2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың



Pdf көрінісі
бет71/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   199
63.Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың 
практикалық маңызы
. (уник-89,90) 
Мойынның бірнеше қабықаралық кеңістіктері ажыратылады. Әрқайсысына тоқталып 
өтетін болсам: 
1. Сатыалды кеңістігі
- spatium antescalenum деген атау алады.Оның шекаралары: 
алдында - mm.sternohyoideus, sternothyroideus; артында - m.scalenus anterior; төменде - 
costa I (sulcus v.subclaviae); ал кеңістіктегі құрылымдар - v.subclavia шекаралас болып 
келеді. 
2. Сатыаралық кеңістік
, spatium interscalenum деп аталады.Оның шекаралары: алдында - 
m.scalenus anterior; артында - m.scalenus medius; төменде - costa I (sulcus v.subclaviae); 
ал,кеңістіктегі құрылымдар: a.subclavia; plexus brachialis шектеледі. 
3. Төменгі жақсүйек асты кеңістігі
- spatium submandibulare. Оның шекаралары: 
- латералді: f.cervicalis propria-ның тіластыүстілік бөлігінің беткей табақшасы; 
- медиалді: f.cervicalis propria-ның терең табақшасы; 
- жоғарыда: corpus mandibulae 
- кеңістіктегі құрылымдар: gl.submandibularis; шелмай; лимфа түйіндері, a. еt v.facialis. 
4. Төменгі жақсүйек арты шұңқыры
, fossa retromandibularis. Оның шекаралары: 
- артында: processus mastoideus et m.sternocleidomastoideus; 
- жоғарыда: meatus acusticus externus; 
- алдында: ramus mandibulae-нің артқы жиегі; 
- медиалді: processus styloideus және оның бұлшықеттері. 
- шұңқырдағы құрылымдар: gl.parotidea; a.temporalis тармақтары; plexus parotideus
n.facialis 
Мойынның шандыр қабықтарына тоқталатын болсам... Мойын аймағында беткей , 
меншікті және мойынішілік шандырлар болады.
- Мойынның беткей шандыры - f.cervicalis superficiali деп аталады. 


2. Мойынның меншікті шандыры
, f.cervicalis propria, екі бөліктен тұрады: 
тіластыастылық және тіластыүстілік. Тіластыастылық бөлігі 3 табақшадан тұрады: 
1) Мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы, lamina superficialis f.cervicalis 
propria, бұғаналардың алдыңғы беттері мен төс тұтқасынан басталып тіласты сүйегіне 
дейін барады, төс-бұғана-емізік бұлшық етін қаптап жатады; 
2) Мойынның меншікті шандырының кеңірдекалды табақшасы, lamina pretrachealis 
f.сervicalis propria; жауырын-бұғана апоневрозы, aponeurosis omoclavicularis; бұғаналар 
мен төс тұтқасының артқы беттерінен басталып, тіласты сүйегіне дейін барады, тіласты 
сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттерді жауып жатады. 
3) Мойынның меншікті шандырының омыртқаалды табақшасы, lamina prevertebralis 
f.cervicalis propria, бассүйек негізінен басталып, ІІІ кеуде омыртқасының денесіне дейін 
барады; латералді жағында ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекитін де, 
мойынның терең бұлшықеттеріне сүйекті-талшықты құндақ түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет