2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Бүйір шеті екі бөлікке бөлінеді



Pdf көрінісі
бет22/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Бүйір шеті екі бөлікке бөлінеді:
үлкен, үстіңгі, тістелген, «ламбда» әріпіне ұқсас 
жоғарғы жиегі (margo lambdoideus). Ол төбе сүйектердің (os parietale) желке жиегімен 
қосылып, ламбда тәрізді жік (sutura lambdoidea) құрайды. Кішірек, төменгі, аз тістелген 
шүйде-емізіктік жиек (margo mastoideus), самай сүйектің емізік тәрізді өсіндісімен 
шетімен шектесіп, шүйде-емізіктік жік (sutura ossipitomastoidea) құрайды. 
Ішкі бетінде (facies interna) келесі жүлгелерді қамтиды: 
Көлденең қойнау жүлгесі (sulcus sinus transversus).
Жоғарғы сагитальді қойнау жүлгесі (sulcus sinus sagittalies superior). Ол төменге қарай, 
шүйде сүйектің ішкі қырқасына (crista occiptalss interna) жалғасады. Сонымен қатар бұл 
жерде ішкі шүйделік көтеріңкі (protuberantia occipitalis interna) бар. Оның жан жағында 
крест тәрізді көтеріңкісі (eminentia cruciformis) ажыратылады. 
Сыртқы бетінде (facies externa) шүйде сүйектің сыртқы көтеріңкісі (protuberantia occiptalis 
externa), төмен қарай шүйде сүйектің сыртқы қырқасы (crista occipitalls externa) жүреді. 
Осы жерде 3 желкілік сызықтар бар: 
1)Жоғарғы желкілік сызық (lineae nuchae superior) 
2)Ең жоғарғы желілік сызық (lineae nuchae suprema) 
3)Төменгі желілік сызық (lineae nuchae inferior). 
Бұл сызықтардың барлығына бұлшықет бекінеді. 


19.Төбе сүйегі, құрылысы. 
Уникальность:100% 
Төбе сүйегі (оѕ раrіеtаlе), жұпталған, бассүйектің қақпағының жоғарғы және бүйір 
бөліктерін құрайды. Адамда ол барынша жетілген, негізінен қорғаныш қызметін атқарады. 
Сырт жағынан дөңес, іш жағынан ойыс төртбұрышты табақша.
Төбе сүйектің 2 беті, 4 бұрышы, 4 жиегі бар. 
Төбе сүйегі (оѕ раrіеtаlе) беттері: 
Сыртқы беті (facies externa) тегіс және шығыңқы. Сүйектің ортасында орналасқан, ең 
үлкен дөңестелген жерін, төбе сүйектің дөңесі (tuber parietale) деп аталады. Одан төмен 
сүйектің алдыңғы шетінен басталатын және маңдай сүйегінің (os frontale) аттас 
сызығының жалғасы бола отырып, төбе сүйегінің (оѕ раrіеtаlе) бүкіл бетіне көлденең 
созылып, оның артқы-төменгі (емізіктік) бұрышына (angulus mastoideus) дейін жоғарғы 
самай сызығы (linea temporalis superior) өтеді. Осы сызықтан төмен, төбе сүйегінің (os 
frontale) төменгі жиегіне параллель, тағы бір айқын сызық (linea temporalis inferior) өтеді. 
Біріншісі - самай фассияның бекітілетін орны (fascia temporalis); екіншісі - самай 
бұлшықетінің (m. temporalis), бекінетін орны болып табылады. 
Ішкі беті (facies interna) немесе (facies cerebralis) ойыс. Онда әлсін көрінетін іргелес ми 
рельефінің әлсіз айқындалған саусақ батынқылары (impressiones digitatae) мен милық 
көтеріңкілер (juga celebralis), және ағаш тәрізді артериялық ойықтары (sulci arteriosi) бар. 
Сүйектің ми сауытына қараған бетінің жоғарғы жиегінің бойында жоғарғы сагиттальды 
синусында толық емес ойығы бар (sulcus sinus sagitalis superioris). Ол басқа төбе сүйектің 
(оѕ раrіеtаlе) бірдей ойығымен толық ойықты құрайды. Сагитальды синустың (sulcus sinus 
sagittalis superior) тереңдігінде өрмек қабықшаның гранулярлы шұңқыршалар (fovealae 
granulares) іздері көрінеді. Сүйектің сол жоғарғы жиегінің артқы бөлігінде күшкентай төбе 
тесік (foranen parietale) орналасқан. Ми сауытына қараған беткейде артқы-төменгі 
(емізіктік) бұрышта (angulus mastoideus) көлденең жүлге (sulcus sinus sigmoidei) 
орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет