Байланысты: 2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері
160.Жұлынның қабықтары және қабықаралық кеңістіктері. Текст.ру 82,88 антиплагиат.ру 95,84 Жұлынның қабықтарын meninges spinalis деп атайды. Жұлында 3 қабығы болады. Олар
қатты қабық dura mater, торлы қабық arachnoidea, жұмсақ қабық pia mater. Қабықтар
арасында қабықаралық кеңістік болады. Ол эпидуральді кеңістік, субдуральды кеңістік,
торлы қабықастындағы кеңістік.
Жұлынның сыртындағы қабығы қатты қабық dura mater spinalis. Ол сүйек қабығымен
тығыз жанаспайды. Олардың арасында эпидуральді кеңістік cavitas epiduralis болады.
Эпидуральді кеңістік майлы және борпылдақ дәнекер тіннен тұрады. Ол кеңістікте
шелмай мен веналық өрімдер бар. Бұл өрімге жұлын мен омыртқалардан веналық қан
құйылады.
Келесі қабық жұлынның торлы қабығы arachnoidea spinalis. Ол жұлынды жеңіл ғана
қаптап жатады. Қатты қабық пен торлы қабық арасында субдуралды кеңістік spatium
subdurale орналасады. Ол дәнекертінді талшықтардың жіңішке будаларымен торланған
саңылау болып табылады. Ал осы торлы қабық пен жұқа қабық арасында торлы
қабықастындағы кеңістік cavitas subarachnoidalis орналасады. Ол кеңістікте жұлын-ми
сұйықтығы liquor cerebrospinalis болады. Ол жұлын мен нерв түбіршіктерін қоршап
тұрады. Осы түбіршіктер арқылы торлы қабық қатты қабықпен байланысады. Бұл
сұйықтық ми мен мидың торасты кеңістіктеріндегі қарыншаларындағы сұйықтықпен ылғи
қатынаста болады.
Жұлынның жұмсақ қабығы pia mater spinalis ол жуан және мықты болады. Ол жұлынды
қоршап тұрады. Бұл қабық сыртқы және ішкі табақшадан тұрады. Сыртқы табақша lamina
externa тісті байламды құрайды. Ал ішкі табақша жұлын затына еніп тұрады. Бұл жұмсақ
қабықта тамырлар бар, ал тамырлардың арасында периваскулярлы лимфалық кеңістік
түзеді.
Қорытындылай келе, жұлынның 3 қабығы және 3 қабықаралық кеңістігі болады.
Қабықтарына қатты, торлы және жұмсақ қабық жатады. Ал қабықаралық кеңістікке
эпидуральді кеңістік, субдуральды кеңістік, торлы қабықастындағы кеңістік жатады.