2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Жұлынның қабықтары және қабықаралық кеңістіктері



Pdf көрінісі
бет176/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

160.Жұлынның қабықтары және қабықаралық кеңістіктері. 
Текст.ру 82,88 
антиплагиат.ру 95,84 
Жұлынның қабықтарын meninges spinalis деп атайды. Жұлында 3 қабығы болады. Олар 
қатты қабық dura mater, торлы қабық arachnoidea, жұмсақ қабық pia mater. Қабықтар 
арасында қабықаралық кеңістік болады. Ол эпидуральді кеңістік, субдуральды кеңістік, 
торлы қабықастындағы кеңістік. 
Жұлынның сыртындағы қабығы қатты қабық dura mater spinalis. Ол сүйек қабығымен 
тығыз жанаспайды. Олардың арасында эпидуральді кеңістік cavitas epiduralis болады. 
Эпидуральді кеңістік майлы және борпылдақ дәнекер тіннен тұрады. Ол кеңістікте 
шелмай мен веналық өрімдер бар. Бұл өрімге жұлын мен омыртқалардан веналық қан 
құйылады.
Келесі қабық жұлынның торлы қабығы arachnoidea spinalis. Ол жұлынды жеңіл ғана 
қаптап жатады. Қатты қабық пен торлы қабық арасында субдуралды кеңістік spatium 
subdurale орналасады. Ол дәнекертінді талшықтардың жіңішке будаларымен торланған 
саңылау болып табылады. Ал осы торлы қабық пен жұқа қабық арасында торлы 
қабықастындағы кеңістік cavitas subarachnoidalis орналасады. Ол кеңістікте жұлын-ми 
сұйықтығы liquor cerebrospinalis болады. Ол жұлын мен нерв түбіршіктерін қоршап 
тұрады. Осы түбіршіктер арқылы торлы қабық қатты қабықпен байланысады. Бұл 
сұйықтық ми мен мидың торасты кеңістіктеріндегі қарыншаларындағы сұйықтықпен ылғи 
қатынаста болады. 
Жұлынның жұмсақ қабығы pia mater spinalis ол жуан және мықты болады. Ол жұлынды 
қоршап тұрады. Бұл қабық сыртқы және ішкі табақшадан тұрады. Сыртқы табақша lamina 
externa тісті байламды құрайды. Ал ішкі табақша жұлын затына еніп тұрады. Бұл жұмсақ 
қабықта тамырлар бар, ал тамырлардың арасында периваскулярлы лимфалық кеңістік 
түзеді.
Қорытындылай келе, жұлынның 3 қабығы және 3 қабықаралық кеңістігі болады. 
Қабықтарына қатты, торлы және жұмсақ қабық жатады. Ал қабықаралық кеңістікке 
эпидуральді кеңістік, субдуральды кеңістік, торлы қабықастындағы кеңістік жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет