2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ал келесі топ бұлшықеттеріне



Pdf көрінісі
бет97/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Ал келесі топ бұлшықеттеріне 
А) Таңдай-тіл бұлшықеті m. palatoglossus, жұмсақ таңдайдан бастап, таңдай-тіл доғасымен 
түсіп, тілдің бүйір қабырғасында m. transversus linguae-ге айналып аяқталады. Бұл кезде 
arcus palatoglossus керіліп, жұтқыншақ тесігі тарылады. 


Б) Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті, m. palatohparyngeus, жұмсақ таңдай мен hamulus 
pterygoideus-тен басталып, қалқанша шеміршегінің артқы жиегі мен жұтқыншақтың 
қабырғасында аяқталады. Таңдай пердесін төмен, ал жұтқыншақты жоғары қарай 
тартады,сол кезде жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабыстырады. 
Жұмсақ таңдайдың шырышты қабығының мұрын қуысына қараған беті кірпікшелі 
эпителийден тұрса, ауыз қуысы беті көпқабатты эпителийлі болып келеді.
88.Тіл, құрылысы, қызметі.
Уникальность 100 
Тіл lingua грекше glossa деп аталады, ауыз қуысының түбінде орналасқан көлденеі 
бұлшықетті мүше. Фуекциясы:сілекей бездеріне шыланған тамақты жұтқыншаққа қарай 
өткізу, сөйлеуге қатысу және дәмдерді. Тіл үш бөліктен: тілдің ұшы,денесі,түбінен apex 
linguae, corpus linguae, radix linguae тұрады.Сонымен қатар, тілдің дорзалді бетін,dorsum 
linguae, бүйір жиектері,төменгі бөліктері болады 
Тілдің шырышты қабығы көпқабатты эпителийден құралған.осы шырышты қабықтарда 
папиллалар орналасқан. Осы бүртіктер тағамның дәмін сезу, әртүрлі рецепторларды 
ауырсыну,суық,ыстықты сезу қызметін атқарады. 
1.Тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктер, papillae filiformes et papillae conicae – 
тілдің едауір бөлігін алып жатады. Яғни, тілдің дорзалды бетін және тілдің ұш жағынан 
бастап, түбіне дейінгі аралықты қамтиды.Осы дорзалды беттің бархыттәрізді болуы осы 
айтылған бүртіктердің болуынан болады.Қызметі: жалпы сезімдерді яғни ыстық пен суық 
ауыру сезімдерін қабылдау қызметін атқарады. 
2.Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformes шашыранды түрде тілдің арқашығы 
мен бүйір жақтарында орналасады, ал топтасу арқылы тіл ұшында орналасады.Бұл 
бүртіктер түсі қызылболып келеді, себебі бұл бүртіктерде қан тамырлар беткей 
орналасады. Қызметі: тағамның тәтті және қышқыл дәмдерін сезіну қызметін атқарады. 
3.Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae 7-12-дей шамасында болады. Сонымен қатар, 
бұл бүртіктердің ұш жағында дәм сезгіш рецепторлар орналасады. Қызметі: дәмдерді сезу 
қызметтерін атқарады. 
4.Жапырақтәрізді бүртіктер, papillae foliatae тілдің бүйір қабырғаларын құрауға қатысады. 
Қызметі: тағамның тұзды және тәтті сезімдерді қабылдау қызметін атқарады. 
Тілдің төменгі бетіндегі шырышты қабығы тегіс, екі жүлгесі бар, олар ауыз қуысының 
түбіне өткенде тіл жүгеншігін,frenulum linguae түзеді. Жүгеншіктердің жанында
симметриялы орналасқан, тіласты және төменгі жақсүйекасты сілекей бездерінің түтіктері 
ашылатын тіласты бүртігі, caruncula sublingualis жайғасқан. Тіласты бүртігінің артында 
ұзына бойлы, өзіне сәйкес тіласты жүлгелері, plicae sublingualis жатыр. 
Тілдің бұлшықеттері, musculi linguae адам еркіне сай жиырылатын көлденең-жолақты 
бұлшықеттерден тұрады.Бұл бұлшықеттер 2-ге скелеттік және меншікті болып бөлінеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет