Ми сауытына қараған бетінде, оның сыртқы шетінде, самай сүйектің (os temporale) тасты
бөлігінің артқы бетінің төменгі жиегімен шектесетін, тастық қойнауының жүлгесі (sulcus
sinus petrosi inferioris) ораналсқан.
2) Шүйде сүйегінің бүйір бөліктері (partes laterales) біршама ұзарған, артқы бөліктерінде
қалыңдаған. Ол үлкен тесіктің (foramen magnum) бүйір бөліктерін құрап, алдыңғы
бөлігімен негізгі (pars basilaris), ал артында қабыршақты бөлігімен (pars squama occipitalis)
біріктірілген.
Әр бүйір бөліктің төменгі, сыртқы, беткейінде сопақша пішінді айдаршық (condylus
occipitalis) орналасқан. Айдаршықтардың үстінде айдаршық үсті шұңқыры (fossa
condylarlis). Aйдаршық үсті шұңқырының (fossa condylaris) түбінде айдаршық өзегі
(canalis condylaris) бар. Әр бүйір бөліктің (pars laterales) латералды шетінде мойындырық
тілік (incisura jugularlis), орналасқан. Мойындырық тіліктің артында мойындырықтық
өсінді (processus jugularis) орналасқан. Оның негізінің сыртқы бетінде кішкентай
емізіктәрізді өсінді (processus paramastoideus) орналасқан.
Бүйір бөлігінің ми сауытына караған беті сырткы бетіне қарағанда тегістеу.
Мойындырықтық өсіндінің артында сигматәрізді койнаудың жүлгесі (sulcus sinus
sigmoidei), алдында мойындырыктық төмпешік (tuberculum jugularis) орналасқан.
Мойындырыктык төмпешік пен сыртында орналаскан айдаршыктың терең кабатында,
горизонталді бағытта, XI жұп тіласты ми нервінін өзегі (саnalis hyрoglossalis) орналаскан.
3) Қабыршақты бөлігі (pars squama occipitalis) үлкен тесіктің (foramen magnum) артқы
жағынан шектейді және шүйде сүйегінің көп бөлігін құрайды. Бұл ішкі, ми сауытына
қараған бөлігі, ойыстау және дөңес сыртқы беті дөңес, кең, қисық, үшбұрышты тақта.
Достарыңызбен бөлісу: