайының түбірімен radix mesenterii қиылысады.Жамбас астау бөлігінің 
синтопиясына келер болсақ,оң несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын 
артериясы мен венасының, a. Et v. iliacae internae алдынан, сол несепағар жалпы мықын 
артериясы мен венасының a et v iliaca communis алдынан өтеді. Несепағардың жамбас 
астау бөлігіндегі қуысы тарылған болып келеді.Әйел адамдарда несепағардың жамбас-
астау бөлігі аналық бездің ovarium артынан, жатыр мойнының cervicis uteri бүйір жағынан 
орай өтеді де, қынаптың алдыңғы қабырғасы paries anterior vaginae мен несепқуықтың 
vesica urinaria seu cystis аралығында орналасады. Ерлерде несепағардың жамбас астау 


бөлігі шәует шығаратын түтіктің ductus deferens сыртында орналасып, шәует 
қуықшасының vesicular seminAlis жоғарғы жиегінен кішкене төмен, несепқуыққа 
ашылады. Несепағардың жамбас астау бөлігінің соңғы бөлімі несепқуық кабырғасына 1,5-
2 см киғаш бағытта өтіп, кабырғаішкі бөлік, pars intramuralis деп аталады. 
Несепағардың құрылысы:несепағардың қабырғалары 3 қабыктан тұрады:ішкі шырышты 
кабығы, tunica mucosa(шырышты бездерге бай болып келеді және бойлық қатпарларды 
кұрайды),ортаңғысы- бұлшықеттік кабық,яғни tunica muscularis(жоғарғы бөлігі сыртқы 
бойлық, ішкі циркулярлық қабаттардан тұрса, төменгі бұлшықеттік қабығы үш қабаттан-
сыртқы, ішкі бойлық, ортаңғы циркулярлық қабаттардан тұрады),сыртқы дәнекер тінді 
немесе адвентициалді қабықтан, tunica adventitia, тұрады. 
Несепағардың практикалық маңызы: Рентгенограммадағы несепағар бүйректен қуыққа 
дейін созылатын ұзын және тар көлеңке түрінде болады. Оның контурлары айқын және 
тегіс. Несепағар Екі жазықтықта қисықтық түзеді — сагиттальды және фронтальды. 
Фронтальды жазықтықтағы қисықтық практикалық мәнге ие : бел бөлігінде медиальды 
бағытта, ал жамбас бөлігінде — бүйірлік бағытта. Кейде бел аймағындағы несепағар 
түзетіледі. Жамбас бөлігінің қисықтығы үнемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет