2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы



Pdf көрінісі
бет93/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

84.Ауыз қуысы, бөлінуі, шекаралары, құрамы. 
Жалпы бізде ауыз куысы cavum oris топографиялық орналасуына қарай ауыз кіреберісі 
vestibulum oris мен меншікті ауыз куысына cavum oris propria бөлінеді.
Ауыз кіреберісі деп сыртыннан еріндер мен ұрттар, ал іш жағыннан қызыл иек пен тістер 
арасындағы кеңістікті айтамыз. Ауыз кіреберісінің сыртқы кабырғасын жоғарғы және 
төменгі еріндер labium superior et inferior; бүйір кабырғасын ұрт, bucca; ішкі қабырғасын 
жоғарғы және төменгі жақсүйектерінің ұяшықтык өсінділері, тістер, тістердің қызыл 
иектері, gingivae, құрайды.
Еріндер (labia)-
қабысқанда шеттері езулермен rima oris аяқталатын, көлденең орналасқан
ауыз саңылауын rima oris шектейт ін бұлшықеттік қатпар. Еріннің көрінетін бетін жапқан 
тері ауыз қуысында шырышты қабыққа айналады. Жоғарғы ерін ұрттан еріндік жүлгемен 
шектелсе, төменгі ерін иектен иек-еріндік жүлге арқылы бөлінген. Еріндердің ішкі бетін 
түзген шырышты қабық қызылиектің шырышты қабығына өтеді осы өтудің нәтижесінде 
екі бойлық қатпарлар пайда болады-жоғарғы және төменгі ерін жүгеншігі frenulum labii 
superuoris et frenulum labii inferiorioris. Еріндердің шырышасты негізінде түтіктері
шырышты қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан. 
Ұрт, buсса,
ауыз кіреберісінің сыртқы бүйір қабырғасын құрауға қатысады сыртынан 
терімен ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған. Ұрт негізін ұрт бұлшықеті
m.buccinator түзеді. Ұрттың майлы денесі сору актісі толыққанды болу үшін тек қана
емшектегі балада жақсы жетілген, ұрттың шырышасты негізінде аздаған ұрттың 


бездер бар.Ұрттың шырышты қабығы қызылиектің gingiva шырышты қабығына 
жалғасады.
Қызылиек gingiva
-қалың тығыз шырышты қабықпен қапталған төменгі және
жоғарғы жақсүйектердің ұяшықтық өсінділері боп табылады. Қызылиектің ұшын, 
денесін ажыратамыз. Қызылиектің терең қабаты қантамырлар мен нервтерден және 
дәнекер тіндерінен тұрады. Қызылиек тістерде тіректік, қорғаныштық қызметін аткарып 
тұрады.
Ауыз куысының меншікті бөлігі cavum oris propria жоғарғы жағынан жұмсақ, катты 
таңдаймен, төменінен төменгі жақ-тіласты бұлшыкетімен, бүйірінен тістер мен 
қызылиектің аралығында қуыспен шектеледі. Сонымен қоса, ауыз қуысының кұрамына 
тіл мен тістер, бадамшалар және ауыз куысының сілекей бездері жатқызамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет