2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


) Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамның өсіп-жетілуі



Pdf көрінісі
бет3/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
1) Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамның өсіп-жетілуі
– филогенез 
зерттеледі. Оны зерттеу үшін салыстырмалы анатомия деректері қолданылады. 


2) Адамның қоғамның дамуына байланысты қалыптасуы және даму процесі –
антропогенез зерттеледі. Антропогенезді зерттеу үшін антропологияның, салыстырмалы 
және эволюциялық морфологияның деректері қолданылады. 
3) Адамның жеке даму процесі
– онтогенез, яғни адамның жатырдағы және жатырдан 
тыс, постэмбрионалдық кезеңдері зерттеледі. Оны зерттеу үшін эмбриологиялық 
дамудағы мәліметтер пайдаланылады. 
Анатомия ғылымы адам денесін жан- жақты зерттеуіне және зерттеуге қойылған 
міндеттерге байланысты бірнешеге бөлінеді : 
1) Жүйелік немесе жалпы анатомия
– анатомияның бұл түрі адамның денесін тұтастай 
зерттеу қиын болғандықтан, оны жүйелерге бөліп зерттейді. Яғни, ағзаның тірек –қимыл 
аппаратын, асқорыту, тынысалу жүйелеріндегі мүшелерді, жүрек-қантамырлар, жүйке, 
сезім жүйелерін және т.б. жүйелерді зерттейді. 
2) Топографиялық анатомия
– адам денесіндегі мүшелердің өзара орналасу тәртібін, 
кеңістіктегі ара-қатынасын медициналық мақсатқа орай зерттейді. Анатомияның бұл 
саласының клиникада, практикалық хирургияда маңызы өте зор. Сондықтан да 
топографиялық анатомияны хирургиялық анатомия деп те атайды. 
3) Пластикалық анатомия
– адам денесінің сыртқы пішінін, орналасуын және 
динамикасын зерттейді. Бұл анатомия сурет, бейнелеу және мүсін өнерінде кеңінен 
қолданылады. 
Анатомиялық тексерістердің әдістері жалпы екі салаға бөлінеді: 1) морфологиялық - өлген 
адамды тексеретін саласы; 2) функционалдық әдіс - адам мүшелерін тірідей тексеретін 
саласы.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады: 
• Ең ескі, бірақ маңызы жоғалмаған, ғылымға ат берген әдіс
– препараттау (грекше 
аnаtemno – кесу, бұтарлау). Бұл әдіс ірі мүшелердің, түзілістердің сыртқы құрылысы мен 
топографиясын зерттеуде қолданылады. Препараттау әдісінің өзінің бірнеше түрлері бар: 
су қабаты астында, түсіп келе жатқан тамшы астында препараттау, зерттелетін 
құрылымдарды таңдап бояу арқылы, қышқылдармен қопсыту арқылы препараттау, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет