2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Иық белдеуінің бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі



Pdf көрінісі
бет73/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

64.Иық белдеуінің бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі. 
(уник-100) 
Иық белдеу бұлшықеттері иық-қол және тұлға сүйектерін қозғалысқа келтіреді. Иық 
белдеу бұлшықеттері эмбрионалдық дамуы өзгеше бірнеше топ бұлшықеттерінен тұрады: 
1.Тұлғаның алдыңғы бөлігінен дамитын бұлшықет тобына – ромбтәрізді бұлшықет-
m.rhomboideus, жауырынды көтеруші бұлшықет-m.levator scapulae, бұғана астылық 
бұлшықет – m.subclavius, жауырын-тіласты бұлшықеті – m.omohyoideus жатады. 
2. Трункофетальді бұлшықет тобына – арқаның аса жалпақ бұлшықеті-m.latissimus dorsi 
және кейденің үлкен, кіші бұлшықеті – mm.pectorales major et minor жатады. 
Барлық иық бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis 
тармақтары арқылы жүзеге асады. 
Иық белдеуі бұлшықеттерінің орналасуы бойынша беткей және терең қабат бұлшықеттері 
деп жіктеледі: 
I. Беткей қабатына келетін болсам... 
- Дельтатәрізді бұлшықет, m. Deltoideus деп аталады.Оның басталатын жері – clavicula, 
acromion, spina scapulae болса, бекитін жері - tuberositas deltoidea humeri болып табылады. 
Функциясы: иықты бүгу және ішке айналдыру (алдыңғы будалары); иықты жазу және 
сыртқа айналдыру (артқы будалары); иықты әкету (ортаңғы будалары). 
II. Терең қабатына тоқталатын болсам... Оның өзі 2 топқа жіктеледі: 
1) Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер – mm.supraspinatus, 
infraspinatus, teres minor, teres major; 
2) Жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттер – m.subscapularis. 
1. Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер мыналар жатқызылады: 
- Қылқанүсті бұлшықет - m. Supraspinatus. Оның басталатын жері - fossa supraspinata, ал 
бекитін жері - tuberculum majus humeri (жоғарғы аймағы) болып саналады. Функциясы - 
иықты әкету. 
- Қылқанасты бұлшықеті - m. Infraspinatus деген атау алады. Оның басталатын жері - fossa 
infraspinata, ал бекитін жері - tuberculum majus humeri (ортаңғы аймағы) болып табылады. 
Ол иықты сыртқа айналдыру функциясын атқарады. 


- Кіші дөңгелек бұлшықет - m. teres major. Оның басталатын жері - fossa infraspinata 
(m.infraspinatus астында), ал бекитін жері - tuberculum majus humeri (төменгі аймағы) 
болып саналады. Оның функциясы - иықты сыртқа айналдыру. 
- Үлкен дөңгелек бұлшықет - m. teres major деген атауға ие. Оның басталатын жері - facies 
dorsalis scapulae (төменгі бұрышында), ал бекитін жері - crista tuberculi minoris humeri 
болып табылады.Ол иықты әкелу және ішке айналдыру функциясын атқарады. 
2. Жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттеріне жауырынасты 
бұлшықеті жатқызылады, 
- Жауырынасты бұлшықеті - m. Subscapularis деп аталады. Оның басталатын жері - fossa 
subscapularis, ал бекитін жері - tuberculum minus humeri болып келеді. Ол иықты әкелу 
және ішке айналдыру функциясын атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет