2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет95/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Күрек тіс,
кіші және үлкен азу тістер бір - бірінен пішіні мен түбір сандары арқылы 
ерекшеленеді. Күрек тістер ( dentes incisivi ), жіңішке жиекті , күрек тәрізді сауыты бар, 
кесетін беті өткір, бір түбірлі. Сауытының сыртқы пішіні күрекке ұқсағандықтан солай 
аталды. Жоғарғы жақсүйек күрек тістердің көлемі төменгі күрек тістеріне қарағанда 
үлкендеу. Күрек тіс медиалді, латералді екі тістен тұрады.
Ит тістер
( dentes canini ), сауыты үшкір ұшы бар конус тәрізді , түбірі жалғыз , өте ұзын . 
Кейде екі түбірлі немесе ұштары екіге айырылған болуы мүмкін . Ит тістер негізіннен 
корғаныштык немесе жырту қызметін атқарады.
Кіші азу тістер
( dentes premolaris ) -сауыты сопақша пішінді. Олар ит тістердің артында 
орналаскан екі тістен тұрады. Шайнау беттерінде екі шайнау төмпешіктері бар. Түбірі 
біреуі не болмаса , ұшында екіге айырылуы мүмкін. Бұл тістің қызметі асты уатып 
ұнтактап, езу. 
Үлкен азу тістер
( dentes molares ) -сауыты кубтәрізді. Олар кіші азу тістің артында 
орналаскан 3 тістерден тұрады. Көлемі алдынан артына карай кішілеу орналаскан. Сонғы 
үшінші азу тіс 17-18 жаста шығып, ақыл тіс, dens serotinus деп аталынады. Үлкен азу 
тістердің шайнау төмпешіктері бар. Төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің 
кабысуын тістеу деп атайды. Екі түбірлерден тұрады. Жоғарғы жақ-сүйектің үлкен азу 
тістерінің сауытынын кабысу беттері н әрпіне ұқсап орналасқан салалар арқылы бірнеше 
төмпешіктерге бөлінген. Сонымен қоса жоғарғы азу тістер түбірінің жалпы саны үшеу. 
Негізгі қызметі тамақты ұнтақтап езу. Қалыпты тістеуде жоғарғы жаксүйек тістері 
төменгілерді жауып тұратыны байқалады.
86. Араң туралы түсінік, шекаралары. Лимфа-эпителиалді сақинасы, құрылысы, 
қызметі.
100%
 
Ауыз қуыын жұтқыншақпен байланыстыратын тесік аран fauces деп аталады. Біз 
білетіндей ауыз қуысының артқы қабырғасы жоқ яғни сол жерде араң орналасады. Оның 
бүйір жағын таңдай доғалары arcus palatoglossus және arcus palatopharyngeus құрайды. Бұл 
доғалар аттас бұлшықеттерден түзілген. M.palatoglossus жұмсақ тағдай мен тіл түбірін 
байланыстырады. Жиырылуы кезінде аран тарылады. жоғарғы жағынан жұмсақ 
таңдаймен palatum molle төменгі жағынан тіл түбірімен шектелген. Негізі қызметі: ауыз 
қуысына түскен одан езіліп, сілекей арқылы шыланған, жартылай химиялық ыдырау 
процесінен өткен тамақты жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне pars oralis өткізу болып 
табылады. 
Жұтқыншаққа апаратын ауыз қуысы мен мұрын қуысында көптеген лимфоидты тіндерден 
тұратын бадамшалар орналасқан. Бадамшалардың жұп және тақ түрлері кездеседі. Олар 
бір-біріне жақын орналасып, жиынтық құрап лимфа-эпителиалді сақинаны, автор 
бойынша Пирогов-Вальдейер сақинасын түзеді. Жалпы бадамшала латынша tonsilla деп 
аталады.
Таңдай бадамшасы tonsilla palatina- жұп бадамша боп табылады. Ауыз қуысын 
қарастырған кезде таңдай-тіл доғашықтарын arcus palatoglossus пен таңдай-жұтқыншақ 


доғалары arcus palatopharyngeus арасында бадамша шұңқыры fossulse palatina бар екенін 
қарастырған болатынбыз. Таңдай бадамшасы сол бадамшалар шұңқұрында жатады. 
Тіл бадамшасы, tonsilla lingualis, ол тіл түбі мен epiglottis-тің, аралығында орналасады. 
Түтік бадамшасы, tonsilla tubaria, ол есту түтігінің тесігі мен таңдай перердесі арасында 
орналады және жұп болып келеді. 
Жұтқыншақ бадамшасы, tonsilla phayngealis оны кейде аденоидты деп те атайды. 
Жұтқыншақтың pars nasalis-тің жоғарғы қабырғасының артқы қабырғаға өткен жерінде 
орналасқан. Сонымен қатар, бадамшалар иммундық жүйенің шеткі бөлігіне жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет