2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Буындардың буын беттері санына байланысты жіктелуі



Pdf көрінісі
бет41/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Буындардың буын беттері санына байланысты жіктелуі: 
Қарапайым буын articulatio simplex бір немесе бірнеше сүйекпен түзілген, бірақ екі 
буын беті бар буын.
Күрделі буын articulatio composite буын капсуласында бірнеше буын беттерінің, яғни 
бірнеше қарапайым буынның болуынана түзіледі. Олардың қимылы бірге немесе
дербес болуы мүмкін. 
Үйлесімді буын бірлесе қызмет атқаратын, бірақ бір-бірінен бөлек орналасатын буын 
Кешенді буын буынды екі камераға бөлетін буын ішіндегі шеміршегі бар буын. 
35. Буынның негізгі және қосалқы элементтері. 
Буынның негізгі элементтеріне: буын бетінің шеміршегі, буын қапшығы және буын 
аралық саңылау жатады.
Буын беті
facies articularis- буын шеміршегімен жабылған. Олар ұзын түтік
сүйектердің эпифизінде, қысқа сүйектер басы мен негізінде, ал қалғандарының денесі
мен өсінділерінде орналасады.Буын беттерінің пішіндері әр түрлі, олар бір-біріне
сәйкес, яғни конгруэнтті болып келуі керек.
Буын бетінің шеміршегі
cartilago articularis гиалин шеміршегінен тұрады. Қызметі: 
буын қуысына қараған сүйектердің буын бетін көмкеріп, буында болатын үйкелісті
азайту. Буын шеміршегінің перифериялық бөлігі орталық бөлігіне қарағанда биіктеу
болып келеді. 
Буын қапшығы
capsula articularis ол буын бетінің айналасынан шеңбер бағытымен
басталып, тұйықталынып, саңылаусыз орналасқан қабықша. Ол сыртқы фиброзды
жарғақтан және ішкі – синовиалды жарғақтан тұрады. 


а) сыртқы фиброзды қабаты tunica fibrosa өте тығыздау болып орналасқан дәнекер
тіндерден тұрады. 
Қызметі:
буын қапшығының беріктігін сақтау. 
б) ішкі синовалды қабаты tunica synovialis фиброзды қабықшаның ішкі қапталында
орналасқан. Синовалды деп аталу себебі бойынан сарғыш түсті сұйықтық бөледі. 
Қызметі: а)буынның қозғалысы кезінде үйкелісті азайту;
б) буын бетінің шеміршектік тінін қоректендіру;
в)синовиальды сұйықтықтың қоюлығына және оның жабысқақтығына байланысты
буында болатын қозғалысты өзгерту. 
Буынаралық саңылау cavitas articularis буын беттерімен және капсуламен шектелген 
кеңістік. Буын саңылауы синовиалды сұйықтықпен толтырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет