2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Иықтың бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі



Pdf көрінісі
бет74/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

 
65. Иықтың бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі, 
шекаралары, құрамы. 
(уник-90,34) 
Эмбрионалдық даму кезіндегі бастапқы классикалық қарапайым орналасуын сақтай 
отырып, иық буыны мен шынтақ буынын қозғалысқа келтіруші алдыңғы және артқы 
бұлшықеттерге ажыратылады. 
Иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобын мына бұлшықеттер құрайды.Әрқайсысына 
тоқталып кетсем: 
- Иықтың екі басты бұлшықеті - m. biceps brachii деп аталады.Оның басталатын жері - 
caput longum; tuberculum supraglenoidale scapulae; caput breveprocessus coracoideus scapulae, 
ал бекитін жері - tuberositas radii болып саналады.Оның атқаратын функциясы - иық пен 
білекті бүгу; білекті сыртқа айналдыру (шартты супинатор – Пирогов апоневрозы 
есебінен). Иық өрімі бұлшықеттерілік нервімен - n.musculocutaneus нервтендіріледі. 
- Құстұмсық-иық бұлшықеті - m. Сoracobrachialis деген атаумен аталады.Оның басталатын 
жері - processus coracoideus scapulae, ал бекитін жері - humerus (ортаңғы үштен біріне) 
болып табылады. Оның функциясы: иықты бүгу болып келеді. Бұлшықеттік-терілік нерв – 
n.musculocutaneus нервтендіріледі. 
- Иық бұлшықеті - m. Brachialis деп аталады. Оның басталатын жері - humerus (төменгі 
және ортаңғы үштен бірі), ал бекитін жері - tuberositas ulnae болып саналады.Функциясы : 
шынтақ буынында бүгу. Иық өрімі бұлшықеттік нервімен - n.musculo-cutaneus 
нервтендіріледі. 
Иық бұлшықеттерінің артқы тобын құрайтын бұлшықеттерге тоқталатын болсам... 
- Иықтың үш басты бұлшықеті - m.triceps brachii деп аталады. Оның басталатын жері - 
caput longum – tuberculum infraglenoidale scapulae; caput laterale – humerus-тің артқы-
латералді беті: caput mediale - humerus-тің артқы беті болса, бекитін жері – olecranon 
болып табылады. 
Функциясы:
шынтақ буынын жазу, ұзын басы – иық буынын жазу және тұлғаға әкелу. Ол 
кәріжіліктік нерві – n.radialis-пен нервтендіріледі. 


- Шынтақ бұлшықеті - m.anconeus деп аталады.Оның басталатын жері - epicondylus 
lateralis humeri болса, ал бекитін жері – olecranon болып келеді. 
Атқаратын функциясы: шынтақ буынының жазылуын қамтамасыз ету. Ол кәріжіліктік 
нервпен нервтендіріледі. 
Айтып өтетін ақпарат, кәрі жілік нерві өзегімен иықтың және білектің артқы топтың 
бұлшықеттері нервтендіріледі. Мысал келтірсем: Иық-кәріжілік бұлшықеті - m 
brachioradialis, жазғыш білезік-кәріжілік ұзын бұлшықеті - m. extensor carpi radialis longus, 
жазғыш білезік-кәріжілік қысқа бұлшықеті - m. extensor carpi radialis brevis сияқты 
бұлшықет топтары осы кәріжіліктік нервпен нервтендіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет