2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері



Pdf көрінісі
бет197/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

178.Мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері. 
Ми кабықтармен, meningeus, қоршалған. Үш қабықты ажыратады:
-Қатты қабық, dura mater, немесе фиброзды кабык, meninх fibrosa, ең сыртқы қабығы.
Мидың қатты, dura mater encephali, тығыз байланысқан дәнекер тінді құрылым. Ол екі 
жапырақшадан тұрады:


- Сыртқа жапыракша, lamina externa; 
- Ішкі жапырақша, lamina interna. 
Мидың қатты қабығының өсінділері болады: 
1) Ортаңғы мидың орағы, falx cerebri, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагиталді бағытта 
орналасады. Торлы сүйектен басталып, үлкен мидың орағы күмбезі орталык сызығы 
бойымен жоғарғы сагиталді койнаудың жалғасының жиектеріне, sulcus sinus sagittalis 
superioris, бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен ми шатырының жоғарғы бетімен үласады.
2) Мишық орағы, falх cerebelli, ортаңғы сызык бөлігімен шүйденің ішін бойлай, шүйде 
сүйегінің үлкен тесігіне дейін келіп, екі аяқшасымен тесікті қаусырады. Мишық орағы 
мишыктың артқы тілігіне мишықтың сыңарлары арасына еніп түрады.
3) Мишық шатыры, tentorium cerebelli, шатыртэрізді жоғары қараған сәл дөңес қабықша, 
артқы бассүйек шұңқырында керілген және үлкен мидың шүйделік үлесін мишыктан 
бөліп түрады.
4) Алдыңғы жиегі шатыр тесігін шектейтін шатыр тілігін, incisura tentorii, 
құрайды. Осы жерде мидың сабаулы бөлігі өтеді.
5) Ершік диафрагмасы, diaphragma sellae, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шүңқырдың 
үстінен шатыр секілді шектейтін табақша.
Мидың қатты қабығының қойнаулары: 
1) Жоғарғы сагиталді қойнау, sinus sagittalis superior, үлкен ми сыңары аралығының 
жоғарғы шекарасының көтеріңкі бөлігінде орналасады. 
2) Төменгі сагиталді қойнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми сыңарасының төменгі бөлігін 
көлбей орналасып, тік қойнауға келіп құйылады. 
3) Көлденең қойнау, sinus transversus, шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасқан. Ол ең ірі 
қойнаудың бірі болып табылады. Төбелік сүйегінің емізік бұрышында ол сигматәрізді 
қойнауына, sinus sigmoideus, ұласады. 
4) Тік қойнау, sinus rectus, мишык шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы 
сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына құйылады. 
5) Үңгірлі қойнау, sinus cavernosus, бұл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. 
Көлденең бөлігінде ол үшбұрыштәрізді болады, оның үш қабырғасы ажыратылады: 
жоғарғы, төменгі және ішкі.
6) Сына-тобелік койнау, sinus sphenoparietalis, жұп, сына сүйегінің кіші қанатына медиалді 
түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді. 
7) Жоғарғы тасты қойнау, sinus petrosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып 
табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау 
мен көлденең қойнауын байланыстырады. 
8) Төменгі тасты койнау, sinus petrosus inferior, үңгір қойнауынан шығып, шүйде сүйегі 
мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. 
9) Негіздік өрім, plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. 
Төменгі тасты қойнаудың бірнеше дәнекер тінді веналық тамырларының жабылуы 
арқылы құрылады. 


10) Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең 
койнаудан шығып, 2-ге тармақталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді 
қойнауға құяды. 
-Торлы қабық, arachnoidea, немесе сірлі қабық, meninх serosa.
Торлы қабық пен ми арасында саңылаутәрізді қатты қабықасты кеңістік болады, шамалы 
жұлын сұйыктығымен толтырылған. 
Торлы қабықтың ішкі беті миға караған. Ми денгейлерінің шығыңқы бөліктерінде мидың 
жұмсақ қабығымен тығыз байланысқан, алайда саңылау және жүлге артынан енбейді. 
Осылайша, мидың торлы қабығынан жүлгелері копір сияқты байланысады, ал бітісіп 
кеткен жерлер жок болса кеңістікте калып отырады. Олар торлы кабыкасты кеңістіктер 
деп аталады (cavitates subarachno ideale). Кей жерлерде бүл кеңістіктер біршама үлкен 
болып келеді және торлыасты цистерна, cisternae subarachnoideale, деп аталады, келесі ірі 
цистерналар бар: 
1. Мишық-ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ол мишық пен сопақша ми арасында 
орналасады.
2. Үлкен ми латералді шұңқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis, мидын латералді 
шұңқырына сәйкес орналасқан.
3. Аяқшаларарасы цистернасы, cisterna interpeduncularis, ми аяқшалары арасында 
орналасқан. 
4. Қиылысқан цистерна, cisterna chiasmatis, көру нервімен маңдай үлесі арасында 
орналасқан 
-Ортаңғы кабық, қатты қабық пен жұмсақ қабық аралығында орналасады. Жұмсак кабық, 
ріа mater, немесе тамырлы кабық, meninx vasculosa, ең ішкі қабығы. 
Мидың жұмсақ қабығы, ріа mater encephali, барлық жүлге мен саңылауға еніп, ми затын 
жауып тұрады. Мидың жұмсақ қабығы жұлынның жұмсақ қабығына қарағанда, жоғарғы 
мимен тығыз байланысты болып келеді. 
Қабықаралық кеңістіктері: 
Торлы қабық пен жұмсақ қабық арасында- субарахноидалді кеңістік Spatium 
Subarachnoidalis; 
Қатты қабық пен торлы қабық арасында- субдуралді кеңістік Spatium Subdurale ; 
Қатты қабық пен сүйек қабық арасында- эпидуралді кеңістік Spatium Epidurale бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет