2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет94/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Тіл lingua-
асты араластыруға, жұту актісіне және дыбыс қалыптастыруға қатысатын
бұлшықетті ағза. Тілдің алдыңғы бөлігі ұшы apex lingua, артқы бөлігі түбірі radix
lingua, деп аталады ал екеуінің арасында денесі corpus lingua орналасқан. Тіл асыт 
араластыруға, тамақты жұту актісі кезінде аран арқылы жұткыншакка өткізіп және де 
дыбыс қалыптастыруға қатысатын және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. 
Тістер dentes ,
қызылиектердің жоғарғы жиектерінің бойымен , жоғарғы және төменгі 
жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан . Тістер ауыз қуысынан шырышты 
қабығының түрі өзгерген бүртіктері . Тістер үздіксіз қосылыстар – қағу арқылы 
түбірлерімен козғалыссыз , ұяшықтарда бекіген . Тістердің қызметі асты бөлу, шайнау , 
майдалау , сөйлеуді қалыптастыру және дыбыстардың дұрыс айтылуына мүмкіндік 
туғызу. Ересек адамдардын калыпты тістер саны 32. Ал алғашкы сүт тістер 6 айда 
шығады, ал 5 жастан бастап түсе бастап, олардың орнын тұрақты тістер алмастырады . 
Ауыз бездері glandulae oris- ауыз қуысында сілекей өндіруге қатысады. Жұп үлкен 
glandulae salivariae majores, ( шықшыт, тіласты, төменгі жақсүйекасты ) және кіші
сілекей бездеріне бөлінеді. Үлкен сілекей бездері ауыз қуысынан шет орналасады. 
Кіші сілекей бездері (glandulae salivariae minores)-ауыз қуысының шырышты және 
шырышасты негізінде орналасқан, олардың көлемі 5мм-ге дейін.
85.Тістер : сүт тістер, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы. 
Жалпы, тістер өзіне тән құрылысы, пішіні және нерв аппараттары мен қан тамырлары бар 
мүше. Тістер ( dentes ) , қызылиектердің жоғарғы жиектерінің бойымен , жоғарғы және 
төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан . Тістер ауыз қуысынан 
шырышты қабығының түрі өзгерген бүртіктері . Тістер үздіксіз қосылыстар – қағу арқылы 
түбірлерімен козғалыссыз, ұяшықтарда бекіген. Негізігі қызметтері тағамды механикалық 
өңдеп, сөздің анық шығуына, артикуляциясына қатысады. Адамның бет пішінінің 
құрылысын қ сақтап тұрады. Яғни тістер шайнау және сөйлеу аппаратының негізгі бөлігі 
болып саналады. . Ересек адамдардын калыпты тістер саны 32. Ал алғашкы сүт тістер 6 
айда шығады, ал 5 жастан бастап түсе бастап, олардың орнын тұрақты тістер 
алмастырады. 
Кез келген тісте тіс сауытын corona dentis, мойнын cervix dentis және түбірін radix dentis 
ажыратамыз. Тіс сауыты ( corona dentis ) қызылиектің үстінде орналасқан көлемді бөлігі. 
Әрбір тістін 5 беткейі болады. 1) ауыз кіреберісіне қараған, кіреберістік беті, facies 
vestibularis, ол алдыңғы тістерде еріннің шырышты қабығымен, ал артқы тістерде ұрттың 


шырышты қабығымен жанасады. 2) ауыз қуысына қараған тілдік беті, facіes lingualis. 3) 
және 4) өз қатарындағы көршілес тістермен түйісу беті, facies contactus .Тістер доғасының 
орталығына қарама-қарсы жаққа бағытталған түйісу беттері дисталды, facies distalis, деп 
аталады. Алдыңғы тістерде бүл бет латералды, ал артқы тістерде - артқы болып табылады; 
5) ; жоғарғы және оған сәйкес төменгі тістердің бір - бірімен жаласатын шайнау беті, 
facies occlusalis аталады. 
Тіс мойыны, collum dentis, тіс сауыты мен түбірінін аралығындағы бөлік. 
Тіс түбірі (radix dentis) тіс ұяшықтарында, яғни жоғарғы жаксүйек пен төменгі 
жаксүйектің үяшықтық өсінділерінде, alveoli dentales, орналасқан. Түбір саны 1 -ден 3-
дейін . Әр түбір өзі аттас тесігі бар ұшымен ( арех radix dentis) аяқталады . Тіс ұшының 
тесігі ( foramen арiсis dentis ) аркылы , тіс куысын толтырған тіс ұлпасына ( pulpa dentis ) 
баратын артериялар , веналар және нервтер кіреді . 
Қызылиек пен тіс мойнының аралығында калташалар орналаскан. Тіс сауыты ішінде тіс 
қуысын ( cavitas dentis ) және тіс түбірінің өзегіне ( canalis radicis dentis ) жалғасып, тіс 
ұшының тесігімен, foramen apicis dentis, аяқталады. Tic қуысының ішінде тісті 
кандандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсак заты, pulpa dentis, орналаскан.
Tic құрылысына тоқталсам, тістің негізгі құрастырушы бөліктері кіреуке (enamelum ), 
дентин (dentinum) және цемент (cementum). Тістің басты бөлігін дентин құрайды , сауыты 
( corona ) кіреукемен , ал түбірі ( radix ) цементпен капталған. Дентин, dentinum тіс 
қуысының сыртқы бетін қоршап орналасқан бастапқы тін. Онда қантамырлар мен нервтер 
орналасады. Тісті қоректіндіріп отырады. 
Жалпы, адамдарда төрт түрлі тісті ажыратамыз: күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен 
азу тістер. Тістердің сырткы пішіндерінің әртүрлі болып келуі сырткы ортада өмір сүріп, 
алуан түрлі коректі заттармен коректенуіне тікелей байланысты. Мысалы: күрек тістер 
тамақты тістеу үшін керек болады. Ит тістер қорғаныштық қызмет атқару үшін, кіші және 
үлкен азу тістер шайнау, ұнтактау кызметін атқарады.Тістер ауыз қуысында жоғарғы және 
төменгі қатарлар түзіп , симметриялы орналасады . Әр қатарда 16 тістен орналасқан . 
Сагитталды жазықтықта әр қатар тепе-тең оң және сол бөліктерге бөлінеді . Әр бөлiк 8 
тістен тұрады яғни 2 күрек тіс , 1 ит тіс , 2 кiшi азу тіс және 3 үлкен азу тіс. 
Ал тістер эмбрионалдық дамуына байланысты сүт тістер dentes decidui және тұрақты 
тістерге dentes permanentes бөлінеді.
Ересек адамдардың тұрақты тістерінің формуласы
3212 2123 
3212 2123 
Сүт тістердің dentes decidui жалпы саны-20. Көлемі түрақты тістерге қарағанда екі есе кіші 
боп келеді. Сүт тістер нәрестелерде 5-7 айда шығып, 2-3 жасқа дейін 20- тіске дейін толық 
шығып бітеді. Сүт тістер алдымен күрек тістер, одан кейін алдыңғы үлкен азу тістер, ит 
тістер, ең соңында екінші үлкен азу тістер шығады. Үш жастан бастап жеті жасқа дейінгі 
аралықта сүт тістер кездеседі. 
Сүт тістерде кіші азу тістер мен үлкен үшінші азу тістер болмайды. Сүт тістердің 7-8 
жастан бастап тұрақты тістерге алмасады, ал өсууі 17-21 жаста аяқталады. Үшінші үлкен 
азу тіс немесе ақыл тіс деп айтамыз, ол 17-26 жас аралығында шығады.


Сүт тістердің формуласы: 2012 2102 
2012 2102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет