2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет44/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Шынтақ буыны байламдары: 
1. Шынтақтық коллатералдық байлам, lig.collaterale иіпаге. Бұл байлам токпан жіліктің 
медиалды айдаршық үстілік өсіндісінің негізінен басталып, томен бағытта желпуіш тәрізді 


жалпақтау келіп, шынтақ жіліктің шығыршықтық тілігіне, incisura trochlearis, барып 
бекиді. 
2. Кәрі жіліктік коллатералды байлам, lig.collaterale radiale, олтоқпан жіліктің латералды 
айдаршық үстінен басталып, төмен бағытта өтіп кәрі жіліктің мойынының тұсында 
алдыңғы және артқы будасына бөлініп, шынтақ жіліктің кәрі жіліктік тілігінің алдыңғы 
және артқы жиегіне барып бекиді. Бұл буданың тығыздалынып шеңбер бағытта тереңде 
орналасқан талшықтары, шынтақ буынының шеңбер бағытта орна-ласқан байламын, 
lig.anulareradii, құрайды. Шеңбер бағытта орналасқан байламның төменгі талшықтары 
шынтак, жіліктің кәрі жіліктіктілігінен, төмен бағытта өтіп, кәрі жіліктің мо-йынына 
барып бекиді де сыртқы пішіні квадрат тәрізді байламы , lig.guadratum, түзіледі. 
Шеңбер бағытта орналасқан байламның горизонталді бағытта орналасуы бұл буында 
вертикалды бағытта айналма қозғалыстың еркін өтуін қамтамасыз етеді. Шынтақ 
буынында: қозғалыс фронталды және вертикальды біліктің бойында өтеді. Фронталды 
біліктің бойында: иықкәрі жілік, иық-шынтақ жілік буынында бұрыш құрап, 
бұрандабағытта бүгіледі, жазылады. Қозғалыстың мұндай жағдайда өтуі, тоқпан жіліктің 
шығырының вертикалды біліктің бойында қиғаш бағытта орналасуына байланысты. Бұл 
жағдайда шынтақ буынының иілуі 170 градус шамасындай. Вертикалды біліктің бойында: 
иық кәрі жілік, проксималды кәрі жілік-шынтақ жілік буынында ішке қарай айналуы, 
pionatio, мен қатар сыртқа қарай айналуы, supinatio, байкалады. 
37.Омыртқалардың қосылыстары. 
1.Омыртқалар бір бірімен омыртқааралық шеміршектер ,байламдар, және буындар 
арқылы байланысқан. 
1)Омыртқалар денесі бір бірімен омыртқааралық шеміректі дискілермен (disci 
intervertebrales) байланысқан. Бұл үздіксіз байланыс, тұрақты синхондроз. Әрқайсысы 
пішінін сақтайтын сыртқы фиброзды сақинадан (anulus fibrosus) және іркілдек ядро 
(nucleus pulposus) тұрады. 
2)Омыртқа бағанасының бойынан омыртқа денелері мен омыртқааралық дискілер 
алдыңғы және артқы ұзына бойлық байламдар (ligg. longitudinale anterior et posterior) 
арқылы байланысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет