2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Сегізкөз сүйегінің анатомиясы



Pdf көрінісі
бет10/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

6.Сегізкөз сүйегінің анатомиясы
Уникальность: 100% 
Сегізкөз сүйегі(os sacrum) -5 сегізкөз омыртқаларының бірігуінен құралған. Біріккен 
жерлерінде көлденең сызықтар(lineae transverae) пайда болған. Негізі(basis), ұшы(aapex), 
жамбастық беті(facies pelvina) және артқы(дорсальді) беті(facies dorsalis sacris) бар. 
Көлденең сызықтардың бүйір жақтарында сегізкөз тесіктері немесе жамбастық сегізкөз 
тесіктері(foramina sacralia anterior) бар. Дорсальді бетінде өсінділердің бірігуінен қырқалар 
пайда болған(жұп және тақ), атап айтар болсақ, қылқанды өсінділерінің бірігуінен 
ортаңғы қырқа(crista sacralis mediana) пайда болады, бұл тақ қылқан. Жоғарғы және 
төменгі буындық өсінділердің бірігуінен екі жұпаралық қырқа(crista sacralis intermedia), ал 
көлденең өсінділердің бірігуінен латеральді қырқа(crista sacralis lateralis) пайда болады, 
соңғы екі қырқа жұп қырқалар. Омыртқа тесіктері бірігіп, сегзікөз өзегін құрайды. Ол 
сегізкөз саңылауымен аяқталады. Саңылаудың жан-жағында сегізкөз мүйісі бар. Жамбас 
сүйектерінің қылқанды сүйектерімен байланысатын құлақ тәрізді беті бар. Бұдырлары 
бар, бұл бұдырларға бұлшық еттер бекиді.


7. Қабырғалар, құрылысы, І, ХІ, ХІІ қабырғаларыдың ерекшеліктері
  
Уникальность: 90% 
Қабырға (costae) жалпақтау және жіңішке келген сүйектер. Кеуде қуысына қарай иіліп, 
симметриалы орналасқан. Қабырға: ұзындау сүйектік және қысқалау шеміршектік 
бөліктен тұрады. Сүйектік бөлігі: омыртқалық және қабырғалық ұшынан және денесінен 
тұрады. Қабырғаның омыртқалық ұшы: басынан, мойнынан және төмпешігінен тұрады. 
Қабырғаның басында (caput costae) кеуде омыртқасының қабырғалық шұңқыршаларымен 
беттесетін буын беттері болады, facies articularis capitis costae. 2-10 қабырғалардың 
омыртқалық ұшындағы басында горизонталь орналасқан қырқа(crista capitis costae) 
болады. Ол жаңағы буын беттерін улкен және кіші буын бетіне бөледі. Мойнында(collum 
costae) сүйектің жіңішке бөлігі. 1 және 12ші қабырғалардан басқа қабырғаларда, олардың 
жоғарғы бетінде мойын қырқалары (crista colli costae) орналасқан. Қабырғаның төмпешігі 
( tuberculum costae) жоғарғы 10 шы қабырғаның маңында орналасқан. Қызметі кеуде 
омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалармен буын құрау.Қабырғалардың 
денесі(corpus costae) қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік ұшының арасындағы бөлімі. 
Денесі қабырғаның сүйектік бөлігінің ұзын бөлімі. Денесінің омыртқалық ұшымен 
жалғасқан жерінде қабырғаның бұрышы(angulus costae) орналасқан. Қабырғалық бұрышы 
1ші қабырғаның төмпешігінің маңында ,ал қалған қабырғаларда 11 қабырғаға дейін
төмен, латеральді бағытта ауытқып орналасқан. 11 және 12ші қабырғаларда 
дамымаған.Қабырғалардың денесі жалпақтау әрі сагиталь жазықтықта орналасқан. 
Қабырғаның дөңестеу сыртқы беті және ойыстау ішкі беті ажыратылады. Сонымен қатар 
доғалдау жоғарғы қыры және өткірлеу төменгі қыры бар. Ішкі бетінің төменгі жиегінде 
нервтер мен тамырлар өтетін қабырғаастылық жұлгелер(sulcus subcostalis) орналасқан. 
Қабырғаның шеміршектік ұшы( cartilago costalis) сүйектік бөліктің жалғасы. Шеміршектік 
ұшы 1 қабырғадан 7ші қабырғаға дейін ұзарған және төспен тікелей байланысқан. 1-7-
негізгі қабырғалар(costae verae), 8-10-жалған қабырғалар(costae spuriae), 11-12-қозғалмалы 
қабырғалар(costae fluctuantes) деп аталынады. Қозғалмалы деп аталыну себебі, олардың 
шеміршекті ұшы төске жетпей құрсақ бұлшықетінің арасында орналасқан. 8,9,10 
қабырғаларының ұштары төске жетпей бір бірімен қабырғаның доғасын(arcus sterni costae) 
құрайды.
Қабырғалардыі ішінен 1,2 және 11,12 қабырғалар өзгешелеу болып келеді. 1қабырға(costa 
prima) жалпақ, қысқа, горизонтальды орналасқан. Оның басы, мойыны және төмпешігі 
жақсы дамыған. Басының буын беті толық, қырқасы болмайды. Денесінің бұдырлау 
жоғары беті және тегістеу төменгі беті ажыратылады. Сонымен қатар дөңестеу сыртқы 
жиегі және ойыстау ішкі жиегі бар. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы 
бұлшықеттің бекитін төмпешігі бар. Төмпешіктің алдында бұғанаасты вена жүлгесі(sulcus 
v. Subclaviae) және артында бұғанаасты артерия жүлгесі (sulcus a. Subclaviae) болады. 2 
қабырға(costa secunda) сагитальды және горизонтальді жазықтықтар арасында орналасқан. 
Денесінің бұдырлау сыртқы беті және ойыстау ішкі беті ажыратылады. Сыртқы бетінде 
алдыңғы тісті бұлшықеттің бұдыры(m. Serattus anterior) бар.11,12 қабырғалар қозғалы деп 
аталады. Буын беті толық, қырқасы болмайды. Мойыны, төмпешігі және бұрышы нашар 
дамыған. Сыртқы пішіні қылышқа ұқсайды.
Қабырғалардың қызметі. Қабырғалар қорғаныс қызметін атқарады. Олар кеуде қуысында 
сыртқы жарақаттан өкпені, жүректі, үлкен тамырларды және басқа мүшелерді 
қорғайды.Каркастытық қызмет – яғни кеуде қуысы кеуде қуысындағы барлық мүшелерді 


дәл солай ұстайды, мысалы, жүректің қандай-да бір бағытта қозғалуына немесе өкпеге 
түсуіне жол бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет