2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Төбе сүйегінің (оѕ раrіеtаlе) 4 жиегі



Pdf көрінісі
бет23/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Төбе сүйегінің (оѕ раrіеtаlе) 4 жиегі:
1) Маңдай жиегі (margo frontalis) 
2) Cагитальді жиегі (margo sagittalis) 
3) Шүйделік жиегі (margo occipitalis)
4) Қабыршақты жиегі (margo squamosa)
Жиектерге сәйкес 4 бұрышы бар: 
1) Маңдайлық бұрышы (angulus frontalis) 
2) Сына тәрізді бұрышы (angulus sphenoidalis)
3) Шүйделік бұрышы (angulus occipitalis)
4) Емізіктік бұрышы (angulus mastoideus) 
Алдыңғы, маңдай жиегі (margo frontalis) тістелген. Ол маңдай сүйегінің (os frontale) 
қабыршақтарының төбе жиегімен жалғасып, тәждік жікті (sutura coropalis) құрайды.


Жоғарғы, сагиттальды жиек (margo sagittalis) түзу, қатты тістелген, қалғандарына 
қарағанда ұзын, басқа төбе сүйектің сол шетімен қосылып, сагитальдық жік (sutura 
sagitialis) түзеді.
Артқы, шүйделік жиегі (margo occipitalis), тістелген, самай сүйегінің (os temporale) ламбда 
тәрізді шетінен жалғасып, ламбдатәрізді жік (sutura lamboide) түзеді. Төрт шеті бойынша 
париетальды сүйектің төрт бұрышы болады. 
Төменгі қабыршақты шеті (margo squamosa) үшкір, доға тәрізді. Оның алдыңғы аймағын 
сына сүйектің (os sphenoidale) үлкен қанатының жоғарғы жиегінің артқы бөлігі жауып 
тұрады. Одан әрі артқа, самай сүйегінің қабыршақты бөлігі (pars squamosa) жиегімен 
(margo parietalis) орналасқан. Ең артқы аймақ самай сүйектің емізік тәрізді өсінді 
(processus mastoideus) тістермен байланысады. Осы үш бағытқа сәйкес үш жік пайда 
болады: қабыршақтық жік (sutura squamosa), емізік-төбе жік (sutura parietomastoidea) және 
сына-шеке жігі (sutura sphenoраrіеtаlis).
Алғашқы үш жиегі кетіктелген , ал соңғы жиегі қабыршакты жік түзуге бейімделген.
Алдыңғы-жоғырғы, маңдай бұрышы (angulus frontalis) тік бұрышқа жақындайды (тәждік 
және сагитальды жіктермен шектеледі).
Алдыңғы-төменгі, сына тәрізді бұрыш (angulus sphenoidalis) өткір (тәжді және сына-шеке 
жіктермен шектелген).
Артқы-жоғарғы, шүйделік бұрышы (angulus occipitalis) доғал ( және сагиттальды 
тігістермен шектелген). Артқы-төменгі, емізіктік бұрыш (apgulus mastoideus) шүйделік 
бұрыштан доғал (ламбда және емізік-төбе жіктермен шектелген). Оның алдыңғы аймағы 
самай сүйегінің төбе ойығын (incisura parietalis) толтырады.
Төрт бұрышының алдыңғы медиалдысы angulus frontalis - маңдай сүйегімен алдыңғы 
латералдысы angulus sphenoidalis сынатәрізді сүйекпен, артқы медиалдысы angulus 
occipitalis - шүйдемен және артқы латералдысы angulus mastoiodeus самай сүйегінің 
емізіктәрізді өсіндісінің негізімен байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет